Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Cөйлеудің пайда болуы, адам организміндегі өзгерістер, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы

Автор:   •  Ноябрь 15, 2022  •  Лекция  •  4,674 Слов (19 Страниц)  •  281 Просмотры

Страница 1 из 19

11-Дәріс.                                                       СӨЙЛЕУ

Дәріс мақсаты: сөйлеудің пайда болуы, адам организміндегі өзгерістер, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы. Ф.Энгельс, Макаренко, Брока, Бернике,И.М.Сеченов т.б. ғалымдардың еңбектері.

Негізгі ұғымдар: диолог, монолог, мәнерлілігі, мазмұндылығы,ішкі сөйлеу, жазбаша сөйлеу.

 

1.Сөйлеу туралы жалпы түсiнiк

2.Сөйлеудiң түрлерi

3.Сөйлеудiң оқыту процесіндегі даму жолдары          

    Сөйлеудің қысқаша мазмұны:

         Сөйлеу туралы  жалпы түсінік - адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетінің өзіндік қасиеті оның дыбысты тілі, сөйлеуі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады. Адам өзінің қажетін өтеуге байланысты адамдармен пікірлеседі, ой алмасады, бұл үшін сол ұлттың, тілдік грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы өте зор болды. Ф.Энгельс маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің шешуші рөлін көрсете келіп, сөз ұжымдық еңбек процесінде қалыптасып келе жатқан адамдардың мұқтаждықтарынан пайда болғандығын айтты. Сөйлеудің пайда болу нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп,  дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке  дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Бұл туралы Ф.Энгельс былай деп жазды: «Маймылдың жетілмеген көмекейі неғұрлым дұрыстап модуляция жасау үшін модуляция жолымен ақырындап, бірақ үнемі өзгере береді, ал ауыз органдары бірте-бірте бір анық дыбыстан соң және сонымен бірге анық сөз ең басты екі стимул болды, осы екі стимулдың әсерінен маймылдың миы бірте-бірте адам миына айналды». Дыбысты тіл еңбекпен бірге, адам санасының дамуының негізгі факторы болып табылады. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің  қолданысына айналды. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы  ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметіне айналды. Тіл сондайақ адамның сана сезімінің, және оның психологиясының көрсеткіші де, және тіл адамды  қимыл-әрекетке  итермелейді, бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады.

      Тіл арқылы  ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу пікір алмасу процесінде жеке адамның тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, ссонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік алады. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды, жеке сөздердің өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрлі реакция  тудырады.

Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организімі анатомиялық өзгерістерге түсіп,  дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты пайда болады. Соның нәтижесінде адам жеке дыбыстарды ғана емес, барлық түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Дыбысты тіл еңбекпен бірге, адам санасының дамуының негізгі бір факторы болып есептеледі. Тіл дегеніміз өзіндік бейнелердің жүйесі. Ол белгілі шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні оның қоғамдық  әлеуметтік мәні. Тілдік белгілердің екінші мәні  олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай  адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді.

...

Скачать:   txt (58.1 Kb)   pdf (142.4 Kb)   docx (24.3 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club