"Мен" тужырымдамасы
Автор: makosya.kz • Май 8, 2018 • Курсовая работа • 6,175 Слов (25 Страниц) • 1,924 Просмотры
Кіріспе
Адам өмірге келген сәтінен өзінің “мен” бейнесі белсенді бастау, тәжірибені түсіндіруде маңызды фактор болып табылады. Мен бейнесі тұлғаның ішкі дүниесінің бірізділігіне жетуіне көмектеседі, тәжірибені түсіндіруді анықтайды және кутулердің шығу көзі, яғни болу керек жағдайлар туралы еслестетулер болып табылады.
Мен бейнесі индивид сезінетін сыртқы факторлардың әсерінен құрылады. Әсіресе, индивидтің өзі туралы елестетулерді анықтайтын байланыстар маңызды болып саналады. Бірақ кез келген дерлік әлеуметтік байланыстар оған белгілі бір әсерлер қалдырады. Алайда, өзіндік мен тұжырымдамасы қалыптасқаннан кейін, ол тәжірибені түсіндіретін маңызды факторға айналады. Осылайша, Мен бейнесі мынадай маңызды рөлді атқарады: тұлғаның ішкі үйлесімділігіне қол жеткізуне ықпал етеді, тәжірибені анықтайды және үміттердің шығу көзі болып табылады. Сондықтан өзінің мен құрылымын зерттеу, әрбір индивид үшін маңызды рөл атқарады, өйткені ол өз психикасының ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге және қандай да бір маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұл мәселенің өзектілігі, «мен» тұжырымдамасы әлі күнге дейін толық зерттелмеген және тереңірек сараптауды қажет етеді, себебі адам ежелден-ақ өзіне «мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздеуде және әлі де бұл сұраққа нақты жауап тапқан жоқ.
Зерттеудің мақсаты: Мен бейнесін түсіндіруге бағытталған тәсілдемелерді сараптау және оның психология ғылымындағы құрылымы. Мен бейнесін психодиагностикалау.
Зерттеудің объектісі тұлғаның «Мен» бейне құрылымы, ал пәні – «Мен» тұжырымдамасын зерттейтін теориялар.
Қойылған мақсат келесі міндеттер арқылы анықталады:
1. Мен тұжырымдамасы туралы отандық және шетелдік авторлардың көзқарастары,әдебиеттерге сыни талдау жасау.
2. Мен бейне құрылымының ерекшеліктерін анықтау.
«Мен тұжырымдамасы» ұғымының мазмұны мен көлемі әлі күнге дейін дискуссияға жақсы тақырып. Алайда ең негізгі тәсілдемелерді синтездесек, психология ғылымындағы маңызды критерийлерді бөліп қарастыруға болады.
«Мен тұжырымдамасын» зерттеудің негізін салған деп У. Джемс есептелінеді. Ол өз моделінде тұлғаны: «Мен» – танылатын және «Мен» - танушы деп екі құраушы бөлікке бөлген, сондай-ақ, бұл бөлу шартты болып, тек теориялық құрылуларда ғана бір-бірінен ажыратуға болады деп атап кетті.
Сонымен қатар бұл феноменді зерттеуде өз үлестерін көптеген ғалымдар қосты. Олар мен тұжырымдамасын жан-жақты қарастырды. Бұл зерттеушілерге мына ғалымдарды жатқызамыз: У. Джемс, Ч.Х. Кули, Дж.Г. Мид, Л.С. Выготский, И.С. Кон, В.В. Столин, С.Р. Пантилеев, Т. Шибутани, Р. Бернс, К. Роджерс, К. Хорни, Э. Эриксон, т.б.
Сонымен, адам, әлеуметтік жаратылыс ретінде, көптеген әлеуметтік және мәдени рөлдерден, қоғамда өз орнын анықтайтын стандарттар мен бағалаулардан қашып құтыла алмайды. Ол тек өзінің бағалаулары мен жорамалдарының объектісі ғана емес, сонымен қатар қоғамда өзара әрекеттесулер барысында басқа адамдардың бағалаулары мен жорамалдарының объектісіне айналады.
Психологияның дамуы барысында Мен тұжырымдамасы көптеген шетелдік және отандық зерттеушілердің назарын аудартуда. Барлық авторлар «Мен тұжырымдамасы» терминімен шектеліп қалмай, сонымен қатар «Мен бейнесі», «сананың когнитивті құрамдас бөлігі», «өзін-өзі қабылдау», «өз-өзіне қатынас» және т.б. терминдерін қолданылады.
Индивидтің мінез-құлық тенденциясын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН- концепциясы» деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі. Мен тұжырымдамасының сипаттама компоненті – мен бейнесі
...