Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат
Автор: Назерке Абдугаппарова • Сентябрь 17, 2019 • Реферат • 324 Слов (2 Страниц) • 1,462 Просмотры
Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат
Аңыз бен шындық екеуі ағайынды. Баста туған шындық ондаған жылдар мен ғасырлар өте аңызға айналған. Ол да сақтаушысы, іздеушісі келіспесе дақпырт болып қала бермек. Осындай жағдайда біздің ата-бабамыздың әлімсақтан келе жатқан ғұмырнамасында өлген мұрасы тіріліп, кейде ұмытылып отырған.
Қазірде ел арасында әртүрлі дақпырт көбейіп кетті. Бұл біздің егемендігіміздің сәбилік демократиясының көрінісі. Оның үлкен бір мысалы Деде Қорқыт бабаның төңірегінде болып отыр. «Сыр бойы» үнқағазында «Даңқты бабамыз Қорқыт есімі аңызға айналуы тегіннен-тегін емес. Әңгіме тарих сахнасына шыққан тұлғаны өмірде болған, болмаған деп екі ұдай пікір таласына барған ғылымдардың тұжырымына тіреліп отырған жоқ. Бастысы иісі қазақтың, барша түркі тілдес халықтардың ортақ мақтанышына айналуы дер едік» - деп жамағат үшін айтылған пікірдің де, («Сыр бойы» газеті, 30.09.97 ж.) зерттеушіні толғандырары сөзсіз.
Қорқыт жайлы ілімдік мұраларды Кеңес дәуірінде зерттеушілер бірқыдыру түйіндеген. Ең кейінгісінде алымды ғалым, терең зерттеуші Әуелбек Қоңыратбаевтың білімдарлық тұжырымына уәж ету қажет. Соның нәтижесінде, Сыр бойында тараған дақпырт көпшілік арасында шындыққа саяды ма деген ойдамыз.
Қорқытты Сыр бойына танытқан ғұлама Ә.Қоңыратбаев. Ол академик болмаған, ғылыми дәрежеде қумаған. Ғалым Қорқыт мұраларын түпнұсқасымен танысып 10-15 жылда еңбектеніп аударған. Ал, Дрезден (Берлин) және Ватикан (Рим) жыр нұсқаларына Диц, Бабингер сияқты неміс ғалымдарының тісі батпағанда, Қызылордалық жергілікті зерттеушілер, бұл тақырыпты бірер жылда біраз жерге дейін апарып тастайтын қайрат көрсетіп отыр.
...