Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Олигофренопедагогика саласы

Автор:   •  Ноябрь 3, 2018  •  Реферат  •  2,217 Слов (9 Страниц)  •  2,394 Просмотры

Страница 1 из 9

Тақырыбы: Олигофренопедагогика саласы

Мақсаты: Дефектологияның бір саласы ретінде түсінігін қалыптастыру. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер беру, ізденушілік, аналитикалық біліктілік қалыптастыру.

Өткізу формасы: жазбаша хабарлама жасау

Тапсырмаларды орындауға қойылатын әдістемелік нұсқаулар:

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттермен толық танысып, «Зиятында ауытқуы бар балалардың оқуға деген қабілетін арттыру жолдары» тақырыбында конспект құрастырыңыз.  

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Актуальные проблемы диагностики задержки психического развития детей.Под ред. К. С. Лебединской. Москва, “Педагогика“, 1982.

2. Дети с временными задержками развития. Под ред. Т. А. Власовой, М. С.Певзнер. Москва, “Педагогика“,1971.

3. Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (олигофренопедагогика). Под ред. Б. П. Пузанова. Москва, “Academia“, 2001.

4.У. В. Ульбенкова Дети с задержкой психического развития. Нижний

Зиятында ауытқуы бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйым, сыныпта- 12 бала. Бұл мектептегі бағдарламаның мазмұны өзгеше болғандықтан, балалар цензді білім алмайды, оқытудың негізгі бағыты оқушыларды әлеуметтік бейімдеу мен мамандырылған-еңбекке даярлау. Бұл мектептерді бұрыннан көмекші мектеп деп атайды. Көмекші мектептегі оқу еңбек пәні бойынша емтиханмен аяқталады, нәтижелері бойынша оқушылар куәлік алады. Ерекше жағдайларда оқушылар денсаулығына байланысты емтиханнан босатыла алады. Бұл мектепке бірінші сыныпқа бала 7-8 жасында қабылданады. Дайындык сыныптарында 6-8 бала, қалған сыныптарда - 12 оқушығғ дейін оқиды. Бұл мектепке оқу жылы 8-11 жылға дейін созылуы мүмкін. Көмекші мектепте зиятында терең ауытқушылығы бар балалар үшін арнайы сыныптар ашылуы мүмкін. Осы мектептен балаларды тек ПМПК қорытындысымен және ата-анасының келісімімен ғана шығара алады. 10. Эмоциялық-ерік-жігері бұзылғандарға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйым, сыныпта - 10 бала; 11. Кемістік құрылымы күрделі балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйым, сыныпта – 6 бала. Арнайы мектеп білім мен тәрбие беру міндеттерінен өзге психологиялық, және медициналық, әлеуметтік көмек көрсетеді. Әр арнайы мектепте еңбек пен маман алдындағы кәсіби даярлыққа ерекше көңіл бөледі. ҚР "Білім беру" Заңы мен нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкес барлық арнайы білім беру мекемелері білім беру стандарттар бойынша оқытуы тиіс. Бұл мекемелердің барлығы білім беру стандартына сәйкес , балалардың ерекшеліктерін ескере отырып өздігінен оқу жоспары мен оқу бағдарламар негізінде оқу процесін ұйымдастырады. Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалардың басқа категорияларына да арналған мекемелер құрылуда, мысалы ерте жастағы балалар мен аутизм жағдайындағы бар балалар үшін. Кез-келген білім беру ұйымы өз тәрбиеленушісінің өміріне жауапты. Арнайы білім беру мекемелердін барлығының (сегізінші түрден басқалары) түлектері негізгі орта білім алуына болады. Түлектеріне мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Арнайы мектепке баланы тек ата-анасының келісімімен және ПМПК қорытындысымен ғана қабылдайды. Барлық арнайы мектептерге күрделі кемістіктері бар балалар үшін арнайы сыныптар, топтар ашылуы мүмкін. Арнайы мектеп оқушысын жалпы мектепке ата-анасының келісімімен және ПМПК қорытындысы бойынша басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға болады. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы балалар үйі мен кемістігіне қарай мектеп интернаттар құрылған. Егер де бала мұндай мекемелерде білім ала алмаса, онда үй жағдайында білім алуы ұйымдастырылуы тиіс. Интернаттық ұйымдар -белгілі бір категориядағы азаматтарға тұратын орын беріп, білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта білім беру жүйесінің мекемелері. Бала оқу кезеңінде кітаптар мен мектеп кітапхана қорымен тегін қолдануға толық құқылы. Мектептің педагогтары мен психологтары ата-анасымен балаларға кеңес береді. Арнайы мектептер оқушыларын аралық және қорытынды аттестаттау өткізу үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі бойынша бала кезінен мүгедек, I және II топтағы мүгедек балалар барлық пәндерден үлгеретін жағдайда босатылады. Егер бала үйде білім алса, онда бұл оқытуды қаржыландыру мемлекет тарапынан ұйымдастыралады. 5. Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру ұйымдары "Кемтар балаларды әлуметтік және медициналык-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бабының 4 тармағын іске асыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін кешенді көмек көрсету жағдайларды қамтамысыз ету жолында жаңа үлгідегі арнайы түзету ұйымдар ашылған. Арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: оңалту орталықтары (республикалық және облыс деңгейіндегі қалаларда), мектеп жанындағы логопедтік пунктер (мектепте 20 бастауыш сынып болған жағдайда), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (аудан орталықтарында). Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдар қызметтері "Бала құқықтары туралы" БҰҰ Конвенциясына, ҚР "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы". Заңдарына және басқа нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес және осы ережелер негізінде жүзеге асырылады. Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Оңалту орталығы (бұдан әрі - 00.) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімдерінің шешімдерімен құрылады. Оңалту орталығының негізгі міндеттері: 1) сөйлеу тілінде, көру, есту, тірек - қозғалыс аппаратында бұзылуы, оқып - үйрену, қарым - қатынас жасау мен жүріс - тұрысында қиындықтары бар балалар мен жас өспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологиялық - медициналық педагогикалық көмек көрсету; 2) дамуында, оқытуда, қарым - қатынас жасауда, жүріс - тұрысында проблемалары бар балалардың әр түрлі топтарына қатысты жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу; 3) мамандардың пән аралық тобымен (командалық бағалау) балаға қатысты мәселелерді кешенді оқып - үйрену және баланың медициналық, психологиялық, түзету - педагогикалық көмекке деген мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау; 4) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару; 5) жеке, топтық сабақ түрінде түзете - дамыта оқытуды жүргізу; 6) отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарға (заңды екілдерге) ақыл -кеңес беру және оқыту; 7) жалпы білім беру және арнайы (түзеу) білім беру мекемелерінің педагогтарына мүмкіндіктері шектеулі балалардың психика және дене дамуының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жайында әдістемелік басшылық жасау және кеңес беру. Оқыту мазмұны түзеу мекемелерінің білім беру стандарттарымен, оқу жоспарымен және оңалту орталығында түзеу көмегін алатын әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігі ескеріліп, әзірленетін жеке дамыту бағдарламасымен анықталады. ОО-да мүмкіндіктері шектеулі балалардың төмендегідей топтарына көмек көрсетіледі: - дамуында қиындықтар кездесетін 3 жасқа дейінгі балалар. Мектеп жасына дейінгі балалар 3-тен 7 жасқа дейін - психикалык дамуы тежелген балалар; - ақыл- ойында әр түрлі денгейде кемістігі бар балалар; - балалардың церебрап салмен ауыратын және тірек - қозғалыс аппаратының басқа да ауытқушылықтар бар балалар; - жүйке жүйесінін тұқым қуалайтын - дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар; - сөйлеу тілінде ауыр кемістіктері бар балалар; - естуінде ауытқушылығы бар балалар; - балалардың ерте аутизмімен және басқа эмоциялық - еріктік бұзылулармен ауыратын балалар; - көруінде ауыр ауытқушылықтары бар балалар. Сонымен бірге 7-ден 15 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар: - зиятында ауытқушылықтары бар балалар; - аутизммен және баска эмоциялық - еріктік ауытқуылары бар балалар; - жүйке жүйесініи тұқым қуалайтын - дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар; - орташа және ауыр дәрежедегі церебрал салымен ауыратын балалар; - деменциялық әр түрлі түрлерімен ауыратын балалар; - психикалық аурулар салдарынан оқуында қиындықтары бар балалар; - сөйлеу тіліндс ауыр кемістіктері бар балалар; - естуінде ауытқушылығы бар балалар; - көру інде ауытқу шылығы бар балалар. Оңалту орталығын маңызды ерекшелігі 15-тен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге көмек көрсету қызметі. ОО - бірінші кезекте ақыл - ой жеке психикалық дамуында ауыр да тереңдеген ауытқушылықтары бар балаларға және әр түрлі себептермен басқа арнайы (түзеу) ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді. Баланы ОО-на қабылдауды психологиялық - медициналық -педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде жүргізіледі. ОО-дағы түзету - дамыту үрдісін ұйымдастыру оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспармен және орталықтың әдістемелік кеңесінде әзірленетін және бекітілетін сабақ кестесімен реттеледі. ОО-да дамуында әр түрлі ауытқулары бар ерте және мектеп жасындағы балаларға арналған тұрақты топтар құрылуы мүмкін. Бұл топтардағы жұмыс арнайы мектепке дейінгі ұжымдар қызметін реттейтін нұсқамалық -әдістемелік құжаттарға және осы Ережеге сәйкес құрылады. ОО-да қажет болған жағдайда балалардын қысқа уақытқа болуына арналған топтар, біріктірілген топтар, дамуында ауытқушылығы бар балалар мен жасөспірімдердің ата - аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақыл -кеңес беру пункттері ашылуы мүмкін. ОО-да топтар бір жастағы немесе әр түрлі жастағы балалар кағидаты бойынша жинақталуы мүмкін. Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру нақты түзеу көмегінің мазмұны балалардың психикалық және дене дамуы мен жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктеріне орай әзірленетін және 00-жағдайында дербес іске асырылатын жеке - дамыту бағдарламасымен анықталады. Оқу – тәрбие үрдісі баланы психологиялық - медициналық -педагогикалық және клиникалық зерттеу деректерімем шарттастырылған топтарға бөліктеу және жеке ықпал жасау тәсілдерінің негізінде іске асады. Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру. Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың, аудан орталығында 18 жасқа дейін даму мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жас өспірімдерге кешенді медициналық - педагогикалық және әлеуметтік -психологиялық көмек көрсету үшін құрылады ППТК міндеттері: - сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек - қозғалыс аппараты, эмоциялық -еріктік саласы бұзылған, оқуында, қарым - қатынас жасауда, мінез -құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жас өспірімдерді психологиялық -педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық -медициналық - педагоғикалық көмек көрсету; - баланын проблемаларын мамандардың пән аралық командасы (командалық бағалау) арқылы кешенді зерделеу және баланың медициналық, психологиялық, түзеу - педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау; - баланың дамуының әлеуметік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру; - жеке, топтық сабақтар нысанында түзеу - дамыту сабақтарын жүргізу; - отбасы жағдайында даму мұмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту, - даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық және дене жағдайымен даму мүмкіндіктері туралы жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету. ППТК-ға баланы психологиялық медициналық - педагогикалық кеңестің тұжырымы негізінде меңгеруші қабылдайды. ППТК-ға тұрақты және уақытша тұруға мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауды жыл бойы онда бос орын болған жағдайда жүргізіледі. ППТК-да баланың орны ППТК- мен ата - ананың (заңды өкілдерінің) арасындағы шартта айтылған жағдайда сақталады. ППТК- дан балаларды шығаруды меңгеруші ППТК- мен ата - ананың (заңды өкілдерінің) арасында айтылған шарт жағдайында немесе оның ППТК- га келуіне бөгет жасайтын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық тұжырым негізінде жүргізді. ППТК- ы 18 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалар бөлінеді: - 3 жасқа дейін дамуында проблемасы бар; - психикалық даму деңгейі тежелген; - ақыл - ойы кемтар; - бала церебралдық сал аурулары және басқа тірек-қимыл-қозғалысында ауытқушылықтары бар балалар; - сөйлеу тілінде күрделі ауытқушылықтары бар балалар; - арнайы оқытуды талап ететін естуінде ауытқушылығы бар ; - ерте жастағы балалық аутизмі және басқа эмоциялық - ерікті ауытқушылығы; - көруінде күрделі ауытқушылығы бар; - психикалық аурулар салдарынан оқудағы қиындықтары бар - мектептегі дағдыларды игерудегі қиындықтары бар (оқу, жазу және санау). Ауданда арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары жоқ болған жағдайда ППТК-ы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлық категорияларына түзеу көмегін көрсете алады. ППТК- ы ақыл - ойы мен психикалық дамуында ауыр да тереңдеген ауытқушылығы бар балаларға ең алдымен түзеу көмегін қамтамасыз етеді, басқа арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді. Түзеу көмегінің мазмұны балалардың психикалық және дене дамыуның жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерінен әзірленетін және ППТК-жағдайында іске асырылатын жеке дамыту бағдарламасымен анықталады. Жеке - дамыту бағдарламасын әзірлеу мақсатында баланың психика және дене даму жағдайын (командалық бағалау) кешенді тексеру жүргізіледі. Кешенді тексерудің негізгі міндеттері алдағы жарты жылдықта баламен түзеу жұмыстарының басым бағыттарын анықтау болып табылады. Алдыңғы кезеңде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, түзеу жұмыстарының міндеттерін өзгерту қайта командалық бағалау барысында жүргізіледі, оларды өткізу мерзімі 2 жылда бір рет немесе көрсеткіштер бойынша белгіленеді. Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы. Логопедтік пунктті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтік пункте топтардың сыныптардың белгілі бір саны бекітіліп беріледі. Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пункті ашу 14-16 сыныптар болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20 - 30 адам, ауылдық жерде 15-25 адам оқиды. Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің бастауыш мектеп - бала бақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, балалар оқу - тәрбие орталықтар басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы. Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктына ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетико -фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, кекештену, сөйлеудің айту жағы бұзылған (дислалия, дизартрия, ринолалия)) әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады. Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтар мен кіші топтарға бөлу үшін тізімде тіркеледі. Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны- топтық (кіші топтық) сабақтар. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады, ал әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау келесі талаптар бойынша: 1) сөйлеу қабілеті жалпы дамымаған (СЖД) - 3-5 адам; 2) СЖД-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстармен - 3-5 адам; 3) фонетико - фонематикалық жетілмегендер (ФФЖ) - 3-5 адам; 4) ФФЖ-ге байланысты оқу мен жазу бұзылыстарымен - 3-5 адам; 5) кекештенумен - 4-6 адам; 6) дыбысты айту кемшіліктерімен - 5-6 жіберіледі. Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар, сабақтан бос сағаттарда жүргізіледі. Мектепке дейінгі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда немесе "Сөз дамыту және сауаттылыққа оқытуға даярлау", "Бейнелеу өнері", "Еңбек және құрастыру" бойынша сабақтар кезінде жүргізіледі. Кейінгі уақытта, жалпы бұзылыстары бар және тіл кемістігі бар балалардың санының ескені байқалады. Бала - бақшалардың ортаңғы топтарында, тіл кемістігі бар балалар 60 % - құрайды. Олардың жартысынан көбі, I – дәрежелі тіл кемістігі бар балаларға жатпайды және арнайы тілдік топтарға бөлуге де жатпайды. Біз мұндай жағдайдан шығудың себебін логопелдиялық пунктердің ашылуы және кызмет істеуі деп білеміз. Ауданда, қалада, облыста жалпы білім беретін мекемелер жанында бірнеше логопедтік пункт болған кезде аудандық (қалалық), облыстық, әдістемелік кабинеттерде немесе қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарында мұғалім - логопедтердің әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін. 6. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіби білім алуы, оларды кәсіби бағдарлау Кемтар балалар Қазақстан Республикасының білім беру туралы заң актілеріне сәйкес кәсіби білім ала алады. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Кемтар балалардың болашақ кәсіби кызметінің мүмкіндіктері мен сипатын айқындау үшін кәсіби-консультациялық орталықтарда, арнаулы білім беру ұйымдарында кәсіби диагностика жүргізіледі. Кәсіби диагностика - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау. Дамуында кемістігі бар тұлғаның кәсіби мамандықты тандау жағдайы шектеулі болғандықтан, кәсіби даярлау жұмысы да қиындайды. Бұл тұлғалардың кәсіби еңбекке оналту құқықтары мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы Заңдар мен заңнамаларда бекітілген. Жеке оңалту бағдарламасы - баланың соматикалық жай-күйі деңгейінін болжамын, психикалық-дене төзімділігін , отбасының әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қажеттіліктерінің құрылымына, ден қоятын мәселелерінің шеңберіне , құштарлықтарының деңгейіне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық кәсіби қызметке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар тізбесі.

Источник: 
http://line.unoreferat.ru/2105019ref.html

...

Скачать:   txt (32.1 Kb)   pdf (145.9 Kb)   docx (752.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club