Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогтармен, оқушылармен және ата-аналармен іске асатын инициативалар

Автор:   •  Апрель 8, 2023  •  Реферат  •  842 Слов (4 Страниц)  •  256 Просмотры

Страница 1 из 4

Педагогтармен, оқушылармен және ата-аналармен іске асатын инициативалар

         Отанымызда білім беру жүйесі дамып, жетіліп отыр. Қазіргі таңда   мектеп реформасына көптеген өзгерістер енгізіліп, мектепісінің ішкі-сыртқы жүйесі толығымен жаңаруда. Жаңалыққа сілтеме жасайтын, бағыттайтын, әрине, мектеп директорының орынбасарлары. 

        Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарларының жеке тұлғалық сипаттамасының маңыздысы – өзгеріске бейім, жаңалыққа құштар болуы.  Ұжым мүшелерінің бір-бірінен үлгі алуы, тәжірибе алмасуы, еліктей жүріп үйренуі, бағыт беруі, бағыттауды жолға қоюы – директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарының басты қағидаты.  Мектеп ұжымының қызметіне талдау жасау және бағалау, қойылған мақсатқа жету үшін тәрбиеге қатысушы барлық қызметкерлердің жұмысын үйлестіру мақсатында нормативтік құжаттармен таныстыру, мектепте өтіп жатқан істер туралы ақпарат беру, атқарылған жұмыстар нәтижесін көрсету, талдау жасау қажет.

 Нәтижеде кемшіліктерді уақытында жою, іс-әрекеттер сәйкестігі мен бірізділігін қамтамасыз етуге болады.

Практикалық қызметте педагогтарға көмек көрсету, педагогтар қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты тренингтер мен кеңестер ұйымдастыру нәтижеге жетудің негізгі формалары болып табылады.

       Ал оқушылардың білім сапасын арттыру және қызығушылығы негізінде қарым-қатынас арқылы олардың өмірлік қызметтерін ұйымдастыру мақсатында  жекелеген сұрақтар бойынша оқушыға көмек, қолдау көрсетілді.Оқу-ісі жөніндегі директор орынбасарының нәтижелі жұмысы тек қана педагогтар мен білім алушыға байланысты емес. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен білім беру мекемелерінің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.

Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан баланың алғашқы ұстазы - ата-анасы.

Қазіргі уақытта педагогтардың ата-анамен ынтымақтастығы көкейтесті мәселе болып табылады. Ол ой-пікір, тәжірибе алмасуды көздейді; сондай-ақ ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға бағытталған. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру отбасындағы тәрбиелік әлеует және оны пайдалану арасында туындаған қарама-қайшылықты шешеді. Ынтымақтастықтың құрамды бөлігі – педагогтың ата-анамен қарым-қатынасы.

Тәжірибе мен зерттеулер көрсеткендей, ата-аналар бала тәрбиесінде біртектес қателіктер жібереді, нақты қиындықтарға кездеседі.  Педагогтың міндеті – ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты көмек беру.

 Педагог ата-аналармен жұмыс жүргізуді жоспарлағанда кәсіби құзыреттілігіне сүйенеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында отбасымен жұмыс басты назарға алынған. Жаңа стандартта отбасын баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қарастыра отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптар берілген.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары мен мазмұны

Педагогикалық тәжірибеде ата-аналармен жұмыс жүргізуге педагогтың құзыреттілігі бар.

1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстыру.

2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.

Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.

- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған кездесулер, кеңестер ұйымдастыру;

- қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар беру;

- топтық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты балаларға жүйелі зерттеулер жүргізу;

- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер беру;

Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады.

Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.

         

...

Скачать:   txt (13.3 Kb)   pdf (81.9 Kb)   docx (204.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club