Педагогикалык практика бойынша есеп
Автор: Kanagatkyzy • Декабрь 11, 2020 • Отчет по практике • 2,239 Слов (9 Страниц) • 2,143 Просмотры
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ
«ЭКОНОМИКА» ФАКУЛЬТЕТІ
«МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ практика бойынша
ЕСЕП
практикадан өту орны
«Менеджмент» кафедрасы
Магистрант группы ____[pic 1]___________ Бахтығазинова М.Қ.
қолы аты-жөні
Руководитель практики от предприятия:
___________________ ____________ Толысбаев Б.С.
қолы аты-жөні
Руководитель практики от кафедры:
___________________ ____________ Утарбаева Г.К.
қолы аты-жөні
Нұр-Сұлтан, 2020
Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты - магистранттардың педагогикалық қызметте қолдану мақсатында ақпараттық материалды іздеу және интерпретациялау үшін заманауи ғылыми құралдарға ие мұғалімнің біліктілігін алу.
«Менеджмент» кафедрасы Қазақстан Республикасы ұлттық
экономикасының қазіргі заманғы тенденциялық дамуындағы бизнес міндеттерін және проблемаларын шешуге қабілетті жоғары білікті басқарушыларды дайындауды жүзеге асыратын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Экономика факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кафедра миссиясы білім беру қызметіне инновациялық әдістерді енгізу және үздіксіз білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру, менеджмент саласында жоғары білікті мамандарды дайындау, қазіргі заманға сай тиімді қызмет етуге лайықты бәсекеге қабілетті мамандармен Қазақстан еңбек нарығын қамтамасыз ету.
Кафедраның негізгі мақсаты менеджмент және мемлекеттік басқару саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, университет және білім алушылардың мүддесін қанағаттандыру, әрбір студентке, магистрантқа және докторантқа сапалы білім алудағы оқыту мазмұнын таңдау бойынша кең ауқымды мүмкіндік беру.
Кафедраның міндеттері:
ЖБМС және еңбек нарығының талаптарын толық орындау үшін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру механизмдерінің икемділігін жоғарлату;
кафедра пәндері бойынша теориялық әдіснамалық және практикалық
сабақтарын жоғары деңгейде жүргізу;
жұмыс беруші (бизнес құрылым) өкілдерінің қатысуымен жасалынған және жаңартылған практикалық материалдарын пайдаланатын білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс (өзіндік) жұмыстарына арналған оқу, оқу әдістемелік материалдары мен базасын қалыптастыру,
болашақ менеджердің тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, жеке және кәсіби жоғарлауға ықпал ететін сенім мен дағды, сондай ақ құндылықтар негізінде білім алушыларды жоғары жетістіктіктерге ынталандыру;
білім алушылардың қатысуымен ғылыми мектеп аясында бизнестің көкейтесті мәселелері мен міндеттері бойынша ғылыми практикалық зерттеулер жүргізу;
білім алушылар үшін тәжіибе, машықтану, тренинг ұйымдардың бірге қызмет атқаруы.
Кафедра жыл сайын студенттерге, магистранттарға және кафедра докторанттарына дәріс оқу үшін Еуропа, АҚШ, Қытай және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарынан профессорларды шақырады. Әр жылдары Кемерон А. (БредфордУниверситеті,Менеджмент мектебі, Ұлыбритания), Хажек П. (Прага экономикалық университеті, Чехия), Шарфф В. (НИИ «Қоршаған ортаны талдау және инновациялық технология», Германия), Кудыс Е. (Синзянь мемлекеттік университеті, Қытай) және т.б. жоғары оқу орындарының профессорлары дәріс оқып, сабақ өткізді.
...