Күннің екінші жартысы
Автор: gulmaral1991 • Май 3, 2018 • Лекция • 371 Слов (2 Страниц) • 13,322 Просмотры
Күннің екінші жартысы
Балалар түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін жуынады, бесін тамақ ішеді, серуенге шығады. Серуен барысында балалардың мәдени – гигиеналық дағдыларын дамыту, дербестігін тәрбиелеу, олардың жек басының моральдық сапаларын қалыптастыру жұмыстары жалғасын табады. Күннің екінші жартысында күн тәртібіндегі ойынға, ал ересектер топтарында балаларды еңбекке араластыруға біраз уақыт бөлінеді.
Мектепке дейінгі ұйымда кешеке қарай ата – аналармен жұмыстар: әңгімелер, жеке және топтық кеңестер, жиналыстар, семинарлар мен практикумдар өткізіледі.
Күннің екінші жартысындағы негізгі іс – әрекет – ойын. Балалар жеке де, шағын топ болып та, бүкіл топ болып та ойнауы мүмкін. Ерсек топ құрылыс материалдарымен ойындар ұйымдастырылады. Мұндай ойындар күрделі болғандықтан оларды балалардың ұйымдастыруы қиынға соғады, оған тәрбиеші кеңес беріп, ойынға араласып көмек көрсетеді.
Қимылды ойындар да пайдаланылады, олар серуен кезінде аулада немесе топ бөлмесінде өткізілуі мүмкін.
Күннің екінші жартысында еңбек әрекеті ұйымдастырылады – аптасына бір рет бүкіл топ болып топ бөлмесін жинайды. Балалар ойын бұрышындағы ойыншықтарды, құрылыс материалын шкафқа жинап, қуыршақ киімдерін жуады. Сәби топта балалар тәрбиешіге көмектеседі, ал ересектер тәрбиешінің басшылығымен еңбек әрекетін өздері орындайды.
Ересектер және мектепке даярлық топтарда шаруашылық – тұрмыстық және қол еңбегі ұйымдастырылады. Балалар бірлесіп ауладағы ойынға арналған ойыншықтар: зырылдауықтар, қайықтар, сөмкелер жасайды. Сәби топтар: қағазды әперу, кітапты ұстай тұру сияқты жұмыстармен тәрбиешіге көмектеседі. Ал ересектер мен мектепке даярлық топтардағы балалар өздері жасайды: жыртылған кітаптарды түптейді, сынған ойыншықтарды жөндейді, сәби топтағы балаларға сылтау үшін ойыншықтар жасайды, тәрбиеші басшылық етеді.
Еңбек тапсырмалары барлық топ балаларына беріледі.
...