Жас жұбайлардың бір-бірініне бейімделуінің психологиялық аспектісі
Автор: Kanatnazgul • Ноябрь 9, 2019 • Дипломная работа • 19,393 Слов (78 Страниц) • 490 Просмотры
ТАҚЫРЫБЫ: «ЖАС ЖҰБАЙЛАРДЫҢ БІР-БІРІНЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І . Жас жұбайлардың бір-бірініне бейімделуінің психологиялық аспектісі бойынша теориялық талдау .................................................................6
1.1. Жанұя кіші әлеуметтік топ ретінде....................................................................6
1.2. Жанұя мәселесі жөніндегі психология ғылымындағы отандық және шет елдік зерттеулер..........................................................................................................7
1.3. Әлеуметтік психологиялық бейімделу түсінігі..............................................13
1.4. Әлеуметтік-психологиялық бейімделудің факторлары, құрылымы, түрлері........................................................................................................................16
1.5. Махаббат сезімі – бейімделу сәттілігі ретінде................................................18
ІІ . Жас жұбайлардың алғашқы бейімделу кезеңі ................................21
2.1.Жас жұбайлардың бір-біріне бейімделу деңгейлері.......................................21
2.2. Жас жұбайлардың бейімделуіндегі қарым-қатынастың рөлі.......................24
2.3. Жанұялық өмірдегі алғашқы кризистік кезең.................................................27
2.4. Макроэкономикалық жағдайдың жас жұбайлардың бейімделуіне әсері............................................................................................................................31
2.5. Жастарды отбасылық өмірге дайындаудың психологиялық ерекшеліктері............................................................................................................34
2.6. Жастарды тәрбиелеу жүйесінің негізгі түйіндері..........................................47
ІІІ . Жас жұбайлардың бір-біріне бейімделуінің психологиялық аспектісібойынша эксперименттік талдау .......................................................50
3.1.Зерттеу әдістемесі және жүргізілуі...................................................................50
3.2.Алынған мәліметтерді сипаттау........................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................68
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: Барлық өркениетті елдерде жанұялық саясаттың маңызды мәселесі – жанұя институтын бекіту болып табылады. Дегенменде, қазіргі заманның білім және тәрбие жүйесінде некеге және жас жұбайлардың бір-бірінің алдарындағы міндеттері жөніндегі арнайы дайындық жоқ. Жас адамдар жанұялық өмірдің заңдылықтары мен ережелерін білмей, романтикалық, сентименталды елестеулер желегінде жүріп некеге отырады. Сол себепті көбісі кейін ажырасып кетеді. Жастардың көбісі некеге бірнеше айлық таныстықтан кейін отыра береді. Олардың неке жүйесі жеңіл, жақсы көрген сияқты және сол себепті үйленді. Көп ұзамай, жақсы көрмей қалады, сол себепті ажырасты.
Осы жұмыста біз жас жұбайлардың бір-біріне бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін қарастырамыз.
Жас жұбайлардың бір-біріне бейімделуі жөніндегі мәселе отандық та, шетелдік те психологияда өзіне сай өңдеуді таппады. Әрине, педагогикада, әлеуметтануда, психологияда, сексологияда жастардың интимдік өміріне кіруге талпыныстар жасалып жатыр. Жанұя және неке жөнінде түрлі әдебиеттер жазылып жатыр, танысу клубтары, кеңес беру және т.б. шаралар жасалынып жатыр. Дегенмен де, бұл қазіргі таңда жеткіліксіздікті аздықты көрсетеді.
Жастарға тек қана әдеп пен психологияны біліп қоймай, сондай-ақ жанұялық өмірдің психологиясын, педагогикасын білу қажет. Жақсы көру, махаббат және құмарлық арасындағы айырмашылықты білу керек. Еркек және әйел психологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, өз сезімдерін анықтаулары қажет.
Бейімделудің қалыпты өтуі көбінесе жанұядағы қарым-қатынас шеберлігіне тәуелді. Оған шешілмеген жанұялық шиеленістерді өршітпей ақырындап басу, жұбайын табиғатынан қандай болса, солай қабылдау, ең алдымен жағымды қасиеттерін көру, кемшіліктерін бетіне баспау. Өзінің көңіл түсу себептерін ең алдымен жұбайынан бұрын өзінен іздеу. Француз жазушысының «Некеге түсушілер үйлену тойына дейін барлық көзбен жан-жаққа қараулары қажет және одан кейін жартылай жабық ұстаулары керек» («Вступающие в брак должны смотреть во все глаза до свадьбы и держать их полузакрытыми после») деген кеңесі осы орайда орынды айтылған деп айтуға болады.
...