Казак морфологиясындаfы жаналыктар
Автор: aiiis_b • Сентябрь 20, 2020 • Курсовая работа • 12,418 Слов (50 Страниц) • 349 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ, ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Ғылыми жоба тақырыбы:
ҚАЗАҚ МОРФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Жобаның авторы: Багитова Айсулу Болатовна - 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті.
Ғылыми жетекші: Айтмукашова Аида Айтмукашовна - С.Аманжолов
атындағы ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы кафедрасының
доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
Өскемен, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТІЛДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ, ОНЫҢ САЛАЛАРЫ
1.1 Грамматика саласы
1.2 Грамматиканың басты салаларының бірі - морфология
2 СӨЗ ТАПТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
2.1 Сөз таптарының түрлеріне байланысты жаңалықтар
2.2 Сын есім және оның шырай категориясы
2.3 Етіс категориясына байланысты жаңалықтар
2.4 Қимыл есімінің өзіндік ерекшеліктері
2.5 Одағай және оның түрлері
2.6 Модаль сөздер сөз табы ретінде
3 ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 3.1 Қосымшалардың түрлері
3.2 Нөлдік формаға байланысты көзқарастар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның өзектілігі. Қазақ тіл білімінде морфология ғылымының ана тілімізде қалыптасуы халқымыздың даңқты перзенттерінің бірі де бірегейі Ахмет Байтұрсыновтың зерттеулерінен басталады. Сондай-ақ, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Е.Жанпейісов, Н.Оралбаева, Ы.Маманов, А.Ысқақов, С.Исаев т.б. өз мамандығын терең меңгерген білгір ғалымдардың сол кезде айтатын құнды пікірлері мен ғылыми тұжырымдарының қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарымен, өзекті мәселелерімен сабақтас келетіні ерекше назар аударарлық.
Оқулықтар мен ғылыми грамматикаларда тілдің грамматикалық құрылысының басты ұғымдары болып табылатын грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория, олардың тілдік құбылыс ретіндегі орны және бір-бірімен өзара сәйкестігі, байланысы, ерекшеліктері, әрқайсысының шегарасы айқындалмай келді. Жаңашыл ғалымдар профессор С.Исаев пен Ы.Маманов, Е.Жанпейісов өздерінің ғылыми зерттеу еңбектерінде бұл мәселелерді нақты тілдік материалдар арқылы ғылыми дәлелдеулер нәтижесінде талдап, саралап берді. Олардың әртүрлі пікір қалыптастыруға негіз болып жүрген қосымша морфемаларға берген тұжырымды ойлары, грамматикалық мағына, грамматикалық категорияға, сөз таптарына, модаль сөздерге байланысты құнды пікірлері қазақ тіл білімінің нәтижелері негізінде жасалатын қазіргі қазақ тілінің функционалды грамматикасын дамытуға қосылатын құнды көзқарас, тұжырымдары деп санаймыз. Міне, осы айтылғандар зерттеу нысанына алынып отырған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Жобаның мақсаты – қазіргі қазақ тілінің морфология саласындағы жаңашыл теориялар мен көзқарастарға шолу жасап, олардың нормативті грамматикада көрініс табу ерекшеліктеріне тоқталу.
Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
- Қазақ тілі морфологиясының негізгі мәселелеріне шолу жасау;
- Қазақ морфологиясының даму үдерісіне тоқталу;
- Қазақ морфологиясындағы жаңалықтарды толық сипаттау;
- Негізгі грамматикалық ұғымдарға байланысты көзқарастарға тоқталу;
- Нөлдік формаға байланысты жаңа көзқарастарды саралау;
- Қосымшалардың жіктелуіне байланысты жаңалықтарға тоқталу;
- Модаль сөздердің сөз табы ретінде берілуіне сипаттама беру;
- Етіс пен шырайдың түрлеріне байланысты жаңалықтарға тоқталу, одағай мен үстеудің, есімше, көсемше, қимыл есімінің түрлеріне байланысты жаңаша жіктеулерге шолу жасау.
Зерттеу нысаны – қазіргі қазақ тілі морфологиясының өзекті мәселелеріне қатысты жаңашыл іргелі зерттеулер мен ізденістер.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы.
- Қазақ морфологиясының ғылым ретінде даму жолдары сараланады;
-Морфологияның әр алуан мәселелеріне байланысты тың тұжырымдар сипатталады;
...