Көне тyркi жазба ескерткiштеiндегi фузиялык өзгерiстер
Автор: AyalaBaktybai • Октябрь 22, 2023 • Реферат • 1,512 Слов (7 Страниц) • 199 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АКАДЕМИК С.ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
[pic 1][pic 2]
СӨЖ 1
КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕІНДЕГІ ФУЗИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
ОРЫНДАҒАН: БАҚТЫБАЙ АЯЛА
ҚАБЫЛДАҒАН: РАЕВА Г.
Қазақ тіліне тән дыбыс өзгерістері түбір мен қосымшаның шегінде де байқалады. Дыбыстардың үндесу заңдылығы жалпы түркі тілдеріне тән болса да, оның осы позициядағы көріністері барлық түркі тілдерінде бірөңкей болып келе бермейді. Қазақ тілінде осы позицияда болатын дыбыс өзгерістері, жалпы түркі тілдерін былай қойғанда, қыпшақ тобындағы тілдерде де бірыңғай емес.
Н//д//т. Бұл өзгеріс түбір мен кейбір септік қосымшаларының арасында болады. Фактілерге қарағанда, ілік септіктің алғашқы формасы н әріпі болған. Кейін, көне түркі тілінде және ұйғыр тілінде ол ң-ға айналған да, дауыссызға біткен түбірге жалғанғанда байланыстырушы дауысты -s пайда болған: -ың. Сонан соң есімдікке негізделген септеудің нәтижесінде -н қосылған: -ның. Оңтүстік батыс тілдерде дауыссыздарға біткен түбірлерге ескі күйінде -ың болып жалғанады.
Табыс септіктің қосымшасы көне түркі және ұйғыр тілдерінде
-ғ,-ығ, -іг түрінде болса, кейін есімдікке негізделген септеу жүйесі…ен -ны, -ні болып қалыптасты,
Бұл қосымшалардың қайсысы да түбірдің соңғы дыбысының әсерімен көптеген түркі тілдерінде -д, -т дыбыстарына өзгереді. Ал қазақ, алтай, т. б. тілдерде дауыстыдан кейін -ның, -ны, сонордан кейін -дың, -ды, қатаңнан соң -тың, -ты. Ал қырғыз тілінде сонордан кейін де ілік септік -дың. Төлеуіт тілінде ілік пен табыс барлық жағдайда да -дың, -ды. Қойбол, қарағас тілдерінде тек қатаңнан
соң ғана -тың, -ты, басқа жердің бәрінде де -ның, -ні, Ал, башқұрт, құмық тілдерінде барлық жағдайда да -ның, -ны.
М//б-п. Бұл өзгеріс тек қазақ тілінде ғана емес, башқұрт, түрікмен, тува тілдерінен басқа түркі тілдерінің бәріне дерлік жайылған. Қазақ тілінде түбір мен қосымшаның шегінде бұл өзгеріс, негізінен, мына түрде көрінеді: дауыстылардан соң -м, сонорлардан соң -б, қатаңдардан соң -п. Бірақ кейбір тілдерде бұл заңдылық әртүрлі қалыптасқан. Мысалы, азербайжан тілінде тұйық рай жасай-
тын қосымша б-дан басталса (оп - бек), болымсыздық аффиксі де б-дан басталады (оп-бе). Сөйтіп түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса да, қосымша ұяңнан басталғаны көрініп тұр. Сол сияқты, қырғыз тілінде сұраулық шылаудың екі түрлі фонетикалық варианты бар, бірі б-дан басталады (бы: келді би?), екіншісі п-дан басталады (пы: келип пи?). Тіркескен сөздің соңғы дыбысы дауысты, сонор болса -бы, қатаң болса -пы. Алтай тілінде де осындай. Ал башқұрт тілінде сұраулық шылаулар тек м дыбысынан ғана басталады.
Тарихи тұрғыдан сөз құрамында белгілі бір дыбыстың болмауы мүмкін де, бірақ тілдің даму барысында пайда болып қалыптасуы ықтимал. Әдетте, тіл білімінде протеза, эпентеза деп аталатын құбылыстар этимологиялық тұрғыдан сөз құрамында болмаған, тілдің даму барысында пайда болып, қалыптасқан дыбыстарды еске салады. Протезалық және эпентезалық дыбыстардың пайда болуы қазақ сөздерінің тарихи қалыптасқан құрамынан туатын ерекшелік.
Түркі сөздері, сол сияқты қазақ сөздері де, іргелес айтылған екі дауыссыздан л, р дыбыстарынан басталмайтыны белгілі. Сырттан, басқа тілден енген сөздердің барлығы да елімізде қалыптасу процесінде осы заңдылықты сақтайды.
...