Педагог қандай болу керек?
Автор: Asemm777 • Сентябрь 24, 2020 • Эссе • 583 Слов (3 Страниц) • 874 Просмотры
Эссе
«Педагог қандай болу керек?»
«Бір тілді үйренген адамның алдынан бір әлем ашылады», «Қанша тіл білсең, сонша рет өмір сүргенмен тең» деген сөздер менің санамда мәңгі сақталғандай. Осыны өзіме өмірлік қағида ете отыра, ұстаздық жолымды бастаған болатынмын.
Әрбір ұлт өз алдына бір әлем десек, сол ұлттың тілін меңгеру арқылы олардың әлеміне енуге мүмкіндік болары сөзсіз емес пе?!
«Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген ұлы Абай Құнанбайұлының сөзінде үлкен шындық бар. Оқушыларға өзге тілді үйретер алдында сол халықтың тілінің маңыздылығын, мақсатын аша түсу керек деп ойлаймын. Өйткені адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал – тіл. Мен әрқашан өз сабағымда шетел тілін білудің маңыздылығын, оның беретін мүмкіндігін айтып отырамын. Елбасының үштілділік саясатының бастамасы, бәсекелестікке қабілетті ұрпақты тәрбиелеу болғандықтан, бүгінгі заман талабы – шет тілін, нақтырақ айтар болсақ ағылшын тілін меңгеру болып отыр. Әлемнің барлығы осы тілде қарым-қатынас жасайды. Мәселен әлемнің он бес тілін еркін меңгерген қытайлық Люй Сяң алғаш шет тілдерін үйренуді қазақ тілінен бастаған. Тек қазақ тілін ғана емес, сондай-ақ басқа да шетел тілдерін үйреніп алған екен. Өзі үйренген әр тілде емін-еркін сөйлей алады, қарым-қатынас жасайды. Немесе Атыраулық химия мұғалімі Альжанов Әділді айтар болсақ. Халықаралық олимпиадады жеңіп, грант иеленген. Ол да шет тілін жетік білгенін арқасында осындай жетістікке қол жеткізді. Мен оқушыларыма осындай қарапайым адамдардың жетістіктерін айта отырып, тіл үйренудің еш қиындығы жоқ екенін, ниет мен талпынысың болса жетіп жатқанын тілге тиек етіп отырамын. Осындай тұлғаларға қарап әр оқушының ынтасы жоғарылайтынын білемін. Олардың ынталарын көтере отыра, тәрбиеге де көп бөлу қажет.
Ұлы ағартушы Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» дегендей, болашақ ұрпақтың тәрбиесі бірінші орында тұруы шарт. Қазіргі өсіп келе жатқан жастарды таңқалдыру оңай шаруа емес. Өйткені олардың көбі жан-жақты, білімді. Дегенмен тәрбие жағынан алып қарасақ, ақсап жатқан жерлеріміз көп. Кішіпейілділік, сыйластық ұғымдары жоғалып бара жатқандай. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету әрқайсысының қолынан келе бермейді. Мұндай олқылықтың алдын отбасы, қоғам тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Нарық заманында адами құндылықтардың өзгеріп кеткені рас. Ғаламтордың, жаңа технологиялардың, теле-өнімдердің тез арада дамып кетуі – тәрбиенің насихаттық жағына кері әсер еткені сөзсіз. Қазағым «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді. Яғни отбасының бала тәрбиелеудегі рөлі өте маңызды. Мейірімділікті көріп өскен баланың жүрегі махабатқа толы болады. Үйдегі мейірімділіктің жалғасын оқушы мектепте табуы тиіс. Әр ұстаз оның жүрегінің түбінен орын тауып, балаға деген махабатын көрсете білсе, нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз. Ата-ананың, ұстаздың бала бойына сіңірген тәрбиесі мен білімі оны үлкен өмір жолына жетелейді. Ақ пен қараны ажыратуға көмек етеді. Ол өнегелі де ұлағатты сөзбен, үлгі көрсетумен, бағыт-бағдар берумен, жол көрсетумен жүзеге асырылады. Жас балаға тағылымды тәрбие беріп, зердесіне жол табу ұстаз үшін маңызды. Ұстаз - ұлы тұлға. Бүгінде өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар жетерлік. Мұхтар Шахановтың "Әрбір бала күйсандық. Ол күйсандықтың кілтін тапқан ғана аша алады", - дейді ғой. Яғни бала жүрегіне жол тауып, баланың қажеттілігіне орай білім беруге тырысу қажет. Тұлғалық қабілетін ашып, шығармашылығын шыңдап, таланты болса ұштап, дарын қабілеттерін одан әрі дамытып, білімді азамат қалыптастыру менің басты мақсатым. Бүгінде балалармен жұмыс істеу тек теориялық тұрғыда мықты қарулану ғана емес, әдістемелік тұрғыда жақсы қарулану керек. Ұстаздық жолымдағы ұраным - "Алтын алма, білім ал". Яғни білім - мәңгілік азық. Кемел білім жолында баланың дамуына мүмкіндік жасау керек. Мақсатым - сауатты, саналы, жан-жақты, шығармашыл, еліне пайдасын тигізер, Отанын шексіз сүйетін патриот тәрбиелеу.
...