Қ.Жұбанов буын жайында
Автор: ardak69 • Сентябрь 3, 2025 • Лекция • 915 Слов (4 Страниц) • 2,026 Просмотры
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ - БУЫН ЖАЙЫНДА
Жоспар:
1.Кіріспе. Қ.Жұбанов- тілші ғалым.
2.Қ.Жұбановтың буын туралы зерттеулері
3.Қорытынды
Жобаның мақсаты: Құдайберген Жұбановтың қазақ тілін оқыту мәселелеріне де назар аударған тілші – ғалым екенін назарда ұстай отырып, оның қазақ тілінің буын құрлысын зерттеген ғалым екенін дәлелдер келтіре қарастыру.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры , түркітанушы, педагог, әдіскер, ғалым екені мәлім. Мол білімі бар дарынды филолог қазақ тілбілімі ғылымы туралы зерттеулер жасап қана қойған жоқ, оны мектептерде оқытудың практикалық мәселелерімен де айналысты. Ол қазақ тілінің терминдерін қалыпқа келтіре отырып, қазақ тіліндегі оқулықтардың дұрыс шығуын бақылап, мұғалімдерге орта мектепте оқылатын қазақ грамматикасын да назарда ұстады.
Ана тілінің жай-жапсарын жақсы білген Құдайберген Жұбанов ана тілінің өзіндік үлгісі мен жүйесін, ерекшеліктерін ескере отырып қазақ тілі грамматикасын жазуды мақсат етеді. Сондықтан лингвистика саласында буынға қатысты да келелі пікір айтқан, буын мәселесін өзінше саралаған алғашқы ғалымдардың бірі болды.
Буын туралы алғаш сөз қозғап, оның дыбыстық құрамы, байланысы, түрлері туралы зерттеу еңбек дасаған А.Байтұрсынов болды. Ол 1914 ж жазылған «Тіл құрал» еңбегінде буынның екі түрі (ашық, бітеу), ал 1928 жылы жазған «Тіл жұмсарында» буынның үш түрі (ашық, тұйық, бітеу)түрі бар деп жіктейді. А.Байтұрсыновтың буын туралы берген анықтамасының негізінде зерттеулер жүргізіп, Құдайберген Жұбанов 1966 жылғы «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде буын туралы біраз мәселелерді қозғап оның түрлерін өзінше анықтайды. Ол қазақ тiлiндегi буынның алты түрі бар (ашық, жалаң, ауыр тұйық, ауыр бітеу, жеңіл тұйық, жеңіл бітеу) деп көрсетеді.
Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болды. Қ. Жұбанов буын жайында өзінің 1934 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында жарық көрген «Буын жігін қалай табуга болады?» атты мақаласында: «қазақ тілінің табиғатын дұрыс тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сияқты морфология негізін де ұға алмайсың, буынды білмейінше сөз екпіні, сөз сазы секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, «ажарлап сөйлеу», «әсерлеп оқу» сияқты сабақтарды да дұрыс меңгере алмайсың» деп буынның маңыздылығын айта келе, қазақ тілінің буындарын буын ішіндегі дыбыстар санына қарай, буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне және буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктеді. Тілдегі буындарды құрамындағы дыбыстар санына қарай 4 түрге жіктеді: бір дыбысты буын, екі дыбысты буын, үш дыбьісты буын, төрт дыбысты буын. Сондай-ақ, қазақ тілінде бір буында төрттен артық дыбыс болмайтыны туралы да айтады.Буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктегенде 2 түрлі буын болады: ашық буын, тұйық буын. Буынның аяғы дауысты дыбыспен тынса ашық буын дейміз, аяғы дауыссыз дыбыспен тынса тұйық буын дейміз. Бұлайша топтастыру – алдыңғыға қарағанда дұрысырақ. Себебі, буынның ашық не тұйық екендігін білуімізбен буынның тілдік қасиеттерінің бірқатарын ұғып қаламыз. Сөйтсе де, бұл жеткіліксіз. Бұл таптастыруда мысалы, «аш», «шаш», «шарт» деген 4 түрлі буынды бір қораға қамап, тұйық буын деген бір атпен айтамыз. Буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне қарай таптастырғанда 6 түрлі буын болады:
1.Жалаң буын (тек дауысты)
2. Ашық буын (дауыссыз-дауысты)
3.Жеңіл тұйық буын (дауысты – дауыссыз)
4.Жеңіл бітеу буын (дауыссыз-дауысты-дауысыз)
5.Ауыр тұйық буын (дауысты-созылыңқы дауысты-қатаң дауыссыз)
6.Ауыр бітеу буын (дауыссыз-дауысты-созымды дауыссыз-қатаң дауыссыз).
Жалаң буын жалғыз-ақ дыбыстан жасалады, ол дыбыс та дауысты дыбыс болады. Мысалы, А, неғыл дейсің? О, осының дұрыс! Ә-кел, ұ-зын, ө- ріс деген сөздердегі а, о, ә, ү, ө буындары сияқты.
Ашық буын екі дыбысты болады, алдыңғысы дауыссыз, соңғысы дауысты. Аягы дауыстыға біткендіктен ашық деп те атаймыз. Мысалы, мә!, жә!, те-ре-зе, су-ла-ма дегендегі буындар осы түрге жатады.
...