Педагогикалык практика бойынша
Автор: 897800 • Апрель 16, 2023 • Отчет по практике • 4,484 Слов (18 Страниц) • 330 Просмотры
Ф.7.27-04
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ» ЖМ
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ» КАФЕДРАСЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БОЙЫНША
МАГИСТРАНТТЫҢ ЕСЕБІ
7М05320 - «Химия» білім беру бағдарламасы
Есеп мынадай бағамен қорғалды _____________ (баға, күні) | Орындаған магистрант: ________ Тұрсынбай Айғаным |
Комиссия | Жетекшісі ______________ |
_________________ (қолы, аты-жөні) _________________ (қолы, аты-жөні) | х.ғ.д., проф. Назарбекова С.П.. |
Шымкент 2022 ж.
Мазмұны
Кіріспе 3
1. «Биохимия» пәннің мазмұны мен мақсаттары 4
2. «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» пәннің мазмұны мен мақсаттары 5
3. Лекциялық сабақтардың құрылымы мен түрлері 7
3.1 «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» пәні бойынша «Поликонденсациялану үдерістері» тақырыбында лекциялық сабақ өткізу...................................................................................................................... 10
3.2 Лекциялық сабақты талдау 14
4. Зертханалық сабақ, зертханалық сабақтардың құрылымы мен түрлері 16
4.1 "ЖМҚ химиясы" пәні бойынша "Радикалды сополимерлену арқылы полимер синтезі" тақырыбында зертханалық сабақ өткізу 18
4.2 Зертханалық сабақты талдау 25
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Педагогикалық практиканың мақсаты – жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімді бекіту және тереңдету, сондай-ақ теориялық білім негізінде педагогикалық іскерлікті, Дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
- педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін алу;
- оқыту және оқыту әдістемесін меңгеру;
- педагогикалық шеберлік негіздерін білу;
- оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- ғылыми - психологиялық және педагогикалық зерттеу дағдыларын игеру;
- тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
- оқытудың инновациялық технологияларын білу;
- білім алушылардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқу және тәрбие жұмысы барысында оларға жеке көзқарасты жүзеге асыру.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі педагогикалық практиканың мақсаттары:
- жоғары мектеп оқытушысының кәсіби дағдыларын қалыптастыру және кәсіби шеберлігін дамыту;
- педагогикалық шеберлік негіздерін, оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізу дағдыларын меңгеру.
Магистранттардың педагогикалық практикасы келесі формаларда өтуі мүмкін:
- магистранттың ғылыми қызығушылығының бағытына сәйкес келетін және магистрлік диссертация жетекшісі белгілеген тақырып бойынша магистранттың дәріс дайындауға қатысуы;
- магистрлік диссертация жетекшісі белгілеген және білім алушының ғылыми қызығушылықтарының бағытына сәйкес келетін тақырып бойынша семинар дайындау және өткізу;
- практика жетекшісінің тапсырмасы бойынша практикалық-зертханалық жұмыстарға арналған материалдарды дайындау, кейстерді, типтік есептер мен тапсырмаларды құрастыру және т. б.;
- студенттер үшін іскерлік ойын өткізуге қатысу;
- практика бойынша курстық жұмыстар мен есептерді тексеруге қатысу;
- практика жетекшісі анықтаған басқа жұмыс түрлерін орындау.
КІРІСПЕ
Педагогикалық практика күнтізбелік жоспарға сәйкес 14.03.2022 жылдан 13.05.2022 жылға дейін өткізілді. Педагогикалық практикадан өту барысында «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» және «Биохимия» пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендер зерттелді.
Магистратурадағы педагогикалық практиканың негізгі мақсаты:
...