Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
Автор: Madinnnna • Октябрь 9, 2018 • Реферат • 2,379 Слов (10 Страниц) • 1,914 Просмотры
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 10 қорық ,11 ұлттық саябақ,4 резерват,3 қаумал,5 қорық аймағы , республикалық дәрежедегі 53 табиғат ескерткіші, 5 ботаникалық бақ және 3 зоопарк жұмыс істейді.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.
Қазақстандағы қорықтар тізімі:
1.Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы.
2.Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.
3.Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы .
4.Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы.
5.Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы.
6.Маркакөл мемлекеттік табиғи қорығы .
7.Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы.
8.Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы .
9.Алакөл табиғи мемлекеттік қорығы.
10.Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы.
1.Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы (Халықаралық табиғат қорғау Одағының 1а категориялы қатаң табиғи резерваты).Оңтүстік Қазақстан (Түлкібас Төле би және Бәйдібек аудандары) және Жамбыл облыстары көлемінде (Жуалы ауданы). Қырғыстанмен және Өзбекстанмен шекаралас 131 934 га аумақты алып жатыр. Қорықтың негізгі бөлігі Талас Алатауының батыс бөлігі мен Өгем жоталарының шеткі солтүстік-шығыс бөліктерінде теңіз деңгейінен 1100-4200 м биіктікте жатыр.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы Орта Азия мен Қазақстандағы алғашқы ашылған қорықтардың бірі. Қорықты құрудың бастамасын 1920 жылы Ақсу мен Жабағылы өзендерінің жоғарғы ағысында болған белгілі гидробиолог А.Л.Бродский көтерді .Екі жылдан соң бұл жерде Ташкент университетінің бір топ белгілі ғалымдары Д.Н.Қашқаров, Е.П.Коровин, М. В.Культиасов, М.Г.Попов және Н.А.Димо. Олар қорық ретінде бұл жер учаскесінің маңызды екенін растады.Қазақстан Республикасының Совнаркомы 1926 жылы 14 маусымда Ақсу-Жабағылы қорығын құру туралы арнайы қаулы шығарып, мұны 1927 жылы 27 мамырда Ресей Федерациясы Совнаркомы бекітті.
Қорықтың құрылуы,ондағы алғашқы жұмыстар Б.П.Тризна 1867-1938 жж есімімнен тығыз байланысты.Қорық көлемі алғашында 30 мың гектарға ,1937 жылдан 69 825 гектарға дейін жетті.
Қорықтың әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан 70 шақырым, Түлкібас темір жол станциясынан 18 шақырым жердегі Жабағылы ауылында орналасқан.
Қорықтың негізгі өзендері-(Жабағалы, Ақсу,Балдабірек, Бала Балдабірек) батысқа қарай ағады. Өзен аңғарларда шатқалдар бар. Ақсу өзеніндегі шатқалдың тереңдігі 300-500 метр, ұзындығы 10-12 шақырымға жетеді.
Ақсу- Жабағылы қорғының флорасы. Басқа қорықтарға
...