Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бүгінгі таңда Отансүйгіштік қасиет қажеттілік болып табылады ма

Автор:   •  Апрель 25, 2020  •  Контрольная работа  •  526 Слов (3 Страниц)  •  517 Просмотры

Страница 1 из 3

Бекболатова Алина

Юриспруденция

Бүгінгі таңда Отансүйгіштік қасиет  қажеттілік болып табылады ма?

Отансүйгіштіктік қасиеттің қаншалықты қажет екенін анықтамас бұрын, Отансүйгіштіктің не екеніне тоқтала кетейік. Р.Н.Нұрғалиевтің (1996) философиялық сөздігінде: Отансүйгіштік-адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны-Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс. Отансүйгіштік-адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Туған жерге, тілге, салт дәстүрлерге адал болып, олардан қол үзбеу түрінде Отансүйгіштіктің тарихи элементтері көне заманда-ақ қалыптаса бастаған. (бет. 335).Ата-бабаларымыз Отанымыз үшін қанын да, терін де төккен. Жерімізді, елімізді сақтап қалу үшін барын салып күрескен. Соғыс кезінде оларға шабыт беріп, жігерлендірген бір тылсым күш-олардың Отанға деген сүйіспеншілігі деп ойлаймын. Сол уақыттарда Отансүйгіштік қасиет қажеттілік болып табылған, себебі әр азаматтың бойынан Отанға деген сүйіспеншілік табылмаса Қазақ елі жойылып та кетер ме еді. Ал бүгінгі таңда Отансүйгіштік қасиет  қажеттілік болып табылады ма?

    И.В. Блауберг пен И.К.Пантиннің(1982) философиялық сөздігіне сүйенсек: Ленин «Отансүйгіштік -ғасырлар мен мыңжылдықтарда бекітілген аса терең сезімдердің бірі» деген.(бет. 244) Әрине, Отанға деген сүйіспеншілік әр адамның бойынан табылуы керек, себебі Отанға деген сүйіспеншілік-отанды қорғау үшін жанын салған батырларымызға деген сыйластық. Өкінішке орай, елімізде отансүйгіштер аз. Шет ел асып, атақ қуып кеткендер біршама. Әрине, шет елде білім алып, сол білімді Қазақстанды гүлдендіруге қолданса керемет болар еді. Алайда, елімізде өмір сүруге барлық жағдай жасалмағандықтан кетіп қалуға тырысады. Көздері ашық, білімге деген құлшынысы бар жастар жақсы білім алу үшін шет елге кетеді. Ол жақтан білім алып елге қайтатындар бар, бірақ аз. Көбісі шет елдегі өмір сүруге жасалған жағдайды, үлкен соммадағы айлықты елімізбен салыстырып, елге қайтқылары келмей қалады. Осылай еліміз көптеген ақылды, елді көркейтуге септігін тигізе алатын жастардан айрылып жатыр. Бұл мәселені шешу үшін балаларды жастайынан Отансүйгіштікке баулу керек. Олардың санасына «Патриотизм» ұғымын ендізу қажет. Қазіргі таңда Отансүйгіштікке тәрбиелеу - барлық оқу орындарының жетекші бағыттарының бірі. Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде: "Патриотизм, мораль және адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, мәдени және рухани даму, заңға мойынсұну. Бұл құндылықтар меншік нысанына қарамастан барлық оқу орындарында сіңірілуі тиіс" деген. Қазір көптеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің міндеті-  патриоттық тәрбие беру және патриоттық сезімді жан-жақты дамыту, себебі елдің болашағы жастардың қолында. Жастардың бойында Отансүйгіштікті дамыту үшін көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ , елімізде шет елде оқып келуге және сол мамандықпен Қазақстанда жақсы жұмыс істеуге мүмкіндіктер жасап жатыр. Мысал келтіртін болсақ, «Болашақ» бағдарламасы. Еліміздегі әрбір азамат Отанын сүйуге міндетті, себебі біз Тәуелсіз Қазақстанда еркін өмір сүріп жатырмыз.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (48.8 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club