Пациентке бағдарлап оқыту
Автор: 20020314 • Ноябрь 20, 2018 • Реферат • 970 Слов (4 Страниц) • 1,397 Просмотры
Пациентке бағдарлап оқыту
- Коммуникативті дағдылар туралы түсінік
Дәрігердің жұмыс барысында басқа субъектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындарымен және туыстарымен, әріптестерімен) тиісті дәрежеде қарым қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
- Дәрігердің кәсіби іс әрекетіндегі коммуникативті дағдылардың маңызы
- Коммуникацияның негізгі теориялары
- Мартин Бубер теориясы. Бубер диалогты « адамдардың бетпе бет келіп, бір біріне ішкі жан дүниесін жайып салуы, яғни шынайылық танытуы» дейді.
- Михаил Бахтин теориясы. Бахтиннің айтуынша « диалогтық қатынас бұл адамдардың өмірге, мәні мен мағынасы бар барлық құбылысқа деген қатынасын білдіретін әмбебап құбылыс. Сана басталған тұста, диалог та бстау алады»
- Тиімді қарым қатынас жасауға әсер етуші факторлар
- Коммуникативті біліктілігі жөніндегі түсінік
Дәрігердің өзін қоршаған ортасында жемісті қызмет атқару үшін қажетті тұлға аралық және кәсіби тәжірибесінің белгілі бір қалыптасқан деңгейі деп сипаттауға болады.
- Дәрігердің коммуникативті біліктілігін қалыптастыру үрдісі
- Коммуниктаивті дағдыларды жетілдірудің негізгі әдістеріне тоқталыңыз
- Коммуникацияның формасы ретінде дәрігер кәсіби іс әрекетінің ерекшеліктері
- Дәрігер тұлғасына қойылатын талаптар
- Дәрігердің коммуникативтібіліктілігін құрайтын психологиялық қасиеттер
- Аффиляция
- Эмоционалды тұрақтылық
- Эмпатия
- Сенситивтілік
- Рефлексия
- Аффиляция
Аффиляция басқа адамдармен бірге болуға, қосылуға ұмтылу қажеттілігі. Іштей аффиляция бауыр басу, адалдық сияқты сезімдер арқылы көрініс тапса, сырттай ашықтық, басқа адмдармен үнемі бірге болу, қызметтес болу сияқты іс әрекеттер арқылы көрінеді.
- Эмоцианалды тұрақтылық
Эмоционалды тұрақтылық дәрігерге психологиялық стрестен, науқастармен қақтығысып қалудан қорғайды. Дәрігердің эмоционалды іс ірекеттері, науқастың оған деген сенімін жоғалтып қана қоймай, оларды шаршатады, күдік туғызып, тіпті қорқытады. Керісінше, дәрігердің бірқалыптылығы мен эмоционалды тұрақтылығы, сабырлығы науқасқа сенімді қарым қатынас иорнатуға көмектеседі.
- Эмпатия
Эмпатия бұл дәрігердің науқас қиындығына ортақтасуы, терең сезінуі, науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда қатысуы болып табылады.
3 түрлі компонеттері:
- Идентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия
- Интеллектуалды процестерге негізделген танымдық эмпатия
- Ішкі интуицияға сүйенетін предикативті эмпатия, яғни басқа адам туралы көзқарасты болжай алу қабілетінен көрінетін эмпатия.
- Сенситивтілік
Бұл қасиет дәрігерге науқаспен қарым қатынас жасаудағы өзінің мінез құлқын қайта қарап, түзетуге көмектесетін «кері байланыс» рөлін атқарады.
Сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс, себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын, афиилятивті қажеттілігін төмендетеді.
- Рефлексия
- Кәсіби бейімделу
Жас дәргер маманның өз кәсіби іс әрекетіне бейімделуіне шамамен екі жылдай уақыт қажет. Осы уақыт аралығында, жас дәрігер өзінің жаңа әлеуметтік рөлінде, өзін неғұрлым сенімді сезіне бастайды. Және де жеке «кәсіби имиджін» белгілі бір дағдылары мен репертуарын қалыптастырады.
- Кәсіби имидж
Кез келген, тіптіең бір күтпеген, қауіпті жағдайларда да, дәрігер қатты қобалжып, қорқып немесе жіберген қатесі үшін қатты жабырқап тұрса да, онысын науқасқа көрсетпеуі тиіс.
- Коммуникативті толеранттылық
Ол шыдамдылық пен төзімділік дегенді білдіреді. К.т дәрігердің науқас бойындағы жағымсыз қасиеттері мен әдеттерін, мінез құлқындағы қабылдануы қиын жеке ерекшеліктерін, ойлау стереотиптерін, тіпті сөйлеу мәнерін қаншалықты төзіммен қабылдайтынын айғақтайды.
- Пациентпен тиімді қарым қтынасқа қол жеткізу үшін қарым қатынастың сөздік және сөздік емес құралдарын қолдану
Вербальды коммуникация – сөз арқалы қатынасу.
Вербальды емес коммуникация – қосымша вербальды емес әрекеттер міндетті қолданылады. Оларға жататындары:
...