К.Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясы
Автор: Simplestudent • Декабрь 9, 2022 • Курсовая работа • 3,891 Слов (16 Страниц) • 216 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж
Жалпы кәсіптік ПЦК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
К.Д.УШИНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Пән: Педагогика
Орындады: Кукаева А.Ш.
Ғылыми жетекші:Мухамеджанова Г.С.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ___
Көкшетау,2022
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................... 3
1 бөлім. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясы ...................................
1.1. К.Д.Ушинскийдің педагогика теориясының ерекшелігі және
өзін-өзі тәрбиелеу .................................................................................................
1.2. К.Д.Ушинскийдің халықтық идеясы және адамгершілікке
тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері ..................................................................
2 бөлім. Мектеп оқушыларының адамгершілікке және өзін-өзі
тәрбиелеу ерекшеліктерін эксперименталдық зерттеу жолдары ............... 2.1. Мектепте білім алушылардың өзін–өзі тәрбиелеудің зерттеу
жұмыстары .............................................................................................................
2.2 Жүргізілген зерттеу жұмыстарының талдаулары мен нәтижелері ............
Қорытынды .........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі ............................................................................
Қосымшалар ..........................................................................................................
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі заманда білім алу саласында өзгерістердің болуына байланысты, К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясы жайында зерттеу тақырыбын алдық. Себебі, "Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады,"–деп айтып кеткен К.Д.Ушинский [1].
Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Оқытудың білім беру қызметі бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
- білімнің толықтығы оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
- білімнің түсініктілігі оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;
- білімнің әрекеттілігі жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру-тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.
Зерттеудің нысаны: Педагогика теориясы
Зерттеудің пәні:К.Д.Ушинскийдің теориялық білім беру процессі.
Зерттеудің мақсаты:К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясының бүгінгі жалпы орта білім беруде алатын орнын анықтау, практикада тексеру
Зерттеудің міндеттері:
- К.Д.Ушинскийдің тәрбие теориясы;
- Ушинскийдің халықтық идеясы ;
- Өзін-өзі тәрбиелеу ережесі;
Зерттеудің болжамы: Егер біз, білім алу мекемелерінде К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясын балаларды тәрбиелей отырып, оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы, заман талабына сай оқушының ой-өрісін одан сайын кеңейтіп, қызығушылығын арттырсақ, онда, оқушылардың бойында тек қана білімдік сапасы ғана емес, тәрбиелік сапасы да артады.
...