Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алкоголизм және оның дені сау тұлғаның дамуына әсері

Автор:   •  Сентябрь 8, 2020  •  Реферат  •  1,906 Слов (8 Страниц)  •  435 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық

университеті

«Денешынықтыру» кафедрасы

    Баяндама

Тақырыбы: «Алкоголизм және оның дені сау тұлғаның                       дамуына әсері»

                                                                     

                                                          Орындаған:

                                                          МО-19-1К қаз тобының студенті

                                                          Уразимбетов Б.Б.

                                                          Тексерген: Гаак А.Ю.

         Алкоголизм және оның дені сау тұлғаның  дамуына әсері

Алғаш рет «Алкоголизм» термині 1849 жылы швед ғалымы М.Гусспен қолданылды. Маскүнемдік – алкоголизмді тудырады, бірақ ауру емес. Скандинавтық ғалым Ханс Олаф Фекьяердің айтуынша алкоголизм мен нашақорлық физикалық емес, адам психикасының ерекшелігі.

Бәрімізде сұхбаттасуға мұқтажбыз, бірақ адамдар достарымен әңгімелесу үшін кездесетінін мойындағысы кемейді. Кездесудің ең ыңғайлы желеу: кофе, сыра немесе арақ ішуге шақырады. Алкоголь немесе наша бұл сенімді алиби. Адам мінез-құлқының универсалды механизмі: ақталу, өзінің абырой-беделін сақтап қалу. Өздерінің қажеттіліктері мен сәтсіздіктерін жағдайларға аудара салады: шаршау, ауру, білімнің жетімсіздігі, жастық немесе кәрілік. Алайда, мұндай «кешірімді» жағдайлар әркезде де қан астында болмайды. Ал наша немесе алкогольді мастыққа аудару ең оңай болып табылады.

«Мен нашар билеймін, сондықтан, би кешіне алдын ішкілік ішемін». Бұл сөз парадоксальды, себебі алкоголь шын мәнінде координацияны бұзады. Неліктен, өмірде жолы болмаған, өздерінің арман-мақсаттарына жетпегендер ішкілік пен нашаға бейім болады? Себебі мастық оларға өздерінің жоғары потенциалының иллюзиясын береді. Адам сенімді: ол көп нәрсеге қол жеткізуге болатын еді, егер де ішкілік болмағанда. Бірақ бұл жаман әдеттен арыла алмайды: себебі ол жағдайда өзінің сәтсіздіктерін өзінің жеке басының кемеліне жетпегендігімен түсіндіруге тура келеді. Алкоголь немесе наша нәтижесі мол психологиялық қорған ретінде көрінеді.

Мастар мен нашақорлар жайлы: олар өздерінің не істеп жатқандарына жауап бере алмайды. Айналадағылар маскүнемдер мен нашақорларды олардың «кайфпен» жүргендерін емес сол мас ететін затарды қабылдауын сынға алады: «Сен онаша қабылдауыңды доғаруың қажет», «Мұншалықты көп ішпе!». Егерде әйелін сау еркек ұратын болса, оны нақұрыс деп атайды, егер де үй шаруасындағы міндеттеріне неқұрайлы қарайтын болса, масыл дейді. Дегенмен, егерде күйеуі өзін дәл осылай ішіп алыпұстаса, әйелі айтады: «Жалпы алғанда ол жаман адам емес, көп ішкені болмаса». Күйеуі кінәні сезімнен арылады, оған ұят емес кінәлі ішкілік. Кейбір адамдар ішімдік немесе наша көңіл-күйге жақсы әсер етеді деп ойлайды. Бірақ фактілерге сүйенсек, бұл жерде өзін-өзі сендіру эффектісі жұмыс істейді. «Жасөспірімдердің арасында «рахаттану» кең тараған, яғни түрлі лактар мен бояуларды иіскеу. Дегенмен, «кәсіби токсикомандар» бояушылар ешқандай рахат алмайды. Бұл мысалда күту эффекті айқын көрінеді: егер де адам «рахатты» күтсе ақыр соңында ол оған келеді. Жұмысшылар «рахатты» күтпейді. Ішімдік пен нашаны алғаш рет қабылдағандар жағымсыз әсерлерді бастан кешіреді: бас айналу, бас ауыру, лоқсу. Екінші қабылдағанда, кейіннен сол заттарды үнемі қабылдағанда, жанындағы тәжірибесі молырақ әріптестеріне қарап осы жолға түскен адам нашақорлықтың эффектілерін жақсы қырларын көруге, сезінуге тырысады. Ханс Олаф Фекьяр айтады: адамға түсіндіру қажет, жақсы жұмыс жасау қажет, сәтсіздіктерінің болуының себебін жақын туыстарынан іздемеу керек. Ол адам барлық күш-жігерін өзінің жеке психикасының кемеліне жеткізуге жұмсауы керек. Нашақорлықтың пайда болуы және қалыптасуы бас миының позитивті эмоционалды центрлеріне нашаның әсерінен байланысты. Өз кезегінде эмоционалды қозғалыстар нашаның әсерімен байланысты «рефлекс мақсатын» қалыптастырады. Әрбір жаңа қуаттандырумен қалыптасатын патологиялық функционалды жүйе барған сайын қатая береді және патологиялық жағдайдың тұрақты дамуына алып келеді

...

Скачать:   txt (24.2 Kb)   pdf (96.5 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club