Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мақсатында қайта өңдеу әдістері

Автор:   •  Декабрь 3, 2023  •  Курсовая работа  •  4,599 Слов (19 Страниц)  •  164 Просмотры

Страница 1 из 19

[pic 1]


[pic 2]


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4

1. ҚАЛДЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ…………5

1.1 Қалдықтар туралы жалпы түсінік……………………………………………5

1.2 Қоршаған ортаға қалдықтардың тигізер әсері………………………………6

2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ…………………………………………………..10

2.1 Қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мақсатында қайта өңдеу әдістері……………………………………………………………………...10

2.2 Қалдықтарды қайта өңдеудің Жамбыл облысындағы жағдайы……………14

2.3 Жамбыл облысындағы қалдықтарды жинайтын, қайта өңдейтін кәсіпорындар және қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайтатын ұсыныстар…………………………………………………………………………..16

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………20

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттағы бүкіл әлемді, адамзат қауымын алаңдатып отырған экологиялық мәселелердің бірі қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы болып отыр. Сондықтан қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін бағалау өзекті мәселе болып табылады. Қалдықтар негізінен қоршаған ортаға өнеркәсіп орындарынан және халықтың күнделікті шаруашылық қызметі нәтижесінде түседі. Қалдықтар қоршаған ортаға түсіп қана қоймай, ондағы су көздерін, топырақты, ауаны ластайды және онда тіршілік ететін тірі ағзалардың, өсімдіктердің азайуына немесе жойылуына алып келеді. Сонымен қатар түрлі зиянды, уытты, радиоактивті қалдықтар адам ағзасына да елеулі әсер етіп, түрлі ауруларға шалдықтырады.

Қазіргі кезде қалдықтардың көп бөлігі полигондарда тасталады, көміледі немесе өртеледі. Яғни, бұл тәсілдер экологиялық тұрғыдан тиімсіз болып табылады. Себебі, қалдықтарды өртеген кезде атмосфераға түрлі уытты газдар бөлінеді. Сондықтан қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату ең дұрыс шешім болып табылады. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату арқасында қоршаған ортадағы қалдықтар мен полигондардағы қалдықтардың көлемі біршама азайады.

Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласы жақсы дамымаған. Өйткені біздің елімізде қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар саны аз және зауытты жабдықтауға арналған техникалық қондырғылар жоқ. Яғни, сол техникалық қондырғыларды шет елдерден сатып алуға тура келеді. Негізінен қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын көптеп соғу экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді болып табылады. Экологиялық тиімді жағына келетін болсақ қалдықтардың қоршаған ортаға түсу саны азаяды. Экономикалық тұрғыда қалдықтарды қайта өңдеу кезінде олардан дайын өнім жасап шығарады. Осының арқасында шикізат көзін сатып алуды қажет етпейді. Себебі,қайта өңдеу саласында қалдықтардың өзі шикізат көзі болып табылады. Әлеуметтік жағынан тиімді тұстарына келетін болсақ, қайта өңдеу зауыттарын салу, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Жұмыстың мақсаты: қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалай отырып, қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерлерін азайту мақсатында оларды тиімді түрде қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың перспективалы тұстарын қарастыру.

Жұмыстың міндеттері: қалдықтар туралы жалпы түсінікті қарастыру; қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін талдау; қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың әдістерін қарастыру; қалдықтарды қайта өңдеу жағдайын аймақ деңгейінде талдау; аймақтағы қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қарастыру; қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайтатын шараларды қарастыру.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс 20 беттен, мазмұны, кіріспе, 2 тараудан, 2 кестеден, қорытынды, 9 әдебиет көзінен тұрады.


1 ҚАЛДЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

1.1 Қалдықтар туралы жалпы түсінік

Жалпы қалдықтар деп регенерация процесінде немесе шаруашылықтың басқа да салаларында, шикізат ретінде іс жүзінде немесе потенциалды түрде қолданылатын және өзінің пайда болу орнында тікелей пайдаланылмайтын өнеркәсіпте, көлікте, тұрмыста адамның іс-әрекетінен шыққан өнімдерді айтады.

Қалдықтар ‒ өндірісте пайда болған және келесіде қолданылмайтын құрамы мен физикалық-химиялық  қасиеттері бойынша әр түрлі материалдар мен шикізаттардың қалдықтары. Қалдықтарға адам өмірінде түзілетін тұрмыстық тастандыларды да жатқызуға болады[1].

...

Скачать:   txt (68.7 Kb)   pdf (544 Kb)   docx (261.1 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club