Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

"Паразиты" фильміне рецензия

Автор:   •  Март 24, 2023  •  Практическая работа  •  330 Слов (2 Страниц)  •  393 Просмотры

Страница 1 из 2

"Паразиты" фильміне рецензия. 

Фильм бір көргеннен адамға бірталай ой түйгізері анық. Фильмнің басты мақсаты бай мен кедейдің айырмашылығын бөліп көрсету болған. Атауының өзі ерекше қойылған,паразит деген бір естігеннен құлаққа ерсі болады бірақ фильмді көрмей атауына еш сын айта алмаймыз. Мен басында фильмнің атауына қарап басқаша сюжетегі фильм деп ойладым бірақ режиссер фильмнің атауын дәл қойған. Сюжетіне келсек күндерін зорға көріп жүрген кедейлер отбасынан басталады,олар Әкесі,Шешесі және бір ұлы мен қызы, олардың біріндеде жұмыс болмайды бәрі жоғарғы білімдері жоқ адамдар тек пицца қораптарын жасаумен айналысып жүреді ол жұмыстанда шығып кетеді,бірақ бұл отбасы өздерінші бақытты еді,кейін Ұл өзінің досының жұмысына кіреді яғни досы байлар отбасында оқытушы болатын. Осылайша ұл байлар отбасына жұмысқа кіреді кейін ол өзінің барлық отбасын біртіндеп жұмысқа кіргізе бастайды жаңағы байлар отбасына. Қарап тұрсақ шынымен кедейлер құдды бір таракандар секілді олар біртіндеп біртіндеп,көбейіп байлардың үйіне кіріп алады, олардың ақшасын алады. Бірақ оларда бұл жұмысқа әдейі емес мұқтаждықпен кірді десек дұрыс болар оларда жақсы өмір сүргісі келді. Жалпы бұл фильм 4-бірдей оскарды иеленген. Негізі сюжет аса күрделі емес қарапайым ғана бай мен кедейлерді суреттеген. Фильмде детективті жайттар өте көп, драма да,триллер де емес. Бірақ кинодан аларымыз өте көп.
Осы фильмде кедейлердің сондай айлакерлігі десекте немесе өздеріне тән пысықтығы десекте болады сол арқылы бай отбасыны өз сөздеріне сендеріп оп оңай жұмысқа кіріп кетті.
Бай мен кедейдің айырмашылығы,өмір сүру үшін адамның қандай әрекеттерге баратыны көрсетіліп,тіпті жақсы өмір,тазалық,жайлылық пен өмірдің ләззаты тек байларға арналғандай суреттеледі.Фильмде бай мен кедейді бөліп көрсететін жерлер айрықша көрсетілген. Мәселен фильмге аса назар аударсақ кедейлердің үйіне  төменге қарай түсіп, байлардың баспалдақ арқылы жоғары көтерілгенін қарасақ,кедейлер қанша ұмтылған мен жоғарыға көтеріле алмайтынын байқауға болады,сондай ақ кедейлер мен байлар арасын фильмде дуалдармен немесе әртүрлі қырлармер бөліп ақ сызықтың өтіп жатқанын байқасақ бәрібір өмірде кедей мен байдың айырмашылығы үлкен екенін байқаймыз. Жалпы фильмде әр кадрдың өзіндік мағынасы бар болып түсірілген. Фильм өте әсерлі десек болады мен үшін фильм шытырманға толлы болды. Фильмнен көп нәрсе алдым,әр түрлі эмоция болды,әр көрерменге фильм жоғары деңгейде ұнады деген сенімдемін және міндетті түрде көруге кеңес беремін.

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (40.3 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club