Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңаны түсінген, ескіні қастерлеген адам ұстаз бола алады

Автор:   •  Апрель 11, 2023  •  Эссе  •  338 Слов (2 Страниц)  •  419 Просмотры

Страница 1 из 2

«Жаңаны түсінген, ескіні қастерлеген адам ұстаз бола алады...»

Ұстаз - ұлы есім. Ұстаз - болашаққа жетелетін адам деп санасақ та болады. Себебі барлық білім мен тәрбие ұстаздан бастау алады. “Ақын да, ғалым да ұстазсыз болмайды” деп бекер айтылмаған. Жыл өткен сайын көптеген өзгерістер болып жатады. Білім саласы да заманға сәйкес қарқынмен дамып келе жатыр. Сондықтан қазіргі таңда ұстаз алдында үлкен міндет тұр - ол жастарға саналы білім беру. Сол себепті ұстаз жан-жақты болуы қажет. Балаға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оқушының қыр-сырын аша алатын маман болуы керек. Ұстаз ғылым дамыған сайын бірге дамуы тиіс. Озық технология, түрлі әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруі керек. Заман талабына сай дамып отыруы қажет. Қазіргі таңда қоғам өте қатты өзгерген. Сол себепті ұстаз да өзгерген қоғамның адамдарын түсіне білуі қажет. Бірақ та өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтап қалуымыз қажет. Оқушыларға Отанды қорғауға, ата-ананы сыйлап, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету керектігін үйретіп отыруымыз керек. Сол кезде ғана ұлттық болмысымызды сақтай отырып жаңа заманның білімді ұрпағын тәрбиелей аламыз. Егер де жаңа заман, жаңа қоғам деп сол қоғаммен бірге ілесіп қана жүре берсек тәрбие қайда қалмақ. Оқушыларымыздың тәрбиесі не болмақ.  Бірін-бірі сыйламайтын, дөрекі, былапыт сөздерді қолданатын ұрпақты білімді деп айтуға бола ма. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбиемізді ұмытпауымыз керек. Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып батыр, батыл азамат тәрбиелеуге болады. Қыздарымызды имандылыққа, имабаттылыққа тәрбиелесек  өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беретін болашақ аналарымыз емес пе. Қазіргі кезде білім жүйесінде ұлттық тәрбие жан-жақты жүзеге асылырып жатыр. “Аналар мектебі, ”Әкелер мектебі" қарқынды дамыса заманмен бірге ілесіп Жаңа Қазақстанды бірге дамытатынымыз сөзсіз. Осы тұрғыдан ұстаз алдында үлкен міндет тұр. Сол себепті ұстаз жан-жақты болуы керек. Білім беруде жаңашылдықты үйреніп сапалы білім беріп қана қоймай, ата-бабамыздың өсиет етіп қалтырып кеткен ұлттық тәрбиемізді болашақ ұрпақтың санасына құюы қажет. Ұстаз заманмен ілесіп жүруі қажет. Қазіргі жастардың не қалайтынын, неге қызығушылықтары бар екенін білуі керек. Сол қызығушылқтан туындаған сұраныстарына сай білім беруі керек. Технология дамыған заманда сабақты жаңаша түрде жүргізе білуі қажет.. Жаңашылдық пен тәрбиені қатар ала отырып, білім нәрімен сусындай білген, жаңаны түсініп, ескіні қастарлеген адам ұстаз бола алады деп ойлаймын. 

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (53.9 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club