Педагог тұлғасы қандай болу керек?
Автор: fatimadrug • Февраль 12, 2023 • Эссе • 390 Слов (2 Страниц) • 371 Просмотры
Педагог тұлғасы қандай болу керек?
Мұғалім кез келген адамның өміріндегі тұлғасы биік жандардың бірі. Ұстаз шәкірттің өмірінде үлкен орын алады. Шәкіртті тек біліммен сусындату ғана емес, тәрбие беру, жақсылыққа баулу да мұғалімнің басты мақсаттарының бірі.
Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Сол себепті мұғалімдік жауапкершілігі жоғары жұмыстардың бірі.
Баланың қандай адам болып қалыптасуы, отбасынан кейін тікелей мұғаліміне байланысты болуы мүмкін. Баланы қанаттандыратын адамдардың бірден-бірі ұстазы. Осыдан мұғалімнің қандай болу керек екені жарыққа шығады. Мұғалім мейірімді, әділ, балалармен тіл табыса алатын, шыдамды, парасатты болуы керек. Егер оқушы мұғалімді ұнатса, сабағын да сүйсіне оқиды. Сондықтан оқушымен жақсы қарым-қатынас құра білу өте маңызды. Мұғалім психолог, дипломат бола білуі керек. Оқушылардың психологиялық ахуалын бақылап, араларында түсініспеушілік, реніш туса шеше білуі керек. Оқушылар сабақты жақсы түсіну үшін, зерігіп кетпес үшін ұстаз шешен болуы қажет. Дауысы бәсең емес, жоғары, көңілді шығуы керек.
21 ғасыр техниканың дамыған заманы болғандықтан, мұғалімге қойылатын талаптар да өзгеруде. Мұғалімнің сабақ барысында ақпараттық технологияларды, көрнекіліктерді, компьютерлік бағдарламаларды, ойындарды пайдалануы шарт. Мұғалім бір орында тұрмай, үнемі ізденіс үстінде болып, әдістемеге дұрыс өзгертулер енгізуі керек.
Педагог оқушы оған қарап, бой түзейтін жандардың бірі. Сондықтан мұғалім үлгі бола білуі керек. Әрқашан дұрыс шешім қабылдап, таза білім беруі тиіс. Айтылатын ақпараттардың дұрыстығына әрқашан сенімді болуы керек. Өз пәнінің білгірі болуы қажет, үнемі білімін жетілдіуі қажет.
...