М.Жұмабайyлы поэзиясындаfы кырfыз-казак бауырластыfы
Автор: erasul • Февраль 25, 2019 • Реферат • 1,671 Слов (7 Страниц) • 453 Просмотры
М.ЖҰМАБАЙҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ БАУЫРЛАСТЫҒЫ
ХХ ғасыр – ғарыш жылдамдығымен жүзеге асқан өзгерістер мен төңкерістер ғасыры болды. Жаңа дәуірдің келуімен әлемде жаңа тәртіп орнады. Бірінші жаһан соғысының зардаптарынан есін жинай алмаған дүние, ендігі кезекте отаршыл елдердің жаңа қитұрқы саясаттарының құрбаны болып жатты. Ендігі кезекте Ресей патшалығы келмеске кетіп, «империя» атты түрмеде жасаған ұлттар үшін үміт оты жарқ етті. Алайда, коммунистік болашаққа сенген оптимистердің сенімдері ақталмады. Кеңес үкіметі патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының кейбір элементтерін өзгертіп, оны коммунистік ойлармен синтездеп, жаңа «кеңестік» идеологины ойлап тапты. Оның нәтижесін тарихтан көруге болады. Үш реңді патша байрақтары қызыл түске боялғандай, бұрынғы империя калониялары да қызыл қанға тұншығып жатты.
Осындай алмағайып заманда қазақ ұлтын түнектен сүйреп шығаратын пассионар тұлғалар. Олардың қатарындағы алаш ұранды азаматтардың шоғыры биік еді.
Алаш ұранды ақындар арасында М.Жұмабаев есімі қашан да ерек тұрады. Өз шығармаларында бүкіл түркі дүниесінің бірлігін жырлап кеткен ақын, біздерге мәңгілік мқра қалдырып кетті. Күллі түркі әлеміне белгілі оқымысты Ахмет Зәки Уәлиди Тоған: «Қазақтың ұлттық ақыны Жұмабайұлы Мағжан... өз жырларын тікелей Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу бойын мекендеген қалың қазақ пен таулық қырғыздарға арнаса да, оларға бүкіл түркінің және Түркістанның шерін жеткізді, түркілердің бұрынғы шат-шадыман өмірін елестете білді»,- деп жазады [1,9 б.].
М.Жұмабаев – қырғыз бен қазақ халқының арасына жырларымен алтын көпір орнатқан ақын. Поэзиядағы оның бұл қыры көп айтыла бермейді. Солай екен деп, ақын поэзиясындағы «қырғыз» тематикасы жоққа шығара алмаймыз.
Ақынның «Алатау» өлеңінде ақынның қырғыз халқына деген ыстық пейілі анық көрінеді. Ақын танымында Алатау – асқақтықтың, кеңпейілділіктің, сұлулықтың, азаттықтың мекені. Өлең Алатаудың тұмса табиғатын, флорасы мен фаунасын сипаттаудан басталады. Ол Алатаудың ғажайып пейзажын жасай отырып, онда жасаған халықтың да тегін ел еместігін оқырман ойына жеткізеді. Иірілген айдаһардар ашулы асқар, жауһардай жарқыраған аппақ шаштар секіді теңеулерден ақын тілінің ерекше көркемдігі көрінеді. Алатаудың асқақтығын көрсету үшін «Шыңдары Арсымен араласқан» деп гипербола тәсілін қолданады. Арсы (аршы) – ислам дінінде Алла Тағаланың өзінен басқа ешкім толық қамти алмайтын тағы. Ақын бұл тіркесте оны ғарыш, космос, шексіз аспан кеңістігі мағынасында қолданып тұр. Мағжан бұл өлеңінде кейіптеулерді жиі пайдаланады. Мысалы,
Бір шетте жынды Қошқар Шуға шапқан,
Сусамыр арқасында сылдыр қаққан.
Арасан әулиенің ыстық жасын,
Жиып ап, Ыстық Ата дауырыққан. [2,36 б.].
Шу – бастауын Тескей Алатауынан алатын Қырғызстандағы ірі өзендердің бірі. Қошқар – Шу өзенін түзетін өзендердің бірі. Ақын бұл өзеннің ағындылығына байланысты оны жынды Қошқар деп суреттеген. Арасан – жерастынан шығатын минаралды ыстық бұлақтар. Қазақ, қырғыз халықтары бқл сулардың емдік қасиеттерін ерте түсініп, оларды қасиетті санаған. Ақын сол себептен Арасанды әулие қатары, ал оның ыстық бастауларын ыстық жас ретінде суреттейді. Бұл өлең жолдарынан ақынның жергілікті халықтың мифологиялық көзқарастарын ұтымды қолдана білгенін көреміз. Ыстық Ата – қазіргі Шу облысындағы өзен, шипажайлы мекен.
Өлеңдегі ерекше назар аударарлық кейіптеудің бірі – Алатау ана образы. Ақын: «Алатау – алып ана көкпен талас,
Арда емген сол ананы тентек Талас», - дейді. Бұл ана өз кезегінде Аспан ананың, Көк ананың перзенті ретінде суреттеледі:
Айбынды Аспан-ана алып туған.
Бөбегін бөлеп қойған меруерт қарға. Жалпы түркілік танымда аспан, яғни көк пен Тәңірі (Құдай) сөздері синоним ретінде қолданылған. Аспан – мәңгіліктің, ұлылықтың символы. Бұндай тұжырымдарды сонау герадоттың сақтар турасындағы жазбаларынан байқауымызға болады. Яғни, аспан – ежелгі көшпенділер ойынша Құдайдың мекені, адамға көрінетін белгісі және тіршіліктің негізі. Алатауды ана ретінде сипаттауында да ерекше мәне бар. Жалпын ақын поэзиясында осындай «Аналар» бейнесі көп. Мысалы,
...