Жүйке жүйе физиологиясы
Автор: madinna213531 • Март 10, 2023 • Реферат • 1,569 Слов (7 Страниц) • 282 Просмотры
Жүйке жүйе физиологиясы
Тақырыбы: Жүйке жүйе физиологиясы.
Тiрi организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары(жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады. Бұл кезде ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділік ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызметі атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйелері қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін тітіркендіргіш деп атайды. Олардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай тертке беледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалық тітіркедірніштер деп түрлі механикалық және электірлік әсерлерді айтады. Химиялық тітіркедірніштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар т.б жатады.
Физико-химиялық тітіркедірніштерге ерітінділердегі заттардың парциалдық қысымды, осмостық қысымды, иондардың және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарыны әсері жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің әсерін жатқызуға болады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркендіргіш ұлпалар дейді. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіргеніштің әсеріне козумен жауап береді. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электірлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызметі күшейеді.
Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсендейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұна тежелу деп атайды. Тежелу де козу іспетті тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ иежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баялайды, я болмаса мүлде тоқталады.
Тірі ұлпалардың электірлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі- нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста лоардын саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып глиялардын үлесі көбейеді.
Нейронның денесін сома деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері нерв талшықтары шығады.
...