Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХ Ғасырдын басындаfы казак Әдебиетi

Автор:   •  Март 16, 2019  •  Анализ учебного пособия  •  8,274 Слов (34 Страниц)  •  654 Просмотры

Страница 1 из 34

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ [pic 1]

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 Ж. Құлыбекова

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

пәні бойынша дәрістер курсы

«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін

        Петропавл қ.

2017 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан

мемлекеттік университеті

«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Ж. Құлыбекова

 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

        пәні бойынша дәрістер курсы

Петропавл қ.

2017 ж.

Пікір жазушы

..... «Қазақ филологиясы» кафедрасының ..............

Әзірлеген:

Құлыбекова Ж.С., ф.ғ.к., доцент

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

№1 ДӘРІС

ХХ ҒАСЫРДЫҢ  БАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

ХХ ғасырдың  басындағы (1900-1920) қазақ әдебиеті дамуының күрделі сипаты. Қазақ даласының Ресейге  қосылуы XIX ғасырдың орта кезінде аяқталды. Осыдан бастап, Қазақстан әкімшілік басқару жағынан болсын, саяси-шаруашылық жағынан болсын Ресейге  тәуелді күй кешті. Ресей тұрмысында болған экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени дамулар азды-көпті, ертелі-кешті Қазақстанда да болып, қазақ халқы өмірінің әр саласына әсерін тигізіп отырды.Капитализм ішкі Ресейдің өзінде терең бойлап тамырлап өсумен қатар шет-шалғай өлкелерге, бұрын артта қалған, жер жүзілік базарлардан аулақ жатқан жерлерге де тарады, өркен жайды: Кавказға, Орта Азияға, Сібірге, қазақ даласына жайылды. Солардың шаруашылық, саяси, мәдени өмірлеріне әсер етті.

Сонымен, XIX ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда да капитализм дәурен сүрді: өлкеде сауда-саттық, ұсақ, қол өнеркәсіп, отырықшылық, егін салу көбейді, тау-кен өндіріс орындары, темір жолдар салынды. Өндіріс күші дамып, шаруашылықтың өнімі артты.

Оқу- ағарту ісінің жедел өрістеуі. Оқу түрлері, мақсаты. XX ғасырдың басында қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысы екі түрлі болды. Оның бірі – мұсылманша оқу, екіншісі орысша еді.

Қазақ арасында діни, мұсылманша оқу Қазақстан Ресейге қосылмай тұрып та бар еді: әр жерде жеке ауыл болып, бірнеше ауыл болып бірігіп, ортадан молда ұстайтын, балаларды соған беріп оқытатын еді. Қазақстан Ресейге   қосылғаннан кейін де көпке дейін осылдай болып келді.

XIX ғасырдың ақырынан XX ғасырдың басынан бастап жаңа, төте оқу – ұсулы жәдит шығуға байланысты, қазақ арасындағы мұсылманша оқу Бұхара, Қазан жағындағы мұсылманша оқудың үлгісі, тәртібі бойынша мектеп (бастауыш оқу), медресе (орта дәрежелі оқу) болып аталады. Олар 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өмір сүріп келді.

Бірақ қазақ арасындағы мектеп, медреселердің аты бар, заты жоқ еді. Олар мейлі үйі, шарауашылық тұрмысы жағынан болсын, мейлі оқу-тәрбие жағынан болсын төмен дәрежеде, нашар халде болар еді.

Баспасөз ісінің қанат жаюы. Қазақ жеріндегі ең алғашқы газет-журналдар. «Серке» газеті. Бұл газет Петерборда татар тілінде шығып тұрған «Үлфәт» деген газетке қосымша ретінде 1907 жылы Петерборда шыққан. Бір нөмірі шығып тоқтап қалған. Редакторы хажы Ыбраимов деген кісі болған.

 «Қазақ» газеті. «Қазақ» Орынборда, 1913 жылы 2 ақпаннан шыға бастады; 1918 жылдың  аяқ кезіне дейін шығып тұрды. Қалыпты көлемде, алғашқы кезде жетісіне бір рет, кейін жетісіне үш рет шықты. Қазақ арасына көп тарады.

Жоғарыда айттық: XX ғасыр басында қазақ тілінде 200 шақты кітап басылып шықты дедік. Солардың ішінде 65-70 шамалы кітап қазақтың сол кездегі ақын-жазушыларының күнделікті тақырыпқа, сол заман тақырыбына жазған шығармалар жинақтары, дастан, поэмалары, әңгіме, романдары – яғни төлтума шығармалары. Бұлардың тақырып, мазмұны жағынан, көлемі жағынан болсын көрнектілері мыналар деуге болады:

...

Скачать:   txt (113.4 Kb)   pdf (273.3 Kb)   docx (758.7 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club