Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Практика бойынша есеп

Автор:   •  Февраль 21, 2022  •  Отчет по практике  •  576 Слов (3 Страниц)  •  1,163 Просмотры

Страница 1 из 3

Практика бойынша есеп:

Орындаған:Тоқтаров Мақсат Еркінбекұлы.

1. Тәжірибе өту орнының қысқаша сипаттамасы.

Жауап: Мен Н.Назарбаев 73\1 мекен-жайы бойынша ШҚО Жол полициясы басқармасында технологиялық тәжірибеден өтіп жүрмін.

Бұл ұйымның міндеттері:

1) меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың және өзге де ұйымдардың, Қазақстанның лауазымды адамдары мен азаматтарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді , қағидаларды, стандарттар мен техникалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету;

2) азаматтардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Ұйымның негізгі функциялары:

1) жол жүрісі қағидаларының сақталуын қадағалау;

2) автомотокөлік құралдарын, трамвайлар мен троллейбустарды басқару, жүргізуші куәліктерін беру құқығын алуға біліктілік емтихандарын қабылдау;

3) автомотокөлік құралдары мен олардың тіркемелерін тіркеу және есепке алу, тіркелген көлік құралдарына тіркеу құжаттарын және мемлекеттік тіркеу белгілерін беру.

2. Бөлімшенің қысқаша сипаттамасы.

Жауап:МКИ(Мемлекеттік көліктік инспекциясы) құрамында негізінен саптық бөлімшелер түрінде қалыптасады. "Саптық" термині олардың құрылымы, ішкі ұйымдастырылуы мен бағыныстылық жүйесі әскери құралымдарға жақын екенін білдіреді. Тіркелген көлік құралдарының санына, автомобиль жолдарының ұзындығына, жол-көлік оқиғаларының деңгейіне , сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде қажетті ресурстардың болуына қарай МКИ-дің мынадай бөлімшелері жасақталуы мүмкін:

1) топ;

2) жеке взвод;

3)моторлы взвод (топ);

4) жеке батальон;

5) полк.

"Жеке" атауы бөлімшенің неғұрлым ірі құралымның құрамына кірмейтіндігін көрсетеді.

3. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері.

Жауап:

1)МКИ(Мемлекеттік көліктік инспекциясы)  бөлімшелерінің басшылығына олардың басшылары, басшылардың орынбасарлары мен көмекшілері кіреді. Басшылар мен орынбасарлары бағыныстылардың міндеттерін белгілейді, жеке құрамды орналастыру жоспарларын әзірлейді, бағыныстылардың қызметтік міндеттерін орындауын және заңдылықты сақтауын бақылайды, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, жеке құрамның күнделікті жұмысын есепке алу мен талдауды ұйымдастырады.

2)Штаб құрамына талдау және жоспарлау жөніндегі аға инспектор, заң кеңесшісі, жол қадағалауының мемлекеттік автоинспекторы, іс жүргізуші және машинистер кіреді. Олардың жұмысын штаб бастығы басқарады, оның міндеттері:

- бөлімшенің жұмыс жоспарын құру және жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылау;

- бөлімшенің кезекші бөлімінің жұмысын ұйымдастыру;

- жол-көлік апаттылығын талдау ;

- бұқаралық ақпарат құралдарын және мүдделі ведомстволарды тарта отырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (69.9 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club