Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оғыз қаған ертегісі

Автор:   •  Апрель 1, 2019  •  Реферат  •  736 Слов (3 Страниц)  •  708 Просмотры

Страница 1 из 3

Күндердің бір күнінде Айқаған босанып, көп тектілерден де көрікті ұл тапты. Осы ұл анасының омырауынан бір-ақ рет сүт емді де, одан кейін ет жеп өсті. Қырық күнен соң үлкен бола бастады, сөйледі, жүрді, ойнады. Аюдай алып әрі түкті кеуделі болып өсті. Осы кезден бастап ат мініп, мал бағып және аң аулап бастады. Күндер мен түндер зулап өте шыққан мезгілдерде Оғыз қаған ер жетті. Ол туып, өскен жерде үлкен орман және көп-көп өзендер мен теңіздер бар еді. Әрі осы жерлерді мекендеген көп-көп аң-құстар болатын еді. Сонымен бірге, осы орманда өмір сүретін, малдар мен халыққа шабуыл жасап жүрген үлкен және үрейлі қат деген аң болды. Осылай бүкіл халықтың бойына үрей тудырып жүрген аңды ешнәрседен қорықпайтын Оғыз қаған аулауды ойына алады. Осылайша күндердің бір күнінде өзімен найза, қалқан және садақ оғын алып, Оғыз қаған аңға аттанды. Орманға барып, аңдып жүріп бір бұғыны атып алды. Кейін бұғыны талдың шыбығымен ағашқа байлап қойды. Сосын өзі еліне қайтып кетті. Келесі күні тан ертеңімен келіп қараса, бұғыны қат алып кеткен екен. Орман ішінен Оғыз қаған тағы да аралап жүріп, аюды ұстады. Ол аюды да ағашқа алтын белбеумен байлап, қайта кетті. Жоспар бойынша ертесі таңертен тағы келіп қараса, қат аюды алып кеткен екен. Содан соң, Оғыз қаған осы ағаштың түбінде қатты күтіп тұрады. Күтіп тұрғанда қат келіп басымен оның қалқанына соғылды, ал қаған еш сескенбестен оны найзамен ұрып өлтірді. Қылышпен басын кесіп, өзімен бірге алып кетті.

Бір күні Оғыз қаған тәңіріне жалбарынып отырған сәтте қараңғы болып, көктен бір жарық сәуле түсті. Оғыз қаған әлгі жарыққа қарай барып қараса, арасында жалғыз бір сұлу бар екен. Маңдайында меңі бар, өзгелерден өзгеше ерекше әдемі екен. Оның күлкісі Көк тәңірінің өзін де күлдірте алатындай керемет еді. Оғыз қаған оны ұнатып, үйіне алып кетті. Сөйтіп, күннен күн өтіп, сұлу өмірге үш ұлды әкелді. Үш ұлға Күн, Ай, Жұлдыз деп ат қойды.

Уақыт өте Оғыз қаған тағыда аң аулауға аттанды. Келе жатқан уақытта көлдің ортасындағы ағаштың ішінде жалғыз отырған бір қызды көреді. Сұлулығына сөз жетпестей әдемі екен, көзі көктен де көк түсті, шашы теңіз толқынындай бұйра және тісі маржандай екен. Оны көрген жұрт сұлулығына тамсанып өлерміз деп айтады екен. Осы қызды Оғыз қаған ұнатып, күндердің бір күнінде үш ұл өмірге келеді. Оларға Көк, Тау, Теңіз деп ат береді.Оғыз қаған керемет үлкен той жасады, ел-жұртқа жарлық шашып, шақырып

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (33.5 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club