Менің психологиялық портретім
Автор: zhazirakadyrkhan • Октябрь 22, 2020 • Реферат • 562 Слов (3 Страниц) • 1,296 Просмотры
Страница 1 из 3
Менің психологиялық портретім
Әр адам әртүрлі. Бүкіл дүние жүзінде сіздей адам жоқ,ол ешқашан кезздеспейді де. Сіз-біз жеке тұлғамыз. Әрбіреулеріміздің мінездеріміз, түрлеріміз.қылықтарымыз сан түрлі.Бүгін мен өзімнің психологиялық портретіме тоқталғым келіп отыр.
Тұлғаның психологиялық портреті келесі негізгі қасиеттерді қамтиды: темперамент, мінез, қабілет, интеллект, бағыттылық, өзін-өзі тану, ерік қасиеттері, өзін-өзі бағалау, коммуникабельділік және адамның басқа да жеке ерекшеліктері.
- Темперамент. Ғылыми тұрғыдан адамдарды 4 топқа бөледі: флегматик, сангвиник, холерик және меланхолик. Мен осы төрт бағыттың ішінен сангвиник тобына жатамын. Себебі мен адамдармен тез тіл табысып кетемін, шын жүрекпен сөйлескенді ұнатамын, отзывчивыймын және адамға тек қана жақсылық қалаймын.
- Мінез-ол уақыты келе өзгеретін құбылыс. Бір ата-анадан туған балалар екі әр түрлі отбасыда өссе, олардың мінездері мүлдем әртүрлі болады. Мысалы: бір тұлға мейірімді,кеңпейілді,ашық мінезді бола тұра бір уақытта қызғаншақ,ренжігіш болуы мүмкін. Менің мінезім:ашық, кеңпейілді, мейірімді, еңбекқор болып келеді. Мен өтірік айтуды, өз уәдесінде тұрмайтын адам мінездерін ұнатпаймын.
- Қабілет. Әдеби деректер оларды: рухани, физикалық және әлеуметтік деп үш топқа бөледі. Осы үш топтың ішінде менің қабілетім рухани болып келеді. Мен бала кезімнен өлең оқығанды, тақпақ-өлең жазғанды ұнатамын. Бұл менің атамнан тараған қабілетім. Менің адаммен тез және жақсы тіл табысып кету қабілетімде бар. Ол менің ашық мінезді болуымнан да мүмкін.
- Интеллект. Жаңа ақпарат, мәліметтерді сіңіру барысында, тәжірибе алғанда, адам интеллекті дамиды және өседі. Бірақ , туа бітісімен де адамда интеллект болады. Балалардың кішкентай кездерінде таланты немесе бір іске деген бейімділігі байқалады. Сол кезден бастап оны дамыту керек. Мен бала кезден адамдардың назарын жақсы көремін. Ол адамдар маған назар аударғандай, мен әртүрлі күлкілі әңгімелер айтатынмын,өлең оқитынмын.
- Бағыттылық. Бұл параметрдің негізі мотивация болып табылады. Ол адамның күнделікті іс-әрекетін білдіреді, оның іс-әрекетін түсіндіреді. Кейбіреулер физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырғысы келеді, дәмді тамақтанғысы келеді, жайлы пәтерде өмір сүргісі келеді немесе заманауи көлікте жүреді. Басқалары үшін бұл маңызды емес және олар қарым-қатынасты, жаңа ақпаратты, таныстарды өздерінің басымдықтарына қояды, шығармашылық әлеуеттерін іске асырады, спортпен шұғылданады. Мен бұл бағытта екі типке де жатамын. Мен алға қойған мақсатым екі бағытты қамтиды. Ол жайлы пәтерде тұрып, заманауи көлікте жүру және өзімді шығармашылық жақтан дамыту, саяхаттау.
- Өзін-өзі бағалау. Бұл өзіне деген сенімділік деңгейі. Ол шартты түрде асыра бағаланған, бағаланбаған және объективті болып бөлінеді. Алғашында өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, жетістіктерді әдейі асыра бағалау, тіпті өзгенің бойын өзіне тағайындау бар. Екінші жағдайда, керісінше, шамадан тыс өзін-өзі сынау, өзіне-өзі күмәндану пайда болады, ал қалыпты адам өзіне және өзінің іс-әрекетіне орынды баға береді. Мен объективті бағалануға жатамың. Ауызбен емес іспен көрметемін. Өзімнің іс әрекетімді, мінез – қылығымды қалай бар солай бағалаймын. Әрине мен өзімді жақсы көремін.
- Ерік қасиеттері деп- мен адамның өзін өзі ұстай білу, ішкі күйін әр түрлі түрде сыртқа жеткізе алуы деп ойлаймын. Бұл параметр өз сезімдерін, көңіл-күйді көрсету немесе керісінше, жасыру қабілеті мен тәсілімен көрінеді. Егер мен біреуге ренжулі болсам, мен оны жасыра алмаймын, түрімнен ақ байқалып тұрады. Бірақ менің жақсы қасиеттерімнің бірі: адамды тез кешіремін.Ұзақ уақыт бойы ренжіп жүре алмаймын.
- Коммуникабельділік . Кез келген жеке адам, өмір сүрген жылдарына, қаржылық және әлеуметтік жағдайына, интеллектуалды даму деңгейіне қарамастан, айналасындағылармен қарым-қатынас орната білуі керек. Алайда, адамдар арасында сөйлесу қабілеті бірдей дамымаған. Мысалы, әзілкештің немесе менеджердің психопортреті бағбан, комбайнер немесе балықшыдан айырмашылығы жоғары қарым-қатынас дағдыларын ашуы керек. Кез-келген кәсіби іс-әрекет қарым-қатынаспен тығыз байланысты екенін және бұл параметр болмаған жағдайда жетістікке жету және қызметтен жоғарылау мүмкін болмайды. Мен ортаңғы деңгейге жатамын. Адаммен қарым-қатынас жасаған кезде,ортақ айтатын әңгіме болса жақсы араласамын. Егерде мен білмейтін тақырып, әңгіме болса,мен жақсы тыңдаушы боламын.
...
Доступно только на Essays.club