Балалардың есін дамытудағы жұмыстар
Автор: bkozhykov • Март 9, 2022 • Курсовая работа • 11,541 Слов (47 Страниц) • 304 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі
Мамандығы:0111013 «Қазақ тілі мен әдебиет»
Курс: 3
Пәні: Психология
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Балалардың есін дамытудағы жұмыстар
Орындаған: Қожықов Б. Т.
Тексерген: Курмантаева А.А.
Ақтөбе 2021 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...............................................................................................................3-4
І Ес психологиясының теориялық негіздері
1.1. Естің психологиялық ерекшеліктері.......................................................5-8
1.2. Естің қалыптасуы мен адам өміріндегі маңызы...................................9-15
ІІ Балалардың есін дамытудағы жұмыстар
2.1. Естің басқа процестерден айырмашылығы........................................16-22
2.2.Бала есінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін бағалау...................22-29
Қорытынды..................................................................................................30-31
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................34
Қосымша ...........................................................................................................35
Кіріспе
Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны ерекше және ол адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды. Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда жаңа туған нәресте де, ересек адам да ақыл есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық кісілік тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым қатынас жасайды. Осындай іс әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық қасиеттері сомдалады, қадір қасиеттері қалыптасады. Ес орталық нерв жүйесінде өтіп жататын және жеке тәрбиені жинақтап сақтау және оны қайта еске түсіруді қамтамасыз ететін процестің жиынтығы деп айтып кеткен жөн.
Бұл негізде есте өмір қайталанбай өтіп кетер еді (Рубинштейн).
Немовтың айтуынша «Ес деп-айналадағы, яғни қоршаған ортадағы жаңалықтардың адам миында сақталып, бекітіле із қалдыруын керек кезде қайта жаңғыртуын айтамыз». «Суреттерді жандық жоғалтпай жаңғыртып сақтай білуді ес деп» атаймыз.
Крупенскийдің айтуынша: «Ес дегеніміз-адам өткен тәжірибесін еске сақтау, естің қалыптасуы және есте қабылдау мен іс-әрекет жасайтын, ойлауын айтамыз».
Ал психолог ғалым Гокоболиннің пікірінше, «Ес есте қабылданған заттарымызды оймен бейнелеуін айтамыз».
Адам ата-анадан туғанда есі болмайды. Естіп, көріп, ұстап танып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды. Сондықтан білген көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айқын сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке бір өзі іске жарамайды. Сол естерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсек, жаман дегеннен сақталса, сонда ғана іске жарайды да сол кезде адам десе жарайды. Мұндай сөзді естігенде жалтақтап, шалқақтап, немесе естіген жерде қайтадан қобалжып сұрап, ұғайын деп таным білдірсе, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де шыға беріп, қалпына қайта келсе естіп-естімей не керек? (А. Құнанбаев 19 қара сөзі)
«Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар. Әуелі көкірегі байлаулы берік болуы керек. Екінші сол нәрсені естігенде я көрген кезде ғибраттану керек. Үшінші сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кедергі нәрселерден қашық болуы керек. Егер кез болып қалса қиынсынбау керек. Ой кеселдері уайымсыз салғырт кезде бір нәрсеге құштаршылық пайда болады. Бұл төрт нәрсе күллі ақыл мен ғылымды тудыратын нәрселер. Ес процесінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жанты жетіле де алмас еді. Егер біздің есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әркез қайта жасап отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығы әр уақытта белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
...