Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Не ексең, соны орасың

Автор:   •  Март 31, 2018  •  Статья  •  364 Слов (2 Страниц)  •  1,621 Просмотры

Страница 1 из 2

Не ексең, соны орасың

«Адамның бір қызығы бала деген» деп, Абай атамыз айтқандай, бала адамның да, өмірдің де қызығы. Әрбір ата-ана баласының тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалайды.Бірақ баланы осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін, үлкен еңбек, күш-жігер қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейіп, өзімізге қарсы шығып, теріс қылық танытып жатқанда ғана уақытты өтізіп алғанымызды сезіп, опық жеп жатамыз. Өкінішке орай, қазіргі таңда ақ сүтін беріп, аялап өсірген анасын сыйламайтын, жас күнінен қорғаны болған әкесін құреттемейтін жастар көбейіп барады.

Қазақта «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бар. Нақтырақ айтқанда баланың тәлім-тәрбиесі отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты.Яғни, күнәдан қорықпайтын, жаман істерді күнделікті тірліктің бір тетігі деп түсініп, оны өмір сүрудің заңдылығына айналдырған жанұядан жақсы бала шығуы екіталай. Керісінше, тәрбиесі жақсы, көркем мінезді, ата-анасы харам нәрселерден аулақ жүретін отбасылар өсіп, өркендеп отырады. Міне, сондықтан да әрбір әке,  әрбір ана  өз перзентінің ақылды да парасатты азамат болып  өсуі үшін ерінбей еңбектенуі қажет.

Бабаларымыз «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» деген екен. Осы орайда бала тәрбиесі жайлы жазылған  кез келген еңбекті алып қарасаңыз, үш жасқа дейін сәбидің психикалық даму процестері, мінезінің іргетасы, тұлғалық қаңқасы қалыптасып қояды екен. Сол себепті де, қандай істе болмасын, балаға ата-анасы тарапынан еркіндік беріп, оның бастамаларына түсіністікпен қарау керек. Мұндай жаста баланы әр нәрседен  шектей берсе, ондай бала көбінесе  бұзық, ынжық, қырсық болып өседі екен.

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (42.2 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club