Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден

Автор:   •  Март 30, 2022  •  Эссе  •  1,247 Слов (5 Страниц)  •  626 Просмотры

Страница 1 из 5

ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ БӨКЕЙХАННЫҢ РУХТЫ ТҰЛҒА

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ

Байдүйсен Ақмерей Нұрсұлтанқызы

«Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК

Жетекшісі: Қозыбағаров Амангелді Ибадуллаұлы

Тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Әлихан Бөкейханның рухты тұлға қасиеттеріне баса назар аударғаны байқалады.

Рухани тұлға дегеніміз кім? Өз басын сыйлайтын, өз отбасын қорғайтын, табиғатты аялайтын, өз жерін қастерлейтін, өз халқына жанашар, әр ісіне саналы түрде жауап бере алатын жан.

Осы қасиеттер ұрпақ бойына қалай дариды? Қазақ қанын таза ұстау  мақсатында жеті ата-бабаға дейін қыз беріп, қыз алмаған. Толыққанды ұрпақ тәрбиелеуде ананың тегіне мән берген. Берілетін тәрбиеге аса мән берген. Бесік жыры мен ертегіден бастау алған тәрбие, өмірден озғанша ата мұрасымен, дәстүрменен жалғасын тапқан.

Осындай керемет тәрбие жолымен жүріп өткен Әлихан Нұрмұхамедұлының бейнесін ашуда, оның ішкі жан дүниесін түсінуде «Алаш» партиясына тоқталмай өту мүмкін емес.

1905-1917 жылдарды қамтыған аса күрделі тарихи кезеңде Ә. Н. Бөкейхан туған халқының ұлт-азаттық күресінің теориялық негізін қалаушы әрі оның саяси серкесіне айналды. 1917 жылдың 13-желтоқсанында қазақтың ұлттық мемлекетінің шаңырағын қайта көтеріп, туын тіккен Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы Саяси Кеңесінің төрағасы болып сайлануы – соның бірден-бір айғағы болатын. Бір сөзбен айтқанда, Алты Алаштың ұлы – Әлихан бүкіл Ресей империясының кеңістігіндегі ықпал-беделді саясаткер, қоғам қайраткері санатына көтерілді.

Әлихан Бөкейхан- қазақ қоғамының реформаторы. «Алаш» партиясының ұлттық бағыт-бағдары бес түрлі ұстанымға негізделді.

Бірінші ұстаным: Жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың        ұйғарымы        бойынша:        «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше,         жер      жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни, жер – Отан, aл, Отанды сатуға да, жекеменшікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әрбір намысты қазақ күрескен, әр қазақтың тері мен қаны төгілген деген тұжырымға саяды.

Екінші ұстаным: Жердің         астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә. Бөкейханның айтуынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.

Үшінші ұстаным: Ә. Бөкейханның жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.

Төртінші ұстаным: Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Егер қоғамның дамуы осы бетімен кете берсе, күні ертең біз «Құранды» да орыс тілінде оқитын боламыз.

Бесінші ұстаным: Тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға        сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

Әлихан Бөкейханның тарихи ұлы ерлігінің бірі қазақ халқының ғасырлар бойғы күрес нысанасы өз мемлекеті туралы арман-тілегін демократиялық тұрғыдан тұжырымдап, ғылыми арнада негіздеп, дербестік принциптерін белгілеп берген «Алаш» партиясын құруы еді.

«Алаш» партиясы 1917-1920 жылдар құрылған қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы. Партия төрағасы Әлихан Бөкейхан сайланды. Әлихан бастаған топтың мақсаты – қазақ халқын жаңа сатыға көтеру, тәуелсіз ел қатарына қосу болатын. Осы мақсатқа жету үшін ғылым-білімнің күшіне сүйенді. Өз заманына лайықты «Қазақ» ұлттық газеті, «Айқап» журналдарын өмірге әкелді.

Жоғарыда аталған «Алаш» партиясын құруға, қазақ арасындағы мәселелерді көтеруге ат салысқан Әлихан Бөкейхан жайлы не білеміз?

Әлихантанушы – ғалым Тұрсын Жұртбай: «Әлихан Бөкейхановтың үш түрлі мінезін ерекше атап өтуге болады. Біріншісі, әрі ең бастысы-ол кісінің турашылдығы. Пікірін айтуда ешкімнен жасқанып, тайсалмайтын батылдығы... Екіншісі, Бөкейханов болмысының салауатты, алдына келген жанның мысын басатын өзгеше жаратылыс иесі екендігі. Бұл жайлы Әлкей Марғұлан, Қалижан Бекхожин, Ғалым Ахмедов, Мариям Мұқанова, Валентина Николаевна Әуезова естеліктерінде ашық жазған... Үшінші қасиетін айтар болсақ, сондай ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал болған. Осы үш мінез Әлихан Бөкейхановтың күрескерлік тұлғасынан бөлек, адами болмысын тереңірек танытады» дейді. Өз заманында осы қасиеттерді бойына сіңіре білген көшбасшы ретінде танылды.

...

Скачать:   txt (16.5 Kb)   pdf (91.3 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club