Есті психологиялық зерттеу
Автор: Эльвира Есимханова • Сентябрь 17, 2019 • Реферат • 359 Слов (2 Страниц) • 724 Просмотры
Зерттеу хаттамасына есеп беру
Тақырыбы: «Есті психологиялық зерттеу»
Кіріспе. Ес – адамның сыртқы дүние, заттар мен құбылыстарын, өз тәжірибесін бекітіп, сақтап, қайта жаңғыртуынан, тануы мен ұмытуынан көрінетін психикалық бейнеленудің түрі.
Тапсырманың нақтылы тақырыбы. «Пиктограмма әдісі көмегімен жанама есте сақтау өнімділгін зерттеу».
Тәжірибенің мақсаты: Пиктограмма әдісі көмегімен жанама есте сақтау өнімділгін зерттеу.
Зерттеу нысаны: Бейнелік және жанама есте сақтау.
Зерттеу пәні: Тікелей және жанама есте сақтау
Болжам: Бейнелік есте сақтау түрі басым адамдарда, оның көлемі өте жоғары болады.
Керекті құралдары және материалы. «Пиктограмма әдісі арқылы тікелей және жанама есте сақтау» әдістемесінің нұсқасы,алдын-ала дайындалған сөздер тізімі:әрқайсы 12 ұғымнан тұратын 2 тізім, жауап парағы, қалам, қарындаш, секундомер.
1- сөздер тізімі: Көңілді мереке, қиын жұмыс, даму, байланыс, аш адам, байлық, қателік, айырылысу, жылап жатқан бала, саңырау кемпір, достық, шатасу.
2 – сөздер тізімі: Туған күн, соғыс, ой, үміт, қатал мұғалима, билік, қиын сұрақ, бақыт, ауру әйел, тіссіз шал, махаббат, мұң.
Тәжірибенің барысын сипаттау.
1 – нұсқау: «Мен сізге 12 жекеленген ұғымдарды оқимын, мені мұқият тыңдап, мүмкіндігінше көп сөзді есте сақтауға тырысыңыз. Мен жазыңыз дегенде хаттамаға мен оқыған ұғымдарды мүмкіндігінше айтылу тәртібін есте сақтай отырып жазыңыз».
Сыналушы жазу барысында ұзақ ойланған жоқ. Оқылған ұғымдардың 2 ғана жазды.
2 –нұсқау: «Мен сізге 12 жекеленген ұғымдарды оқимын, әрбір сөзден кейін сәйкес торкөзге көрсетілген сөздерді жақсы есте сақтау үшін сурет салуыңыз керек, суреттің сапасы маңызды емес.Торкөзге әріптер мен цифрларды жазуға рұқсат етілмейді. Мен 12 сөзді оқып болған соң, хаттама қағазын көрмес үшін теріс аударыңыз. Мен жазыңыздар деп айтқанда хаттаманың бетін аударып, әрбір торкөздегі суретке сәйкес келетін ұғымды жазыңыздар».
...