Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қорқыт атаның ғибратқа толы нақыл сөздері

Автор:   •  Март 24, 2021  •  Реферат  •  1,275 Слов (6 Страниц)  •  1,140 Просмотры

Страница 1 из 6

Қорқыт атаның ғибратқа толы нақыл сөздері - бізге қалдырылған ең асыл қазыналардың бірі. Оның нақыл сөздері өз заманында маңызды рөл атқаруымен қатар, адамдардың есінде айрықша сақталып, күнделікті тұрмыста қолдану арқылы күні бүгінге дейін жетіп отыр. Қорқыт атамыздың нақыл сөздері тек бір бағытта, бір тақырыпты ғана қамтымай, мазмұны, тақырыбы жағынан да аумағы кең болып келеді. Әр нақыл сөзін оқу арқылы ерекше ой түюге болады. Қазіргі кезде Қорқыт атаның нақыл сөздері халық даналығы шоғырланған мақал-мәтел, қанатты сөз ретінде қабылданады. Олардың арасында талай ғасырлар мен сан жылдар өтсе де, көтерген мәселелері мен мазмұндары жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Қанатты сөздер мен нақыл сөздерді әр қилы заманда, әр түрлі адамдар шығарса да, олардың барлығының мақсаты - халыққа өсиет-өнегені насихаттау болғаны анық.

Ендігі кезекте, Қорқыт атаның нақыл сөздерінің қазақ мақал-мәтелдеріне мазмұны мен тақырыбына қарай ұқсастығын қарастырып көрейік.

1)Қорқыт атаның ана туралы нақыл сөздерін қазақтың мына бір мақал-мәтелдерімен сабақтастырдым:

1.Ана-ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы- Ана-барлық көркемділіктің үлгісі.

2.Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман- Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар.

3.Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас-Әкесіне қарап ұлын, анасына қарап қызын таны.

4.Ананың көңілі балада болар- Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда.

5.Ақ сүтін тоя емізсе, ана көрікті- Мейрімі мол ананың-жүрегі жылы, қолы кең, ең пейілді атаның-жүзі жылы, жолы кең.

2)Тәлім-тәрбиеге байланысты Қорқыт атаның қанатты сөздерінің қазіргі мақал-мәтелдермен ұқсастығы: 1.Қыз ақылды

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (37.4 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club