Қопсыту-түту агрегаты. Мақтаны кардты тарау және таспаны қалыптастыру
Автор: gsjsbdjbxj468 • Июль 27, 2024 • Реферат • 1,117 Слов (5 Страниц) • 78 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Баяндама
Тақырыбы: Қопсыту-түту агрегаты. Мақтаны кардты тарау және таспаны қалыптастыру
Дайындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Қопсытудың мақсаты – мақтаның тығыздығы мен мақта жұлымының көлемін азайту үшін яғни қоспалардан тазалау, бөлу және талшықтарды араластыру эффектісін жоғарлату.
Қопсытудың мәні түтуде немесе машинаның жұмыс органының ұру әсерінен – шақшаларда, пышақтарда, айырларда, инелерде, талшықты массадағы тістердің әсерінен болып табылады. Қопсыту кезінде шатасқан талшықтар жиындығының құрылысы бұзылса, қоқыс қоспалар бөлінеді, яғни қопсыту тазалау процесі бірге жүреді.
Талшықа әсердің екі түрі бар: түту және соқылау әсері. Түту біруақытта машинаның екі органынмен талшықты массаны – инелі немесе тісті беткейімен ұстаб қарсы беттен,бір – біріне қарама – қарсы қозғалып орындайды. Сонымен талшықты массасының бір бөлігі бір бетке қарай жүреді, ал екінші бөлігі қарама – қарсы жаққа қарай жүреді. Соққылау әсер кезінде қағылу, араласу болып және талшық бір – бірінен салыстырмалы түрде жылжуы нәтижесінде олардың арасындағы байланыс нашарлап, ірі жұлмалары тарқалып майда жұлмаларға ажыратылады. Соғу әсері екі түрге ажыратылады: жұмысшы органының талшыққа соғылуы еркін түрді және талшықты соғу сығылған күйінде жүзеге асады. Соқылау интенсивтілігін жоғарлату материалдың тазалану дәрежесі және оның қопсуы да жоғарлайды, бірақ осы көрсеткіштер арасындағы тәуелділік бір біріне пропорционал емес. Көбіне отандық иіру фабрикалары түтетін машиналармен жабдықталған, бірақ соңғы уақытта оларды аралы қопсытқыштармен ығыстыруда, сонымен қатар кардты тарағыштың алдында соңғы қопсытулар мен талшықтардың тазалануы жүзеге асады. Ажыратылған кип 1 тиеу қондырғысына 24 беріледі. Белгі беруі бойынша тиеу қондырғысы айналады жэне кип қоректендіргіш тор көзіне 2 салынады. Ал тор көз 2 оны қалқаншалы білікке 3 жеткізеді. Қалқаншалы білік төменгі бункерге жүннің қабаттарын лақтырады. Төменгі бункерден жүннің түйдектері инелі тор көзбен 4 қармалады жэне теңестірілетін тарақшаға 5 жеткізіледі. Ол тербеліс жасайды және талшықтың артық мөлшерін төменгі бункерге лақтырады. Талшықтардың қалған бөлігі инелі тор көзбен жоғарғы теңестіргіш тарақшаға 6 жеткізіледі. Инелі тор көз жэне теңестіретін тарақшалар арасындағы ара-қашықтық реттелінеді. Тор көз және жоғарғы тарақіпа арасыыдағы ара-қашықтық, тор кез және теменгі тарақша арасындағы ара-қашықтықтан темен, осының нәтижесінде инелі тор көзбен талшықтың тегіс төселуі қамтамасыз етіледі.
Тор көздің ары қарай қозғалысында жүннің қабаты жылдам айналатын түсіруші білікке 7 түседі. Бөлінетін қоқымдар колосникті тор көзі 23 арқылы қабылдау камерасына 21 жэне пневможүйеге 22 түседі. КоІ-щенсер 8 талшықты екі барабанды түту машинасының резервті бункеріне беріледі. Бункерден талшық қабаты қоректендіргіш тор көзіне түседі. Бункерден шығатын талшық қабатының жеткілікті дэрежеде тегіс болуын қамтамасыз ету үшін, екі фотоэлемент 10 және 11 ориатылған. Бункерді жоғарғы фотоэлементтен асырып талшық толтырылса, онда кипті қоректендіргіш автоматты түрде тоқтайды. Талшық екінші фотоэлементтің 11 деңгейінен төмен түскенде, кипті қоректендіргіш қайтадан жүмысқа қосылады. Екі барабанды түту машиналарында жүнді қопсыту және шаңсыздандыру жүзеге асырылады. Қопсыту бірінші барабан 13 және машинаға талшық қабатын беретін қоректендіргіш біліктің 12 өзара байланысу аймагыпда жүзеге асырылады. Талшықтың қабаты, қоректендіргіш үстелше 20 жэне қоректендіргіш 12 білік арасында тығыз қысылған. Қоректендіргіш білік 12 жэие бірінші барабан 13 арасындағы ара-қаіпықтықты реттеу қарастырылған.
...