Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек іс әрекетінің мотивациясы

Автор:   •  Февраль 21, 2023  •  Эссе  •  724 Слов (3 Страниц)  •  974 Просмотры

Страница 1 из 3

Эссе

«Еңбек іс әрекетінің мотивациясы»

Негізінен алғанда, адамның қызметке деген мотивациясы - адамды белгілі бір мақсаттарға итермелейтін қозғаушы күштердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл күштер адамның іші мен сыртында болады және адамды кейбір істерді жасауға мәжбүр етеді. Бірақ та бұл күштерді әр адам әр қилы қабылдайды, әркім әр түрлі сезінеді. Көп жағдайда адамның тәртібіне, кейбір іс әрекеттеріне ықпалын тигізеді. Ал енді осы мотив, мотивация туралы, еңбекке деген мотивация жайлы ой талқылайық.

Адамды әркетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Мотив адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады.

Ал мотивация адам қажетсінуінің адамды сыртқа, әрекетке бағыттауы болып табылады. Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке  белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді.

Менің ойымша мотивация беру ол психологиялық түрде адамға үлкен пайда әкеледі. Мотивация адамның өзіне деген сенімділік әсерін тудырады. Мотивацияның жасайтын әрекеттері: жігерлік, тырысу, өзінде тұру, адамгершілік, бағыттылық. Осы әрекеттер арқылы адамда ерік - жігер сезімі оянады. Яғни адамның еңбек атқаруға деген ынтасы ашылады. Былай айтқанда мотивация адамды пайдалы нәтиже, жетістіктерге жетелейді.

Еңбек мотивациясы — бұл жұмысшылар мен жұмысшылар тобын олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорынның мақсаттарына қол жеткізу әрекетіне ынталандыру. Еңбек мотивациясы кәсіп қызметкерлеріне қажетті нағыз қозғаушы күш.  

Еңбек мотивациясы теориясының негізін қалаушы А. Маслоу, Д. МакКлеплавд және Ф. Герцбергтер болып табылады.

Еңбек мотивінің құрамына мыналар кіреді:

қызметкерді қанағаттандыратын қажеттілк, қанағаттандыруға мүмкіндігі бар- игілік, игілікті алуға қажет – еңбектік іс - әрекет, еңбектік іс әрекетті орындауға байланысты жұмсалған материалдық және моральдық тұрғыдағы шығындар – баға.

Еңбек мотивациясы, жігерлілік не үшін қажет?  Адам бір жұмысқа әр түрлі жігерлік танытуы мүмкін. Ол жұмысты бүкіл күшімен немесе жарты күшімен орындауы мүкін. Ол онай жұмысты тандауы мүмкін немесе қиын жұмысты, ол жұмысты шешу үшін қиын әдісті тандуы мүмкін немесе онай әдісті. Осының бәрі адамның қанша жігерлік танытатының айқындайды. Және де тағы бір мотивация болып табылатын кәсіптік ұйым немесе ұжым. Ұйымда жұмыс істеу үшін адам әр-түрлі талпынуы мүмкін. Біреуге жұмыс сапасы жаман болса да бәрібір болса, ал екінші ол жұмысты жақсы істеп, жұмыстан ерінбей, ұйымдағы қарым-қатынасты жақсартқысы келеді. Кей жағдайда осы талпыныстар кейбір адамдарда бәсекелестік сезімін оятуы мүмкін. Айнгаласындағы талпынысы мол жандарды көріп, мүмкін кейбіреулер өзінің жасырын таланттарын ашып қалуы мүмкін. Кез келген нәрсе жұмыстың барысын өзгертуі, жұмысқа деген қызығушылықты арттыруы мүмкін. Сол себепті еңбек қызметкері ретінде еңбек мотивациясының алар орны ерекше.  

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (76.7 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club