Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қарым – қатынастағы агрессия және конфликт

Автор:   •  Октябрь 5, 2023  •  Реферат  •  1,596 Слов (7 Страниц)  •  320 Просмотры

Страница 1 из 7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Механика - математика факультеті

[pic 1]

Реферат

Тақыры: « Қарым – қатынастағы агрессия және конфликт »

Орындаған: Мухтар Дариға Мухтарқызы

Тексерген: Қайратова Іңкәр Қайратқызы

2021-2022 жыл

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Конфликт туралы  жалпы  ұғымдар және конфликт түрлері
  2. Конфликт  себептері
  3. Конфликтті шешу жолдары
  4. Агрессия түрлері
  5. Қарым - қатынастағы агрессияның алдын алу
  6. Агрессияның пайда болуына әсер ететін әлеуметтік факторлар

Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі уақытта психологиялық әдебиетте қақтығыстар мәселесіне арналған жұмыстардың жеткілікті саны бар. Конфликт әлеуметтік-психологиялық мәселелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ бұл бағыттағы зерттеулер санының үнемі өсіп келе жатқанына қарамастан, ол негізінен шешілмеген күйінде қалып отыр. Отандық және шетелдік психология ғылымында қақтығыстардың табиғаты мен олардың әлеуметтік рөлі туралы әртүрлі көзқарастар бар. Шетелдік психология мен әлеуметтануда да, отандық психологияда да қарама-қарсы позициялар берілген.

« Конфликт» сөзі латын тілінен аударғанда « соқтығыс немесе қақтығыс» дегенді білдіреді.

        Конфликт  - тұлғааралық немесе адамдар тобы әрекеттесуі мен қатынасуы кезінде, олардың ойлары мен ықпалдарының бір немесе бірнешеуінің сәйкес келмеуі,  соның әсерінен күрделі қайшылықтардың пайда болуы. «Психологиялық сөздік» конфликтті «өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама – қайшылық» деп анықтайды.

        Қарым – қатынастағы конфликтың орын алуына себепші факторлардың бірі агрессия.

        Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл) — адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге және дөрекі түрде күш қолдануға дейін түрленеді.

        

Негізгі бөлім

1.Конфликт туралы жалпы ұғымдар және конфликт түрлері

 [pic 2]

[pic 3]

        [pic 4]Тұлғаішілік:

  1. Жүзеге аспаған тілектер конфликтісі немесе кемшілікті сезіну комплексінің конфликтісі . Бұл тілектер мен оларды қанағаттандыруды бөгейтін шындық (ақиқат) арасындағы конфликт. Кейде оны «олар сияқты болғым келеді» мен оны іске асырудың мүмкін еместігі арасындағы конфликт ретінде түсіндіреді. Конфликт тек шындық тілектерді жүзеге асыруды шектеу ғана емес, сондай – ақ, адамның оны жүзеге асыруға физикалық мүмкіндігінің жоқтығының нәтижесінде де пайда болуы мүмкін. Бұл өзінің сыртқы келбетіне, физикалық мәліметтерімен қабілеттеріне қанағаттанбаушылыққа байланысты пайда болатын конфликтілер.
  2.  Рөлдік конфликт бір уақытта бірнеше рөлдерді іске асырудаң мүмкін еместігімен байланысты, сондай-ақ, тұлғаның бір рөлді атқаруға қойылатын талаптарды әр түрліше түсінуімен байланысты сезімдерден айқындалады. Бұл түрге екі құндылық, стратегиялар немесе өмірдің мәні арасындағы тұлғаішілік конфликтілер жатады.
  3.  Адаптациялық конфликт кең мағынада, яғни субьект пен қоршаған орта арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы негізінде пайда болатын қайшылық ретінде, ал тар мағынада - әлеуметтік немесе кәсіби бейімделу процесінің бұзылуы кезінде пайда болатын қайшылық ретінде түсініледі. Бұл шындық талаптарымен адамның мүмкіндіктері  арасындағы конфликт. Тұлға мүмкіндіктерінің орта немесе іс- әрекет талаптарына сәйкес келмеуі уақытша даяр болмау ретінде, сондай-ақ , қойылған талаптарды орындауға қабілетсіздік ретінде қарастырылуы мүмкін.
  4. Адамгершілікті конфликт.Этикалық ілімдерде оны көбінесе моральдық конфликт  деп атайды. Ол әлеуметтік сферадағы немесе жеке индивидтің санасындағы адамгершілікті қайшылықтардың негізінде пайда болатын және айқын адамгершілікті компоненті бар бір-біріне қарсы жақтардың, пікірлердің, бағалаулардың, құндылық бағдарлардың қайшы келуімен және қарама-қарсы әрекеттесулерімен сипатталатын конфликт ретінде қарастырылды.
  5. Адекватты емес өзін - өзі бағалау конфликтісі. Тұлғаның өзін-өзі бағалау адекваттылығы оның сыншылдығына, өзіне талап қоюшылығына, табыстар мен сәтсіздіктерге деген қатынастарына тәуелді. Талаптанулар мен өз мүмкіндіктерін бағалау арасындағы айырмашылықтар адамда жоғары мазасыздану, эмоционалдық олқылықтардың және т.б. пайда болуына әкеп соқтырады. Адекватты емес өзін-өзі бағалау конфликтерінің

ішінен тым жоғары өзін-өзі бағалау мен өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау ұмтылыстарының арасындағы, өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен адамның обьективті жетістіктерін ұғыну арасындағы, сондай-ақ бір жағынан, максималды табысқа жету үшін талаптануды көтеруге, ал екінші жағынан, сәтсіздіктерге ұрынбау үшін талаптануды төмендетуге ұмтылыстың арасындағы. Конфликтілерді бөліп көрсетеді.

  1.  Мотивациялық конфликт. Тұлғаішілік конфликтінің жиі зерттелетін, оның ішінде психоаналитикалық бағытта көп зерттелетін түрлерінің бірі. Санасыз ұмтылыстар арасындағы, меңгеруге және кауіпсіздікке деген ұмтылыстар арасындағы, екі жағымды тенденциялар – «Буриданова осла» классикалық диллемасы, немесе әр түрлі мотивтердің қақтығысуы ретіндегі конфликтілерді бөліп көрсетеді.

Әлеуметтік: 

...

Скачать:   txt (22.7 Kb)   pdf (624.4 Kb)   docx (76.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club