Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа техниканы еңгізудіңэкономикалық тиімділігі (өнеркәсіп және кәсіпорын саласы мысалында)

Автор:   •  Март 29, 2019  •  Курсовая работа  •  5,942 Слов (24 Страниц)  •  1,414 Просмотры

Страница 1 из 24

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Экономикалық пәндер (ПЦК)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Кәсіпорын экономикасы» пәнінен

Тақырыбы: Жаңа техниканы еңгізудіңэкономикалық тиімділігі (өнеркәсіп және кәсіпорын саласы мысалында)

Мамандығы: 0515000

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

Мн-32қ топ студенті

Ф.И.О

Жетекші: Русланов Р.Е.

Қарағанды 2018

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау қиындайды, көпсатылы және көпкезеңді сипатқа ие болады. Жаңа техника мен технологияның тиімділігін талдаудың бірінші сатысында жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейі мен тиімділігінің дәстүрлі жалпы және жеке көрсеткіштерін қолданған жөн. 
Жаңа техника мен технологиялардың техникалық дәрежесінің көрсеткіштерінің классификациясы.
        Жаңалықты сәтті іске асыру үшін сәйкес технологиялық шешім және ұйымдастыру және өндірістік аппараттың сәйкес деңгейін таңдау қажет. Қолданатын техника мен технологияның деңгейін талдау тек олардың жаңашылдығы мен приоритетттілігін зерттеу ғана емес, сонымен қатар бұрыннан қалыптасқан жағдайларға бейімделу қабілеттігі, өндірістік аппараттың қайта қалыптастыру қабілеттігі сияқты маңызды қасиеттерін зерттеуді қажет етеді. Техника, технология және ұйымның икемділік сияқты қасиетіне ерекше көңіл бөлу керек. 
Нарықтық кеңістіктің кеңеюімен, көптеп диверсификация жағдайында жаңару темптері және өнім түрлерінің және оларды өндіруде қолданылатын техника мен технологиялар түрлері артуда. Өндірісте бір уақытта әр түрлі өмір сүру стадиялардағы, әр түрлі моделдер мен технологияларға жататын тауар, техника, технологиялар қолданылады. Осыған байланысты техникалық өзгерулер және бұл өзгерістерге өндірістік аппараттың бейімделу қажеттігі жоғарылайды.
Бұрыннан бар өндірістік жағдайларға жаңа технологиялық шешімдердің «сіңіп кету» әсерін арттырудың арнайы тәсілдеріне қажеттілік артады. « Техника – технология - өнім» жүйесі қондырмалы гетерогендік аталатын арнайы әдістемелер бойынша құрылады, яғни функционалды сипаттар бойынша жаңадан әзірленген технологиялық шешімдердің фрагменттері мен бұрыннан бар өндірістік процестердің сәтті үйлесуі.

1.Өндіріске жаңа техниканы енгізу тиімділігін арттырудың экономикалық маңызы

1.1 Жаңартудың мәні, түрлері, нысандары, бағыттары және көрсеткіштері

Өндірістің техникалық базасын жаңарту сапалық тұрғыдан тозған

техниканы модернизациялау, қазіргі заманғы озық техникамен ауыстыру, қолданыстағы құрал-жабдықтарды реконструкциялау және жаңа кәсіпорын құру кезіндегі жаңа техникаларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жаңарту үрдісі үш түрде (қосымша жаңа техниканы енгізу, ауыстыру және модернизациялау), екі формада (пассив және экстенсивті, актив және интенсивті) және төрт бағытта (жаңа құрылыстарды жүргізу, кеңейту, реконструкциялау және техникалық тұрғыдан қайта жабдықтау) жүзеге асырылады.Пассив нысанына қазіргі заманғы озық техниканы енгізу және қолданыстағы табиғи тозған, қазіргі заманғы техниканы бағасы бірдей дәл сондай марка мен модельдегі жаңа машиналармен және құрал-жабдықтармен ауыстыру, сондай-ақ, ішінара модернизациялау жатады. Жаңартудың мұндай нысаны машиналар мен құрал-жабдықтар паркінің техникалық деңгейін жоғарылатпайтындықтан және екінші түрдегі сапалық тозуды жоймайтындықтан, пассив (экстенсивті) деп аталады.Жаңартудың актив (интенсивті) нысанына қолданысқа қосымша түрде қазіргі заманғы озық жаңа техниканы енгізу, оны қолданыстағы табиғи және сапалық тұрғыдан ескірген техникамен ауыстыру, сондай-ақ, екінші түрдегі сапалық тозуды жою мақсатында құрал-жабдықтарды кешенді модернизациялау шаралары жатады. Жаңартудың түрлері мен нысандары технологиялық жабдықтар паркін (ТЖП) перспективті дамытуға қатысты қабылданған экономикалық қағидалар бойынша таңдап алынады. Мұндай жаңарту кешенді модернизациялау арқылы түбегейлі жаңарту және қолданыстағы сапалық тозуға ұшыраған техниканы ауыстыру мен жалпы қаржыны мейлінше аз жұмсай отырып, қосымша түрде өндіріске енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады.

...

Скачать:   txt (89.6 Kb)   pdf (280.5 Kb)   docx (733.3 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club