Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ энциклопедиясы

Автор:   •  Март 15, 2023  •  Лекция  •  1,349 Слов (6 Страниц)  •  161 Просмотры

Страница 1 из 6

                                       Орындаған: Мұқашева Қуаныш Маратқызы

                                                                                  «Тұран-Астана» университетінің

                                                                           МН-КЯЛ-22-1-тобының магистранты

«Айқап» Құрастырушылар Ү.Суханбердина, С.Дәуітов

«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы Алматы, 1995ж

 1917 жылға дейін қазақ жерінде бірнеше газет-журналдар шыққаны мәлім. Солардың бірі қазақ елінің экономикасы мен саяси жағдайы, тарихы, мәдениеті оқу-ағарту ісі, тіл мен әдебиеті хақында келелі сөз қозғаған, шығармаларының денін ғылыми әрі көркем туынды түрінде жарияланған «Айқап» журналы еді.

Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, ғалымдар Ү.Субханбердина мен С.Дәуітовтың құрастыруымен осы «Айқап» жураналындағы материалдарды өз алдына кітап етіп шығарып отыр. Ерте туып, кеш қалған, қап әттеген-ай, «әй,қап» (Айқап) деп сан соққан заманда, хат білген қазақ атаулының сырласы, ақылшысы болған «Айқап» бетінде жарияланған, кейін ұмытылып, енді ғана өз жұртымен қайта қауышқан А.Байтұрсынұлы,М.Жұмабаев, М.Дулатовтың алғашқы шығармалары да осында. Бір ерекшелігі мұнда басқа да көптеген танымдық материалдар мен қоса қазақ шежіресі, яғни қазақтың шыққан тегі жайындағы деректер де жарық көрген болатын.

1911-1915 жылдар аралығында 88 саны ғана жарық көрген. «Айқаптың» бетінен көне жыр-дастандар мен ертегі, жұмбақтарды, қазақ хандарының өмірі туралы деректі мақалаларды, халық әдет-ғұрпын баяндайтын небір қызықты мағлұматтар берілген.

ISBN 5-89800-051-8

Кітап 364 беттен тұрады. Кітап мазмұнына шолу жасасақ келесідей ретпен берілген.

Қазақ баспасөзі тарихынан 5

1911ж 46

1 912ж 93

1913ж 130

1914ж 175

1915ж 239

«Айқап» журналының белгілі авторлары 295

«Айқап» журанылына басылған мақалалар мен хат-хабарлардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші 303

Автордың алфавиттік көрсеткіші 364

Қазақ баспасөзі тарихынан

«Түркістан уалаятының» газеті, «Дала уалаятының» газеті, «Серке» (1907), «Қазақ» газеті (1907), «Қазақстан» газеті (1911-1913), «Қазақ» газетінің қайта оралуы, «Айқап» жураналдарына шолу жасалған. Журналдардың шығу таихы, басылымда қызмет еткен тұлғалар, жарияланған мақалалар жөнінде сөз қозғалған.

                                                         «Айқап» журналы

20-ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың январынан бастап, 1915 жылдың сентябрь айына дейін Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап журналы халқымыздың әлеуметтік саяси өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды. Араб әрпімен теріліп, басында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрған бұл журналдың нақты деректерін былайша сипаттауға болады:

1911 ж NN 1-12 янв. – дек.

1912 ж NN 1-14 янв. – дек.

1913 ж NN 1-24 янв. – дек.

1914 ж NN 1-24 янв. – дек.

1915 ж NN 1-14 янв. – дек.

Ғабдолғазиз Мұсағалиев (1880-1933) журналдың 1912 жылғы 4-санында жарияланған «Айқапты үлкейту хақында» деген мақаласында осы басылымды бір мың оқушының алып тұрартынын жазған еді. Бағасы 9  сомдық журналға мемлекет тарапынан ешқандай көмектің болмағандығынан ол оқушылардың өз күшімен жарық көрді. Қаржының жеткіліктсіз болғандықтан журнал бетінде халыққа арналып жарияланған мақалалардан айқын көруге болады. Журнылдың шығарушысы да, редакторы да белгілі жазушы М.Сералин болды.

«Айқап» журналының шығуы, редакторы жайында Ленинградтағы  Орталық мемлекеттік таих архивінде мынандай деректер сақталған: Орынбор губерниясының Троицк қаласында шығатын қазақ журналы 1910 жылы 18 январьда берілген куәлік бойынша Қостанай облысы, Шұбар болысының №5 ауылының қазағы М.Сералиннің редакторлығымен және жауапкершілігімен «Айқап» атты журналы төменгі программамен шығуғы рұқсат берді:

  1. Бас мақала.
  2. Шет ел хабарлары.
  3. Мұсылман өмірінен мәселелер.
  4. Фельетондар мен өлеңдер.
  5. Библиография және ғылыми мақалалар.
  6. Әртүрлі хабаралар мен редакцияға хат.

Профессор Б.Кенжебаев «Айқап» журналының бетінде шыққан материалдарды тақырып, мазмұн жағынан былайша бөлімдерге бөлген:

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (103.2 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club