Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қарым-қатынастың интерактивті және коммуникативтік жағы

Автор:   •  Июнь 20, 2022  •  Реферат  •  4,894 Слов (20 Страниц)  •  840 Просмотры

Страница 1 из 20

Тақырып 10. Қарым-қатынастың интерактивті және коммуникативтік жағы

1.Қазіргі әлемдегі коммуникациялардың ерекшелігін анықтау

2.Вербалды және вербалды емес коммуникация құралдары

3.Нақты және виртуалды әлемдегі коммуникация

   1.Бүгінде ғылыми технологияның қарыштап дамыған дәуірінде коммуникация ұғымы көпшілікке таңсық емес, санаға сіңісті түсінік болып кеткен. Латын тілінен енген бұл терминнің аудармасы communicatio жалпы жасаймын, байланысытырамын деген мағынада келеді. Ал жалпы кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері деп түсіндіре кетсек те болады. Коммуникация тек бірнеше гуманитарлы пәндердің объектісі ретінде ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі екендігін білуіміз қажет.Күнделікті тіршілігіміздегі, қоғамдық-әлеуметтік ортадағы адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, тіптен ауызша сөйлесуінің өзі коммуникацияның алғашқы формаларының бірі болып саналады. Біздің күнделікті өмірімізде коммуникацияның бұл түрі жиі қолданылады. Бұл жерде коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданысқа түседі, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан қолданылады. Мәселен, бас изу – белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу – иығын көтеріп, ауызын ашуды білдіреді т.б. Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Бұл контактілі қарымқатынастың негізгі ерекшелігі. Және де сонымен қатар тікелей қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік факторы және «көз контактісі» бірлікте көрініс береді. Көз контактісі – коммуниканттың бір-біріне деген көзқарасы, олардың ішкі жай-күйінің жағдайы. Мысалы, көзін ары-бері жүгіртіп сөйлеу – коммуниканттың өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді. Осы ретте зерттеуші лингвист Л.П. Буева: «Личный контакт обладает большой силой эмоционального воздействия, внушения, в нем непосредственно действует социально-психологический «механизм» заражения и подражения» деп тұшымды пікір айтады.Әлеуметтік коммуникация деп қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттерін айтамыз. Бүгінгі күні коммуникациялық принциптегі ең ұшқыр форматтағы интернет немесе жаһандық желі тек ақпаратты (мәліметті) жеткізу құралы ғана емес, сондайақ дүние әлеміндегі адамның бағыт-бағдарын айқындап отыратын маңызды құралдардың бірі болып саналады. Осыған сәйкес адам өмірінің қарқынды ырғағына үнемі сәйкес болып отырады. Адам желі арқылы пайдалы ақпараттарды аша алады, өмірлік серігін, саяхатқа шығатын жолсерігін табады, ұтымды сатып алу, сату әрекеттері болады, жұмыс жасап пайда табады, әскери келіміс-шарт жасайды, әйгілі немесе танымал болады, қызығушылық мүдделері ортақ жандармен сұхбаттаса алады т.б. Адамның осылайша түрлі әлеуметтік желілер жүйесі арқылы ықпалдасуы, тікелей қатыстылығы әртүрлі білім мен ғылым саласындағы зерттеушілердің қызығушылығын тудырып жатады.Компютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бірбірімен телекомуникация арналары (телефон, радио, жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы интернет деп аталады.Біздің қоғамдағы қатынастар әлеуметтік коммуникация деп ұғынуымыз керек. Коммуникация – бұл жанды және жансыз табиғат жүйесі арасында ақпарат алмасу барысындағы байланысАдам санасы қамтитын жаратылыс, табиғат әлемі. Қазіргі журналистиканы, масс-медиа құбылысын ақпараттық қоғам, ноосфера және ноосфералық өркениет, ақпараттық кеңістік және киберкеңістік, ақпараттық орта, виртуалдық реалдылық контексінде қарастыру керек. Адам санасы қамтитын жаратылыс, табиғат әлемі және бар. Ғаламтор осы бұқаралық аудиторияны өзіне қаратуы жағынан еш ақпарат құралын алдына салар емес. Мұндай жылдамдық бұқаралық коммуникация және ақпарат құралдары тарихында әзірге болып көрген емес.Бүгінгі таңдағы үлкен мәслелердің бірі осы кабельдік-спутниктік телевизияға, видео және компьютерлік тораптарға жай ғана эфирлік хабарлардың ауқымы кеңеюі ретінде ғана бағаламай, оның тереңіне бойлау керек екендігін түсініп, жете зерттеу жайы болып отыр. Осы аталғандардың енді өзіндік бет-ажары айқындалған бұқаралық коммуникация құралдарына айналғанын ұғынсақ та, олар осы күнге дейін зерттеуші теоретиктер еңбектерінде лайықты деңгейде зерттелмей отырғаны ақиқат. Әрине, оған біршама уақыт күшінің талап етілетінін де қаперде ұстауымыз керек. Зерттеушілер осы күнге дейін медианың хабар таратушы және басылым форматындағы дәстүрлі түрлерін зерттеуді місе тұтуда. Олар, әлбетте, тиісті теориялар мен модельдердің тұрпатына жараса кетеді. Егер жаңа реалдылықтан біз осылайша сырт айнала беретін болсақ, біз қазіргі бұқаралық коммуникация теориясының құнды бір бөлігінен көз жазып қалуымыз да әбден мүмкін.

...

Скачать:   txt (72.6 Kb)   pdf (200 Kb)   docx (32.1 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club