Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туған жерге сағыныш

Автор:   •  Ноябрь 5, 2018  •  Реферат  •  286 Слов (2 Страниц)  •  6,451 Просмотры

Страница 1 из 2

[pic 1]

Туған жерге сағыныш

    Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Себебі әрбір адам баласының туған жері, өскен елі болады. Сонда өткізген балдай тәтті балалық шағы, қайталанбас қызықты сәттері, жүрегіңді еріксіз тербеп сағыныш жасына айналдырады.  

    Туған жерін аңсамайтын адам болмас. Әркімнің    еліне деген махаббаты ереше сезім, шегіне жетіп болмайтын  сағыныш. Алғаш шыр етіп дүние есігін ашқаннан, жер сыпыра еңбектегені, тәй-тәй басып жүргені, былдырап сөйлегені, мектеп табалдырығын аттап, оң мен солын танып, білім алар кезеңдері міне, осының барлығы туған жердің төсінде болар қайталанбас сезім шыңы.

    Туған жерім Қызбел ауылымның  әсем табиғаты сылдырап аққан қоңыраулы өзені, алыстан көз тартып тұрар жұмбағы мол қызбел тауы, кең даласы, жусаны мен қызылды-жасылды түрлі – түсті гүлдері міне, осының барлығы есіңнен кетпес қайта оралмас қызықты сәттер. Көз жасына айналар  сағыныш. Сағынышым табиғатымен ғана шектелмейді балғын балалық шағымды сағынамын,  аға-тәтелерімді, жеңгемді, анамды сағынамын,  бәрінен  де өзіме ыстық, жанымнан артық жақсы көрер жанашырым асыл әжеме деген сағынышым жүрек дертім. Туған жердің топырағына айналған әжем кей кездері мені алыстан қол бұлғап шақырып тұратындай.

    Бүгінде мен  туған жердің, елдің маған атар үмітін ақтауға, еліме адал қызмет атқаруға қанатымды қатайтып, алысқы ұшып аңсаған армандарыма жетем ба деген үлкен мақсатпен, өзім таңдаған мамандық бойынша Мендіқара ауданынын Қасқат ауылының Ломоносов орта мектебінде жұмыс атқарудамын. Жұмысыма деген ықыласым ерекше. Дегенмен менің туған жеріме деген сағынышым шексіз, ғажайып бір жұмбағы мол құбылыс.

   Дүние есігін ашқан әрбір адам баласының сағыныш сезімі, туған жеріне деген ыстық ықыласы, өне бойындағы естен кетпес қызықты сәттерімен – қайталанбас асыл қазынасы деп білемін.

...

Скачать:   txt (3.5 Kb)   pdf (79.1 Kb)   docx (35.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club