Ата-аналардың бала өміріндегі рөлі
Автор: onl_752349 • Май 4, 2025 • Реферат • 390 Слов (2 Страниц) • 146 Просмотры
Ата-аналар жиналысының жоспары
Тақырыбы: Ата-аналардың бала өміріндегі рөлі
Мақсаты:
- Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктерін дамыту
- Ата-аналардың білімін көтеру
- Отбасы құндылықтарын дұрыс бағалауға көмектесу
Жиналыстың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі (5-10 минут)
Қатысушылармен көңілді амандасу (смайликтерді тақтадан шығару арқылы)
Ата-аналармен жағымды атмосфера қалыптастыру.Музыкамен допты бір-біріне бере отырып жағымды тілек айтады.
Топқа бөлу:Шарларды жару арқылы ішінен шыққан түрлі-түсті қағаздар бойынша топқа бөлінеді.
2. Кіріспе сөз (10 минут)
Жиналыстың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
3. Негізгі бөлім (40-50 минут)
Презентация: "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны" тақтадан көру Топтық жұмыс:
- "Жақсы ата-ана қандай?" (постер қорғайды)
Ойындар
- «Ыстық орындық» әдісі арқылы ата-аналарға сұрақтар қою.
- «Балаңызды танисызба?» ойыны. Ата-аналарға балаларының қолын бастырып тілек жазып қиып алған жұмыстарын ұсынылады.Әр ата-ана өз баласы жасаған жұмысын дұрыс табуы тиіс.
- "Ситуациялық сұрақтар" (әртүрлі қиын жағдайлар беріліп, оны шешу жолдарын талқылау)
Баланың мектептегі үлгерімі
Балаңыз соңғы кезде сабағына немқұрайлы қарай бастады. Мұғалімдер оның сабаққа дайындықсыз келетінін айтып шағымданды. Сіз не істейсіз?
Баланың тәртібі
Балаңыз мектепте бір сыныптасымен жанжалдасып, мұғалім оны шақырып, тәртібі туралы айтты. Бірақ балаңыз кінәсін мойындамайды. Қандай шешім қабылдайсыз?
Ата-аналар арасындағы қарым-қатынас
Сіз балаңыздың көзінше басқа ата-анамен немесе мұғаліммен сөзге келіп қалдыңыз. Бұл жағдай балаға қалай әсер етеді? Не істеу керек?
Қызығушылық пен талант
Балаңыз өз қалауын айтып, белгілі бір үйірмеге барғысы келмейтінін айтады, бірақ сіз оның қабілеті бар екенін білесіз. Қандай шешім қабылдайсыз?
Бала мен ата-ана арасындағы сенім
Балаңыз сізден бір нәрсені жасырып, өтірік айтқанын білдіңіз. Мұндай жағдайда қалай әрекет етесіз?
Баланың өзіне деген сенімділігі
Балаңыз өзіне сенімсіз, үнемі басқа балалармен өзін салыстырады. Ата-ана ретінде оны қалай қолдайсыз?
Балаңыз дөрекі сөйлесе
Балаңыз ата-анасына немесе үлкендерге дөрекі сөйлеп, қарсы жауап қайтарады. Сіз қандай шара қолданасыз?
...