Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лидер болып туа ма, әлде қалыптаса ма?

Автор:   •  Март 13, 2024  •  Контрольная работа  •  788 Слов (4 Страниц)  •  104 Просмотры

Страница 1 из 4

Лидер болып туа ма, әлде қалыптаса ма?

Жоспар:

1. Лидер деген кім? (лидер мен басшының айырмашылығы)

2. Ол қандай қасиеттерге ие болуы керек?

3. Лидер болу адам табиғатынан ба әлде тәжірибеден бе?

Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерге тән қасиеттер:

1 Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;

2 Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;

3 Бастамашылдығы;

4 Өзіне-өзінің сенімділігі;

5 Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;

6 Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;

7 Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

Лидер деген кім? (лидер мен басшының айырмашылығы)

  1. Лидер (ағылшынша leader – жетекші) – қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға.

Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін белгіленген мүддеге сай жүргізеді. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды.

Кез келген басшы лидер емес, сәйкесінше, барлық лидер басшы емес. Жетекшілік міндеттің жүктелуі адамды бірден лидер етпейді. Бұл тек алғышарты.

Лидер қандай қасиеттерге ие болуы керек?

2.  Лидердің бойынан табылуы керек қасиеттер: алдымен өз ісін білуі, жақсы көруі, сенімділік, ізденімпаздық пен жауапкершілік.

Лидер үнемі бәрін біліп, дайын жауап табуға міндетті емес. Керісінше ол дұрыс сұрақ қойып, жауапты қайдан іздеуге болатынын көрсетеді. Тек өзінің мүддесін бірінші қойса ол басшы болар еді, лидер – топтағы адамдардың пікірін тыңдап, барлығын қанағаттандыратындай шешімге келуге тырысады.

[pic 1]

Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы –бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады.

Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

Лидер топ мүшелерінен өзін жоғары санамайды,

«В команде каждый должен уметь поднять мусор с пола», қарапайымдылық адамды құрметке, абыройға алып келеді. Және әрине, адамдарға ықпал ете алатын, баурап ала қоятын қасиет болмаса әр түрлі мақсатты көздейтін тұлғалардың басын бір жерге қосу мүмкін емес. Сенім ұялататын, қолдау білдіретін, шабыт сыйлайтын, сөзді қару ретінде оңтайлы қолдана білетін адам лидер бола алады. Өзгелер лидердің энергиясынан қуат алатын болса жұмыстың өрге жүрері анық.

3. Лидер болу адам табиғатынан ба әлде тәжірибеден бе?

3. Адам лидер болып туа ма, әлде қалыптаса ма деген сауал қоғам мүшелерін екіге бөліп келе жатқалы бірнеше жылдар өтті. Алайда ғалымдардың зерттеуінше лидерлік қасиет ген арқылы 30%, өз-өзіңмен жұмыс істеп, еңбектенген жағдайда 70 % құрайды екен. Қазақта «асыл тек» деп бекер айтпаған болса керек, тектінің тұқымы болу – игі қасиеттерді бойына жинау, дүниеге келе сала құрметке лайық болу дегенмен бірдей. Алайда, асыл тектен шығу – жақсы адам болумен тең емес. Сол секілді лидерлік қасиет қан арқылы бойымызда болса да, оны дамытып, жетілдірмесек су түбінде жатқан таспен бірдей болады.  

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (445.6 Kb)   docx (43.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club