14-практикалық сабақ
Автор: askhatovam • Апрель 15, 2020 • Реферат • 1,409 Слов (6 Страниц) • 770 Просмотры
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
[pic 1]
Тақырыбы: 14-практикалық сабақ
Орындаған:Асхатова Маржан
Тексерген:Баймолдина Л.О.
Алматы- 2020 жыл
Қолданбалы әлеуметтік психологияның пәні, құрылымы, функциялары мен міндеттері. Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зерттеулердің негізгі бағыттары: 1) әлеуметтік ұйымдастырушылық психология; 2) бұқаралық коммуникация құралдарының әлеуметтік-психологиялық аспектілері (СМЖ); 3) заңсыз әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; 4) отбасылық қызметтің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; 5) жарнаманың әлеуметтік психологиясы; 6) Шығармашылық пен өнердің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; 7) Менеджменттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; 8) мектепте, университетте әлеуметтік-психологиялық қызмет; 9) әлеуметтік-саяси психология; 10) тоталитарлық секталардың қалыптасуы мен қызмет етуінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; 11) жалғыздықтың әлеуметтік-психологиялық аспектілері, әлеуметтік оқшаулану; 12) бизнес, менеджмент, банк ісіндегі әлеуметтік психология; 13) Маркетинг психологиясы және т.б. (Конспект)
Әлеуметтік психология- бұл адамдардың әлеуметтік, қоғамдық топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, осы топтардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы болып табылады. Әлеуметтік психология психология және социология ғылымдарының тоғысында пайда болған ілімдер жүйесіндегі ғылым саласы. Әлеуметтік психологияның пәні туралы жалпы қабылданған көзқарастар болмаса да, отандық психология мектебі әлеуметтік психология пәні ретінде-жеке адамдар мен топтардың белгілі бір әлеуметтік қоғамға тиістілігі негізінде, олардың мінез-құлқы, қарым-қатынасы және іс-әрекеттері заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу боп танылады.
Қазіргі ғылымдардағы қолданбалы зерттеудің орны ғылыми білім жүйесінде бірнеше негізгі зерттеу типтеріне жіктелген. Жіктеу белгілі-бір көрсеткіштердің негізінде құрылады. Осы көрсеткіштер бойынша зерттеулер: іргелі және қолданбалы деп екіге бөлінеді. Бұл кез келген ғылыми зерттеудің басым белгісі болғандықтан, басқа зерттеу әрекеттерінде белгілі орын алады. Жалпы алғанда іргелі және қолданбалы зерттеулердің айырмашалығы: бірінші зерттеулерде объектінің даму заңдарын тауып, іздеуге бағытталса, екіншісі нақты зерттеулер ашқан жаңалықтарды тәжірибеде қолдану тәсілдерін жүзеге асырады. Қолданбалы зерттеудің мақсаты тәжірибелік тапсырмалардың шешілуі, нәтижелердің енуі.
Біріншіден, қолданбалы зерттеулер белгілі бір әлеуметтік институт тапсырыс береді, ол белгілі нормалар мен қағидалар арқылы әрекет етуді талап етеді.
Екіншіден, қолданбалы зерттеулер аймағы кәсіби ғылымның нақты қоғаммен қарым-қатынасы, осылайша қолданбалы зерттеулердін үлкен мәселесі ретінде тіл мәселесі пайда болады.
Алынған нәтижелер екі жакка да түсінікті болу үшін терминдер ғылыми тілден тәжірбиелік тілге аудару мәселесі туындайды.
Үшіншіден, қолданбалы зерттеулер арнайы болжам түрін қолданады. Қолданбалы зерттеудің басты мақсаты тәжірбиеде айтылған болжамды нақты өмірде қолдану және тексеру қажет.
Төртіншіден, зерттелушіге нақты нұсқаулар беріп қана қоймай, оларға белгілі бір нақты бағыт-бағдар көрсету керек.
Бесіншіден, қолданбалы зерттеулерде нақты көрсеткіш ретінде тапсырманың нақты шешілуіне қатысатын "теоретик" пен «практик» рөлдері ажыратылады.
Теоретик - белгілі бір процесс туралы ғылыми білім алады. Ал практик оның тәжірбиеде жүзеге асып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зерттеулердің арнайы ерекшеліктері бар.
Әлеуметтік психолог-практиктің рөлі екі жағдайда қарастыруға болады: біріншісі эксперт; екіншісі тренинг топтарының басшысы.
...