Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәтінмен жұмыс жүргізудің әдістемесі

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Реферат  •  5,363 Слов (22 Страниц)  •  873 Просмотры

Страница 1 из 22

Мәтін

Зерттеу өзектілігі:Бүгінгі күнгі жалпы орта білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыруда талай жұмыстар атқарылып, нақты шаралар белгіленіп, іске асырылып жатқанымен, оқыту ісінде түбегейлі мақсатқа жету жолында әлі де көптеген істерді атқару қажеттігі бар.

Соның бірі – қазақ тілі сабақтарында мәтін және мәтін бойынша тапсырмалар арқылы тілді меңгерту мәселесін зерделеу. Себебі мәтінмен жұмыс істеудің бір әдісін тіл үйретудің барлық деңгейінде қолдана беру орынды бола бермейді. Бастапқы кезеңде шағын мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мазмұндау іспетті тапсырмалар орындалса, одан кейінгі кезеңдерде мәтіндегі сөздерге антоним, синоним табу, мәтін бойынша диалог құрастыру, мәтіндегі сөйлемдерді мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу т.с.с. және бұдан да күрделі, оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатын тапсырмалар болуға тиіс.

Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.

Мәтінмен жұмыстың бір ерекшелігі – оқушыларға тілдік заңдылықтар туралы тиянақты мағлұмат беріп, оны оқу әрекетінің барлық сатыларында дамытып отыру тиімді. Дидактикалық мәтіндерді іріктеп, ондағы ой жүйесін қорытындылауға баулу; тіл сөз құдіреті жайында халық ауыз әдебиеті үлгілерін, мақал-мәтелдерді жинату; тіл туралы оқушының ой-пікірлерін, толғаныстарын жаздыру секілді жұмыс түрлерін ұсыну оқушының білімін арттырады.

Оқушылар сабақ үстінде өз ойын еркін жеткізе алмай, мұғалім қойған сұрақтарға толық жауап бере алмайды, мұндай жағдайлар көпшілік алдында қысылып, өзін еркін ұстай алмағандықтан да болады. Бірақ олар жазба жұмысына келгенде өз ойларын тиянақтап, жүйелі түрде жазуы мүмкін. Сондықтан мәтінмен жұмыс жасауда берілетін тапсырмалар оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін қатар дамытуы керек.

Зерттеу мақсаты:бастауыш сыныптақазақ тілі сабақтарында оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау әдістемесін көрсету.

Зерттеу міндеті:

  •  психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден материалдарды жинастыру,
  •  тақырып бойынша жинаған материалдарды іріктеу,
  •  мәтін ұғымының мәнін ашу,
  •  мәтіннің құрылымдық мазмұны мен түрлерін талдау,
  •  мәтінмен жұмыс жүргізудің әдістемесін қарастыру,
  •  ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамытуды анықтау.

Зерттеу обьектісі:қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеулерін дамытудағы мәтінмен жұмыс жасау үрдісі.

Зерттеу пәні: мәтінді оқыту әдістемесі

Зерттеу әдіснамасы: И.Р.Гальпериннің, З.Ерназарованың, А.Жұбановтың мәтінмен жұмыстың ерекшелігі туралы тұжырымдары, М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Манасбаев, М.Томановтардың ауызша және жазбаша сөйлеудің ерекшелігі туралы еңбектері.

Зерттеу әдісі: мәтінге арналған зерттеулерді жинақтау, теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау, іріктеу, талдау.

Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, 2 бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.

Мәтін – тіл білімінің объектісі ретінде ХХ ғасырдың соңғы 20-30 жылдарында қарастырыла бастады. Мәтін – тіл бірліктерінің барлық басқа түрлерінен өзгеше келетін өзіндік ерекшелігі мол бірлік ретінде танылады.

Осы күнге дейін мәтін деп нені тану керектігі толық айқындалмай, мәтінге әр түрлі анықтамалар беріліп жүр. Бұл ерекшелік оның өте күрделі тілдік кұбылыс екенімен және әрбір зерттеушінің ұстанымымен байланысты түсіндіріледі.[1, 255-б.]

...

Скачать:   txt (75.4 Kb)   pdf (410.2 Kb)   docx (157.4 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club