Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология пәні,оның міндеттерi мен әдістері

Автор:   •  Март 31, 2023  •  Лекция  •  1,989 Слов (8 Страниц)  •  195 Просмотры

Страница 1 из 8

ДӘРІС №1 ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ, ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

  1. Психология пәні, әдістері мен салалары (инженерлік психология).
  2. Психологиялық ғылымның дамуының тарихи кезеңдері.
  3. Қазақстандағы психологиялық ойдың қалыптасу кезеңдері.

«Психология» термині алғаш ХVІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысада. ХVІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады.  Одан  кейін  психологиялық  зерттеулердің  аумағы  кеңейіп,

«психология» атауы бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді.

Психология - психиканың қалыптасуы және өркендеу зандылықтары жөніндегі ғылым. Психология («психо» - жан, «логос» - ғылым), толық айтқанда «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Ағылшын философы Дж. Локк (1632-1704 жж.) адам жанының керемет мүмкіндіктерін «өзін-өзі ара қашықтықта қарау», «өзін жеке бақылау» ерекшелігін жазған. Психофизиологиялық параллель принципі Г.В. Лейбницке жатады. Жеке тұлға бүтіндік, ол ғылыми танымға өзін білдірудің әр түрлі формалары арқылы ашылады және ғылыми жаратылыстану түсіндірмесі емес, оларды жаратылыстану тәсілі реттінде түсіну. Түсіну, феномендерінің мазмұнының тәсілі сияқты психолияның негізгі тәсілі болып табылады. Осы әдіс көмегімен Э. Шпрангермен «Өмір сүру формалары» - экономикалық, эстетикалық, діни ерекше көрсетілді, оларға ойлау типтері, сол сияқты мәдениет саласы, оның негізінде жеке адамның әмбебап типтері негізделген.

XX ғ. Э.Шпрангермен және К. Ясперсаген (1883-1969 жж) ұсынылған. ХIХ ғ. екінші жартысына дейін психология философияның басшылығымен өркендеген, тек 1879 жылы неміс психологы және философы В. Вундт (1832- 1920 жж) көмегімен жеке ғылым болып шықты. Сол жылы Лейпциг қаласында алғашқы эксперименталды психология зертханасын ашты. Содан кейін психологиялық ойларды өркендетуге үлес қосқандар американ психологтары Э.Титченер – құрылымның ғылыми бағыты, В. Джемс (функционализм позициясы), Э.Торндайк (Гештальт) және Д. Уотсон (бихевиоризм теориясы). Вен психиатры және психологы З. Фрейд - психоталдау теориясы. Психологиядағы жаңа бағыттар: К. Юнг (ұжымдық санасыздық) және А. Адлер (жеке психология) аттарымен байланысты. Адамдағы психологиялық идеясының бастауы және жанның өлшеуі ғылыми білімдері: И.М. Сеченовтың

«Бас миының рефлекстері» еңбегі. Орыс психологы В.М. Бехтерев психология концепциясын әдістерде қолданылатын ғылым ретінде қалыптастырды. Осы кезеңде шартты рефлекс бойынша И.П. Павловтың жұмысы. Кеңестік ғалымдар дүниежүзілік психологияға үлкен үлес қосқан: С.Л. Рубинштейн,

Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Б.Г. Ананьев. Д.Н. Узнадзе, Б.Ф. Ломов аттарымен байланысты болды.

Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психологияның оларадың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: жаратылыстану, философиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.

Психологиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология физиологиямен, жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын.

Қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, социология, өнертану, заң салалардағы зерттелінетін проблемалар психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы туралы К.Д.Ушинский: «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет».

...

Скачать:   txt (31.8 Kb)   pdf (131.2 Kb)   docx (17.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club