Педагог – ғалым, басқарушы
Автор: Assel1998 • Октябрь 7, 2018 • Статья • 829 Слов (4 Страниц) • 625 Просмотры
Педагог – ғалым, басқарушы
[pic 1]
Каракулов Қарабай Жамалбекұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогика ғылымдар Академиясының академигі, Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты, «Әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін» Даңқ медалінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру үздігі. Қазақстан Республикасының «Ғылымды дамытуға еңбек сіңірген» ғалым төсбелгісімен марапатталған.
Туған жері, жылы: Каракулов Карабай 1939 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл елді мекенінде дүниеге келген. 1958 жылы Билікөл орта мектебін бітіріп, 1958-1961 жылдар аралығында Россияның Брянск, Почеп қалаларында жауынгерлік борышын өтеді.
Білімі: 1966 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогика институтын бітірген. 1971-1974 жылдары Москва қаласында Педагогика ғылымдарының Академиясының аспирантурасын бітірді.
Оқытушылық қызметтері: 1962-1971 жылдары Қ.Ж.Каракулов Жуалы ауданы Билікөл орта мектебінде және Бурное селосында А.И.Герцен, С.Оржоникидзе мектептерунде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарған.
Ғылыми-педагогикалық қызметтері: 1971 жылы Қ.Ж.Каракулов Москвада Кеңестер Одағының Педагогикалық ғылымдар Академиясының жалпы педагогика ғылыми зерттеу институтының күндізгі бөлім аспирантурасына оқуға түсіп, оны 1974 жылы мерзімінен бұрын бітіріп, Қазақстан ғалым-педагогтарының алғашқысы болып, білім беру жүйесін басқару проблемасы бойынша педагогика ғылымдарынан кандидаттық диссертация қорғады.
1974 жылы Кеңестер Одағының Педагогикалық Академия аспирантурасының жолдамасы бойынша Шымкент педагогикалық институтына жіберіліп, педагогика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы доцент қызметтерін атқарды.
1991 жылы Ташкентте Қазақстан және Орта Азия Республикаларының Аймақтық мамандандырылған педагогика ғылымдарының докторлық Советінде (Кеңес Одағы кезінде докторлық Совет Ташкентте ғана болатын) Қ.Ж.Каракулов «Научно-педагогические основы управления общеобразовательной школой в Казахстане» деген тақырып бойынша докторлық диссертацияны Республикада тұңғыш қорғаған ғалым болды.
1992 жылы Шымкент педагогикалық институтында «Психология» кафедрасының меңгерушісі, 1996 жылы Жамбыл университеті ашылып, педагогикалық мамандықтар кешенінің директоры (проректоры) қызметіне шақырылып, 1997 жылы Шымкентте институттар қосылып, М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «психология» кафедрасының меңгерушісіне қайта оралып, 2003 жылға деін кафедраны басқарып, кейін профессорлық қызмет атқарады.
Жарық көрген ғылыми еңбектері: Қ.Ж.Каракулов Республикамызда педагогикалық жұртшылық қауымға белгілі, көрнекті ғалым. Оның білім беру жүйесін ба сқаруға қосқан үлесінің маңызы зор. 200 астам ғылыми еңбектердің авторы, солардың ішінде: «Совершенствование управления общеобразовательной школой в условиях реализации реформы» (1987), «Управленческая деятельность директора школы» (1990), «Управление оюбщеобразовательной школой» (1991), «Педагогика управления» (1998), «Педагогическое управление: состояние и проблемы» (1998), «Педагогика управления» (2000), «Основы управления школой» (2002), «Школоведение» (2005), «Педагогический менеджмент и управление школой» (2006), «Руководство и контроль учебных занятий в вузе» (2007), «Педагогика» (2008), «Организация общеучебной компетенции учащихся школы-гимназии» (2009), «Организация учебно-познавательной компетентности занятиями в вузе» (2007), «Педагогика» (2008), «Организация общеучебной компетенции учащихся школы-гимназии» (2009), «Организация учебно-познавательной компетентности учащихся» (2013), «Педагогика» (2014), т.б. монографиялары мен оқулықтары жарық көрген.
Ғалым педагогика және психология ғылымдарының көкейтесті мәселелері бойынша 2008 жылы Санк-Петербург қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Мәдениет және білім комитетінің ұйымдастырған 6-Халықаралық «Оброзования через всю жизнь» - деген ғылыми конференциясында, 2009 жылы Минскде Тәуелсіз елдер Достығы Ассамблеясы ұйымдастырған Симпозиумында және сол сияқты Москва, Варшава, Прага, София, Ташкент, Киев, Рига қалаларында халықаралық конференцияларда баяндама жасаған.
Ғалым Қ.Ж.Каракуловтың ғылыми-педагогикалық зерттеулері көптеген салалрды қамтиды. Оның ғылыми-ізденістері мен шығармашылығы, Республикамыздағы көкейтесті мәселелерді зерттеп, оны Ақпараттық басылымдарда: атап айтқанда: «Казахстанская Правда», «Учитель Казахстана», «Южный Казахстан», газеттерінде мақалалары жарық көрген: «Кого ждут на селе?» (Учит. Каз. 1975). «На интуицию надейся а сам...» (1994 Учит. Каз.) «Одинаковым может быть только одно-высокий стандарт» (Учит. Каз. 1995) «Односторонность концепции» (Учит. Каз. 1996), «Вернуть педагогические вузы» (Юж. Каз. 2004), «Нельзя дважды повторить» (Юж. Каз. 2004), «Вузами надо рукоаводить по-новому» (Юж. Каз. 2007), «Вернуть педогогические вузы» (Юж. Каз. 2007), «Больше свободы вузовским преподавателям» (Юж. Каз. 2013), «Школа и педагогическая наука» (Юж. Каз. 2013), «Творческий тандем школы и вуза» (Каз.пр.2014), «С опорой на практические результаты» (Каз.пр.2015) т.б. мақалалары өзекті мәселелерді қамтиды.
...