Өнімнің тиімділігі мен сапасы. Техникалық және экономикалық есептеулер жүйесі
Автор: 87071737994 • Ноябрь 12, 2022 • Лекция • 811 Слов (4 Страниц) • 216 Просмотры
Дәріс 6. Өнімнің тиімділігі мен сапасы. Техникалық және экономикалық есептеулер жүйесі.
Дәріс мақсаты:экономикалық тиімділік пен сапа түсінігін білу, техникалық және экономикалық есептеулер жүргізу, есептер шығару.
Түйінді сөз:экономикалық тиімділік, сапа, пайда, рентабельділік деңгейі.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Экономикалық тиімділік түсінігі және оның маңызы.
2.Экономикалық тиімділік көрсеткіштері
3.Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін жоғарылату жолдары
Кез келген экономикалық прогрестің негізі – қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру болып табылады. Өндіріс тиімділігі екіге бөлінеді: экономикалық және әлеуметтік-экономикалық.
Әлеуметтік-экономикалық халықтың өндірілген өнім арқылы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбек ету шараларын оңтайландыру, адамдардың жұмыстан тыс уақытта демалу уақытын өсіру. Өндіріс тиімділігі мен оның әлеуметтік жақтарын бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Себебі, олар бір-бірін толықтырады.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік тиімділік - күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдық өндірістің маңызды бөлігі - нәтижелік көрінеді. Экономикалық тиімділіктің критерийі - 1 адам басына шаққандағы ЖҰӨ көлемі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі экономикалық тиімділік түрлері:
- салалық тиімділік
- ауыл шаруашылығы өндірісіндегі кәсіпорынның тиімділігі
- ішкі шаруашылық бөлімнің тиімділігі / бригада, ферма, бөлімдер, цехтар, т.б./
- ауыл шаруашылығының жеке салаларының тиімділігі /өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы/
- ауыл шаруашылығы өндірісінің түрлері мен дақылдар тиімділігі / картоп, бидай, қант, ет, сүт, т.б/
- жеке шаруашылық іс шаралардың тиімділігі / агротехникалық, зоотехникалық, ветеринарлық, инженерлік/
Осы тиімділіктердің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығы нәтижелерінің тиімділігі - ресурстардың тиімді пайдаланылуы, өзіндік құнның төмендеуі, еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады
Экономикалық тиімділік экномикалық нәтиженің осы нәтижені туғызатын ресурстарға қатынасы немесе керісінше ресурстардың экономикалық нәтиже шамасына қатынасы.
Экономикалық тиімділік деңгейі экономикалық нәтижеге қандай экономикалық ресурстар арқылы қол жеткізетіні туралы түсінік береді. Нәтиже неғұрлым көп және ресурстар неғұрлым аз болса, онда өндірістің экономикалық тиімділігі соғұрлым көп болады және керісінше. Тиімділіктің артуы ресурстармен салыстырғанда нәтиже тезірек артады деген сөз. Сондықтан нәтижесінің бір өлшеміне қоғамдық еңбек аз жұмсалады.
Экономикалық тиімділік көптеген және алуан түрлі факторлардың әсерінен қалыптасады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру проблемасын шешудің күрделілігі мен қиындығы ауыл шаруашылығының жеке, оқшау әрекет етпегендігінде, шығындардың бір - біріне өзара ықпал етіп, ұштасып жатуында. Сол себепті ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігінің факторларын үш аспектіде өндірістің ресурстары мен шығыны бойынша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру бағыттары бойынша, осы бағыттарды шаруашылық етудің әртүрлі деңгейінде іске асыру бойынша жүргізген дұрыс.
Ауыл шаруашылығының тиімділігі - ауыл шаруашылығындағы субъектілерінің қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғары көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы. Ауыл шаруашылығының тиімділігі көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігімен, қор қайтарымдылығымен, өзіндік құнмен, рентабельділік, ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымдылығымен және т.б.
Өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін сипаттау үшін жалпы өнім және таза табыс, жер көлемі, еңбек шығындары, негізгі және айналым капиталы толығымен кіреді.
...