Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өзгелерге қызмет ету – өзіңе қызмет ету

Автор:   •  Март 26, 2020  •  Творческая работа  •  675 Слов (3 Страниц)  •  905 Просмотры

Страница 1 из 3

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Мектеп: Р.Тоқатаев

Мерзім: 18.02.2020         сабақ

Сынып: 9 «Б»

Тақырып: Өзгелерге қызмет ету – өзіңе қызмет ету.

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қайырымдылық, риясыз қызмет ету,  жомарттық.

Мұғалім: Уали Майра Арысқызы

Сабақ мақсаты: «Өзгелерге қызмет ету – өзіңе қызмет ету» тақырыбын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: оқушылардың  риясыз қызмет ету туралы түсініктерін  кеңейту.

2.Дамытушылық: оқушылардың қайырымдылық, жомарттық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік:  оқушыларды жомарттылыққа, қайырымдылыққа, халқына риясыз қызмет етулерінетәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылырмен амандасу;

Сергіту сәті : «Кім байқампаз?» ойыны.

- 5 Т – ережесі:

  Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті

Ұшқыш кілем

Ыңғайланып отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Бүгін біз ұшқыш кілеммен саяхатқа аттанамыз. Кілем ауаға көтерілу үшін босаңсуымыз қажет.

Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Қолымыздың саусақтары жылынды, қолымыз жылы, әрі ауыр. Жылу аяқ қолдан жоғарылап іш, кеуде, арқаға жылжыды. Бетіңіз босаңсыды. Ұшқыш кілем жаймен жоғары көтеріліп келеді. Міне, ұшып та кеттіңіз... Үлкен көлдің үстімен ұшып барасыз. Шағалалар ұшып жүр. Жағалауда қайықтар тербетіліп тұр. Көгілдір аспанда бұлттар жөңкелуде. Бұлттардың кейбіреуі үлпілдек қоянға ұқсайды, біреулері мақтаға, кішкентайлары мысыққа ұқсайды. Кілем ақырындап жерге түсіп келе жатыр. Міне, сіз әдемі бақтың ішіндесіз. Айнала гүлге толы, бәрі сізге басын изеп, сәлем беруде, сіз бақтағы соқпақ жолмен жүріп, алаңқайға шықтыңыз. Балалар доп ойнар жүр. Сіздің аяғыңызға доп домалап келді. Сіз допты көріп, жоғары лақтырасыз, доп жоғарыға ұшып кетті. Бұл немене? Сіз де ұшып барасыз. Өзіңіз ұшқыш кілемсіз ұштыңыз. Қолыңыз екі жағыңызда құс сияқты ұшып келесіз. Міне, сізге таныс көл көрінеді, шағалалар қанаттарын бұлғап сәлем жолдауда. Қайықта отырған балықшы сізге қол бұлғайды. Сіз ары қарай ұшасыз. Қасыңызға үлпілдек мысық сияқты бұлт бірге келеді. Сіз төмен түсе бастадыңыз. Міне орнымызға да келдік. Мысық сізге ілесіп келеді. Жып жылы мысық сіздің алдыңызда отыр. Оны сипаңыз да, қасыңызға отырғызыңыз. Басынан сипаңыз. Серуен сізге ұнады деп ойлаймын. Жаймен көзіңізді ашыңыз!

Ресурстар:

5 «Т» ережесі,

(құралдар, буфер, мәлiметтер)

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Қайырымдылық қазақ халқына тән қасиет пе?»

1. Қайырымдылық деген ұғымды қалай түсінесің?

2. Қамқорлық көрсету, басқалардың қамын ойлау, жанашырлық таныту қандай құндылықтардың көрінісі?

3. Қайырымдылықтың, жанашырлықтың, көрінісі қандай ұлттық дәстүрлерде байқалады?

4. Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?

5. Жомарттық  

Оқулық

Бинго әдісі

  1. Дәйексөз.

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің.

                                                    Халық мақалы

  • Дәйексөзді талдату.

4. Әңгімелеу (мұғалім сыйы). Бейнеролик:«Қайырымдылық», « Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді».

1. Бейнероликтен не түсіндіңдер?

2. Қайырымдылық дегенді қалай түсінесің?

3. Қайырымдылық жасау үшін бойыңда қандай қасиеттер болуы керек?

4. Қайырымдылық жасау арқылы  қандай құндылықты бойыңа сіңіресің?

5.Сенің басқаларға көмектесіп, қайырымдылық жасаған кезің болды ма? Айтып бер

5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

1-топ. «Қайырымды адам» постер құрау.

2-топ. Мақалдарды құрастырып, мағынасын түсіндіріңдер.

3-топ.  Берілген ұйқастарға өлең құрастыру.

  1. Топпен ән айту

               Мейірім

Толқимын теңіздей мейірімді көп іздей,
Мына өмірдің жақсылығы жамандықпен егіздей.
Мына өмірдің жақсылығы жамандықпен егіздей.

қайырмасы:
Анаңның сөзіңдей ақ адал сезімдей мейірім керек
Өзгені өзіңдей көретін әппақ пейілін керек
Сенуін керек дүниені жинасаң да сәнімен
Иманмен жиған жан байлығын биік тұрар бәріннен

Ай толған түндей боп,бұлттан шыққан күндей боп.
Жан жүрегіне мейір толсын ,тасқа шыққан гүлдей боп.
Жан жүрегіне мейір толсын, тасқа шыққан гүлдей боп.

қайырмасы:
Анаңның сөзіңдей ақ адал сезімдей мейірім керек,
Өзгені өзіңдей көретін әппақ пейілін керек.
Сенуін керек дүниені жинасаң да сәнімен,
Иманмен жиған жан байлығын биік тұрар бәріннен.
                   

7.Үй тапсырмасы. 

«Күліде, Күн, күлімде!»

                                                 Құрманбай Тозыбаев

 8.Соңғы тыныштық сәті

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сау болыңыздар!!!

Топпен ән айту

Оқулық 132-бет

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (113.9 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club