Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Қыз Жібек» фильміне рецензия жазу

Автор:   •  Октябрь 1, 2022  •  Реферат  •  282 Слов (2 Страниц)  •  301 Просмотры

Страница 1 из 2

          Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

                             СӨЖ

Тақырыбы: «Қыз Жібек »фильміне  рецензия жазу

Пәні: Телерадиожурналистика

Орындаған: 201 топ студенті Бақберген Дилназ

Қабылдаған: Әбдіжәділқызы Жидегүл

Қазақ кинематографиясының классигі "Қыз Жібек" фильмін көріп жанары жасқа толмаған жан жоқ шығар. Бұл кинотуындының жасалуына түрткі болған-Қыз Жібек–лиро-эпостық жыры. Шамамен XVII-ғасырда жазылған. Режиссері Сұлтан-Ахмет Қожықов. Сценарий авторы Ғабит Мүсірепов. Рөлдерде Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов. Толық метражды екі бөлімнен құралған ұзақтығы 145 минутқа шақталған , көркем туындыны 1970 жылы «Қазақфильм» студиясы жасап шығарған. Бұл  фильмнің бір ерекшелігі, ол сонау 17 ші ғасырдан сыр шертетін шығарма желісіне негізделіп түсірілсе де араға ғасырлар салып 1970 жылы көрерменді дәл сол ғасыр ширегіне апара алуы. Актерлардың қазақы болмысты , сол заманның иісін көрсете алуы үлкен шеберлік. Туындыны тамашалап отырып адамға  «Қыз Жібек» заманына барып келгендей, көзбен көргендей етіп сезіндіре алу, актерлік шеберлік пен киім стилін ұштастыра білу нағыз таланттың көрінісі. Сондықтан да болар қазақ халқы Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбековты әлі күнге дейін «Қыз Жібек пен Төлеген» образында таниды. Қыздың адал махаббат үшін әке батасынан аттап кеткен кездегі эмоция, Төлеген мен Бекежан арасындағы махаббат үшін қанды шайқасты дәлме-дәл бере алуы актерлардың өз жұмысына берілгендігінен деп ойлаймын. Бұл кинотуындының түсіру идеясы мынада секілді:жыр-дастандармен көрермендерді хабардар ету .Себебі «Қыз Жібекті » көрмеген қазақ жоқ , ата-әжемізден бастап бүгінге дейін көрермендер ықыласына бөленіп келеді. Сондықтан да біз оны өлмейтін кинотуындылар қатарына жатқызамыз. Ал лиро-эпостық жырды оқығандар мен ол туралы бұрын-соңды естігендер қарасы аз болуы мүмкін. Менің ойымша фильмді жасаушылар болашақ келер ұрпаққа ата-ана батасының мәнін, махаббат үшін күрес, намыс пен махаббат үштігінің қатерін түсіндіргісі келгендей. 

...

Скачать:   txt (3.7 Kb)   pdf (155.7 Kb)   docx (107.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club