Қол жетті міне аңсаған күнге
Автор: Орнтай Баянбекова • Март 24, 2021 • Доклад • 334 Слов (2 Страниц) • 392 Просмотры
Қол жетті міне аңсаған күнге
Алаш баласының ең асқақ, ғасырлап күткен аңсары мен арманы орындалып бүгін қазақ ұрпағы тәуелсіздіктің туын тікті. Азаттық таңымен бірге Қазақ елі тәуелсіз елдермен терезесі тең болар жаңа дәуірге қадам басты, өркениет өрісіне егемен мемлекет болып енді.
Дегенменде бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді. Оны аяп бізге ешкім бермеді. Сонау ықылым заманнан бері, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ел үшін, кең байтақ жер үшін төрелік айта білген шешендер мен билеріміздің арманымен, қасық қаны тамғанша соғыста жанын қиған, елім деп еңіреген ер азаматтармыздың намысымен, ұлым, жарым деп зар жылаған аналарымыздың көз жасымен, жетімсіреп жан-жағына мөлдіреп ата-ансын іздеген баланың іңгәсімен, батырларымыздың қазақ деп соққан жұдырықтай жүрегінің қағысымен, ерен еңбектерімен жете алмаған тәуелсіздіктің таңын, Желтоқсандықтар өздерінің қыстың қатты қақаған аязына қарамай ел намысы үшін жандарын құбандыққы қиып алыстан аңсап жете алмаған ата-бабалар арманын, аңсаған күндерін дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш етіп, бостандықтың, егемендіктің, тәуелсіздіктің таңын аттырып, қол жеткізді.
Сан ғасырлар бойы небір қасіретті бастан кешсе де, «мың өліп, мың тірілсе де» моймаған қазақ халқы ұрпағының бас бостандығы, тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлт өкілдерінен құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Сонымен қатар еліміз жас сәби сияты тәй-тәй басып келеді. Биылғы жылы аңсап жеткен Тәуелсіздігімізге 25 жыл толмақ. Дегенменде 25 жыл ішінде жасалған игі істердің барлығы ауыз толтырып айтарлықтай. Көз көрерлік мақтанышымыз.
...